Байланысты: ÐаÒдаÑÑÑÑÒ ÐµÑепÑÐµÑ I. 1-2 жаÒдаÑÑÑÑÒ ÑапÑÑÑма-emirsaba.org
Аллергиялық аурулардың алдын алу және емдеу принциптері қандай?
1. Ph.G.H.Gell и R.Coombs жіктеулері бойынша аллергиялық серпілістердің иммундық кешенінің ІІІ түрі дамыған.
Жоғары сезімталдықтың дереу дамитын түріне жатады,яғни бірнеше минуттардан соң клиникалық көрінісі байқалады.
2.Аллергиялық реакцияның үшінші түрі қан ағымында иммундық кешендермен тіндердің зақымдалуымен байланысты, G және M класты иммуноглобулиндердің қатысуымен жүреді. Иммундық кешендердің тіндерге зиянды әсері комплемент пен лизосомалық ферменттердің активтенуі арқылы жүреді. Реакцияның бұл түрі экзогендік аллергиялық альвеолит, гломерулонефрит, аллергиялық дерматит, Сарысу ауруы, дәрілік және тамақ аллергиясының жекелеген түрлері, ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі және т. б.
Жүйелік иммунокомплексті жоғары сезімталдық инактивацияның орнына тамырлардың базальды мембранасында бекітіліп, макрофагтар мен нейтрофилдерді шақыратын с-5а және С-3а анафилатоксиндерін қалыптастыру үшін комплементті белсендіру арқылы дамиды.
Нейтрофилдер протеазаларды (катепсиндер, коллагеназдар, эластаздар) бекітілген иммундық кешендерге шығарып,тамыр қабырғасының фибриноидты некрозын тудырады.
Белсендірілген тромбоциттер тромбозды іске қосады, ал тромбоциттердің өсу факторлары фибробласттардың көбеюіне және зақымдалған тамыр қабырғасының склерозына әкеледі.
(Сарысу аллергені ағзаға қайталап түседі- IgG1,IgG3.IgM түзіліп,антиген-антидене иммундық кешен құрылады-иммундық кешен қан ағымына түседі-ұсақ тамырлар бойына орнығады-Антиген-антидене кешені құрылудан бірнеше аллергияның медиаторлары босап шығады. Оларға: лизосомалық ферменттер, гистамин,гепарин,серотонин,простогландиндер,лейкотреиндер,калликреин-кенин,хемотаксистік және тромбоциттердің белсенділігін көтеретін факторлар,және С5а,С3а түзіледі.С3а қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді,ал С5а нейтрофилдерге және макрофагтарға хемотаксистік әсер етеді.Осыдан нейтрофилдер аллерген антидене кешенін фагоциттейді және қан тамырларының өткізгіштігін жоғарлататын лизосомалық ферменттерді,оттегінің бос радикалдарын бөліп шығарады.Бұлар тіндердің ыдырауына,жасуша аралық сұйықта К және Са иондарының мөлшерінің көбеюіне әкеледі,тіндердің жүйелік еттік қозымдылығы көтеріледі.Осыдан протеолиздік ферменттердің әсерленуінен тіндердің және тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарлайды да ісінулер пайда болады)
Артюс феноменінен айырмашылығы, Санарелли мен Шварцман феномендары спецификалық реакциялар емес, өйткені сенсибилизацияланған және шешуші зат антигендік қасиеттерінде бірдей болмауы керек. Бірақ бұл жағдай осы құбылыстардың теориялық және практикалық маңыздылығын төмендетпейді. Артюс феноменының негізгі айырмашылығы-Шварцман феноменінде бізде антиген-антидене реакциясы жоқ, өйткені 24 сағат ішінде антиденелер пайда болмайды.