Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Ерте жастағы балалардағы осы типтік патологиялық процестің ерекшеліктері қандай? Бұлпатологиялықпроцестің организм үшінбиологиялықмаңызықандай?



бет61/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

3. Ерте жастағы балалардағы осы типтік патологиялық процестің ерекшеліктері қандай? Бұлпатологиялықпроцестің организм үшінбиологиялықмаңызықандай?
Қабынудың балалардағы ерекшеліктері: қабыну ошағы пайда болған кезде,иммуногенез ағзалары және барьерлік тіндер жастық анатомиялық,функциональды жетілмеуіне байланысты макроорганизм жергілікті қабыну ошағын жекешелендіре алмай қоздырғыштар және олардың токсиндері қан және лимфа айналымына онай өтіп,қабыну жайылып кетеді.Балаларда қабынулық процесс жүріп жатсада эксудатция процессі жүрмейді.Мысалы,сут тістері тұрақты тіске ауысып жатқанда баланың иммунды және гормоналды жүйелері ауытқып,гиперергиялық қабыну процесстеріне әкеледі.Балаларда тері асты шел май қабатында тамырлар торы көп және базальды мемраны жоқ болғанды қабыну процестері тез дамиды.Сонымен катар жасушалық және гуморальді иммунитет толық жетілмеген.
Қабынудың организм үшін маңызы да бар болып келеді. Мысалы қабынудың организм үшін қорғаныштық қызметі бар. Организм өзіне зиянды әсер ететін заттардан қабыну ошағын оқшаулау арқылы қорғанады.Бұндай әсер зиянды заттарға қарсы күресті бір жерге шоғырландырып,қабыну зардаптарының организмге тарап,шашырап кетуінен қорғайды. Қабыну ошағы өзіндегі барлық заттарды ұстап қана қоймай,қандағы уытты заттарды сорып алады. Бұл қабыну ошағының айналасында өзіне тән бір бағытта ғана өткізетін тосқауылдың қалыптасуынан болады. Сонымен қатар, қабынудың гомеостазды сақтауда да маңызы бар.
Билет № 10


Тапсырма 1.Науқас Л., 38 жаста, инсекті аллергиямен ауырады, қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен ауыр жағдайда әкелінді. Науқастың қасында болған кісінің айтуы бойынша аралар шаққан. Аралар шаққаннан кейін 5 минуттың ішінде науқаста діріл, бірден демігу байқалды, құсу және ұстама басталды, еріксіз зәр шығару байқалды.
Объективті: науқас ес-түссіз, ұстама байқалады, аузынан көбік ағады, терісі және шырышты қабаты көкшіл, тынысы үстіртін, тамыр соғысы жіп тәрізді, артериялық қысымы анықталмайды. Стационарға келіп түскеннен 30 минут өткен соң науқас қайтыс болды.


  1. Ph.G.H.Gell и R.Coombs жіктеулері бойынша науқаста аллергиялық реакцияның қандай түрі дамыды? Бұл аллергиялық реакция жоғары сезімталдықтың қандай түріне жатады. Жауаптарды негіздеңіз.

Ph.G.H.Gell и R.Coombs жіктеулері бойынша науқаста аллергиялық реакцияның І ші типі анафилаксиялық (реагиндік)түрі дамыған.Бұл науқаста анафилаксиялық шок дамыған.Бұл түрі негізінде бактериялық емес аз мөлшердегі аллергендерге (шөп тозаңдарына, тұрмыстық шаңдарга, дәрідәрмектерге, тағамдық заттарға) дамиды. Бұл жағдайда араның шағып, оның уытының таралуы анафилаксияға жатады және Кук бойынша Дереу дамитын жоғарғы сезімталдықтың түріне жатады. Сонымен қатар ара шаққаннан кейін бұл жағдай дереу дамыған.Ол организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап түскеннен кейін бірнеше минуттің ішінде байқалады.Себебі бұл жерде аллергенмен кездескеннен соң 5 минуттан соң дамып тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет