1. Науқаста қандай типтік патологиялық процесс дамыды? Дәлелді жауап беріңіз.
2. Осы типтік патологиялық процестің этиологиясы қандай? Науқастан алынған сұйықтықтың сипаты қандай – транссудат па немесе экссудат па? Жауабыңызды негіздеңіз. Пунктаттың түрі қандай және оның басқа патологиялық сұйықтықтардан айырмашылығы қандай.
3. Осы типтік патологиялық процесс кезінде жергілікті қан айналымының бұзылуларын атаңыз және сипаттаңыз.
Жауабы:
1.Науқаста қабыну процессі дамыған. Себебі ішперде қуысында сары-жасыл түсті сұйықтықтың яғни іріннің жиналуынан байқасақ болады. Іш қуысындағы қабынулық процестің салдарынан дене температурасы көтеріліп, ауырсыну сезімі пайда болған. Бұл қабынудың жергілікті белгілері болып табылады.
2.Этиологиясы-экзогенді фактор оның ішінде механикалық яғни (травма) соққы болып табылады. Науқастан алынған сұйықтық ол-экссудат,себебі экссудат тек қана қабыну кезінде пайда болады. Яғни экссудат - бұл тамырлы қабырғалардан жарақат алу немесе қабыну салдарынан қоршаған тіндерге ағып кететін сұйықтық болып табылса, ал транссудаттар тамырлар мен капиллярларда жиналып, жоғары гидростатикалық және осмотикалық қысымға байланысты пайда болады. Экссудаттың құрамындағы нәруыздар мен қан жасушалары саны көп, тығыздығы
жоғары болып табылады. Және экссудатта нәруыз мөлшері көп болады.
Экссудаттың тығыздығы 1,015-тен жоғары болады. Ал транссудатта 1,005-1,015 арасында болады. Демек, осы көрсетіштерге қарап науқастан алынған сұйықтықтың экссудат екеніне аңғарамыз.
Пунктаттың түрі-іріңді экссудат. Іріңді экссудаттың басқа экссудаттардан айырмашылығы- құрамында нейтрофилдер мен бүлінген, бүлінбеген жасушалардың, микробтардың көп болуы, түсінің сары-жасыл болуы.Іріңнің құрамында гидролиздік ферменттер көп болғандықтан, зақымданбаған тіндерді де ыдыратып жібереді.
3.Жалпы қабыну жергілікті қан жəне лимфа айналымдарының, əсіресе микроциркуляциялардың бұзылыстарымен сипатталады. Артериялық гиперемия-бұл артериялық қанның қабынған тінге ағып келуін ұлғайтады, бұрын қызмет атқармаған капиллярларды ашып, оларда қан қысымының көбеюіне əкеледі. Осының нəтижесінде қабыну ошағында қызару (rubor) болады жəне зат алмасу үрдістері көтерілуіне байланысты температурасы жоғарылауы (color) байқалады.
Веналық гиперемия мен стаз қабыну медиаторларын қабыну ошағында жинап, жалпы қан айналымға түсірмейді. Егер олар қан айналымға тарап кетсе, онда организмде көптеген патологиялық бұзылыстарға əкелуі мүмкін. Веналық гиперемия мен стаз экссудацияға жəне лейкоциттердің эмиграциясына қолайлы жағдай жасайды.Веналық гиперемия көптеген жайттардың əсерлерімен түсіндіріледі. Оларды үш топқа бөлуге болады. Біріншісін қан, екіншісін тамыр кемерлері, үшіншісін - сыртқы тіндер жайттары құрайды.Қанмен байланысты жайттарға: лейкоциттердің тамыр қабырғаларына шет жағалап орналасуы, эритроциттердің ісінуі жəне агрегациясы, қанның сұйық бөлшегінің қабынған тінге шығуы жəне қан қоюлануы, тромб құрылуы жатады.Тамыр кемерлері факторларының веналық гиперемияға əкелуі эндотелий жасушалары ісінуінің нəтижесінде ұсақ тамырлардың саңылаулары тарылуынан болады.Тіндік жайттар: ісінген тіндердің, жасушааралық сұйықтар веналар мен лимфалық тамырларды қысып қалуынан веналық гиперемия дамиды. Ары қарай стазалды жағдай жəне стаз дамиды.
Тапсырма 2. Науқас П., 52 жаста, өкпенің шеткі сол бөлігінің қатерлі өспесі бойынша операция жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде химиотерапиялық ем қабылдаған. Кейін дәрігер-онкологтың бақылауында болған. Операциядан кейін 3 жылдан соң дәрігердің кезекті қарауында, науқастың сол жақ қолтық асты және бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны анықталды. Лимфа түйіндерге биопсия жасағанда, морфологиялық құрылымы бойынша алынып тасталған өкпенің өспесіне ұқсас қатерлі жасушалар табылды. Тағайындалған химиотерапия нәтижесіз болды.
1.Өспелік құрылым алынып тасталғаннан кейін 3 жылдан соң, лимфалық түйіндерде өспелік жасушалардың болуын қалай түсіндіруге болады? Бұл өспе өсуінің патогенезінің қандай сатысына тән? Осы кезеңді сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |