Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Тор қабықтың ісіну механизмін түсіндіріңіз. Тамыр қабырғаларының қалыңдауы, микроаневризмалар менмикротромбтардың болуы қандай асқынуларға алып келуі мүмкін?



бет59/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

Тор қабықтың ісіну механизмін түсіндіріңіз. Тамыр қабырғаларының қалыңдауы, микроаневризмалар менмикротромбтардың болуы қандай асқынуларға алып келуі мүмкін?

Тор қабықтың ісінуі тамыр қабырғасының өткізгіштігінің артуынан орын алады.Бұның салдары ретінде қан құрамындағы плазма қан тамырының қабырғасы арқылы айналасындағы тіндерге өтеді де, тін аралық сұйықтықтың мөлшері жоғарылайды.Сонымен қатар сұйықтықтың айналасындағы тіндерге өтуінің тағы бір себебі болып-ұсақ тамырларлардағы қысымның артуы болып табылады.


Нақты себебіне келетін болсақ тамыр өткізгіштігінің өзгеруіне негізгі себепкер-қант диабеті болып табылады(диабеттік ретинопатия).Орын алған гипергилкемияның,ретиналдық қан жылдамдығының артуының әсерінен тамырдың ішкі бетіндегі эндотелий тінінің зақымдалуы,яғни - эндотелиальдық стресс болады.Эндотелтийалдық стресс өсу факторының (VEGF) артық мөлшерде өндірілуіне алып келеді.Ал,бұл өз кезегінде тамыр өткізгіштігін арттырады.

Осылардың жалпы әсерінен тор қабықтың перфузиясы өзгереді де, сұйықтық тіндерге жиналып қалады.


Ал, көздің нашарлауына алып келетін тор қабықтың окклюзиясы-орын алған трмбтардың, коагуляция факторларының белсенуінің, эндотелийдің зақымдануының нәтижесі болып табылады. Тамыр қабырғаларының қалыңдауы, микротромбтың пайда болуы сияқты өзгерістер диапедезге, яғни зақымданған қан тамырларының қабырғаларынан формалық элементтердің өтіп кетуіне, қан құйылуларына әкеліп соқтырады.


  1. Науқаста капиллярлы-трофикалық жетіспеушілік дамуы мүмкін бе? Жауабыңызды негіздеңіз.
  1. Иә, науқаста капиллярлы-трофикалық жетіспеушілік дамуы мүмкін. Ол тор қабықтың айналасындағы капилярлардың қызметінің тоқтауынан немесу бұзулуынан болуы мүмкін.Ал,оның бұзылысы салдарынан сол аймаққа оттегі мен қоректік заттардың тасымалдануы бұзылады.Соның салдарынан тіндер ашығуға ұшырайды немесе өледі.Яғни, капилляротрофиялық жеткіліксіздік - бұл микро қан тамырларындағы қан мен лимфа айналымының бұзылуымен, сұйықтық пен қан жасушаларының микроцельдер қабырғалары арқылы тасымалдануының бұзылуымен, жасушааралық сұйықтықтың кетуінің бәсеңдеуімен және тіндер мен мүшелердегі зат алмасу бұзылыстарымен сипатталатын жағдай болғандықтан науқаста капиллярлық трофикалық жеткіліксіздік дамиды.





Тапсырма 2.Науқас Ж., 7 жаста, мықын аймағының оң тұсы ауыратындығына шағымданып хирургиялық бөлімшеге түсті.
Анамнезінен: алғашында ауру сезімі эпигастральді аймақта басталып, сосын мықын аймағына көшкен. Жүргенде, жөтелгенде ауру сезімі күшейеді. Бір рет құсқан.
Объективті: дене температурасы 37,8О С, ЖЖЖ – 92 мин-1. Тілі ылғал, ақ түсті жабынды жамылған, іші кернеулі, мықын аймағының оң жағы қатты ауыртады, яғни соқыр ішек орналасқан тұсы. Ішпердені тітіркендіру симптомы байқалады.
Қан талдамасында: лейкоциттер саны 15,3 х 109 /л, ЭТЖ – 21 мм/с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет