Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


I.2-7 жағдаяттық тапсырма



бет13/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

I.2-7 жағдаяттық тапсырма
Науқас Л, 52 жаста. Қатерлі өспеге байланысты сәулелі терапия курсын алған. Сәулеленудің жалпы дозасы 5 Гр. Емдеу курсы аяқталған соң науқаста теріге, шырышты қабатқа қан құйылу, жоғары қанағыштық, тәбетінің кенеттен төмендеуі байқалды. Сонымен қатар, тілі мен қызыл иегінің қабынуына байланысты тамақтануы қиындады. Қан талдамасында анықталғаны: эритроциттер саны – 3,2х1012/л, лейкоциттер саны – 2,7х109 /л, тромбоциттер саны – 83,0х 109 /л. Зәрінде, нәжісінде, қақырығында қан бар.
1.Науқаста сәуле ауруының қандай түрі дамыған?
Науқаста сәуле ауруының ішкі және асқынған сәулелік ауру түрі дамыған. Асқынған сәулеліктің орташа ауыр түрін көруімізге болады. Өйткені орташа ауыр деңгей 4-6 Гр мөлшерін қамтиды.
2.Науқаста сәуле ауруы ағымының қандай фазасы (кезеңі) байқалды? Жауабыңызды негіздеңіз.
Бұл 3-ші кезеңге сәйкес келеді. Өйткені үшінші кезеңде адамның жалпы жағдайы әлсірейді, қанталауы айқындалып, шырышты қабатқа қан құйыла бастайды және жоғары қанағыштық білінеді. Ауыз қуыс кілегей қабығында желіну, жара және ісік пайда болады. Жалпы әлсіздік басталып, инфекция ошақтарының белсенділігі артады. Осы негіздер мен есепте берілген жағдаятқа сүйене отырып 3-ші кезең деген қортынды шығаруға болады.
3.Науқастағы лейкоциттер санының төмендеуі неге алып келуі мүмкін?
Жауабы:Лейкоциттер санының4х109/л-ден төмен болуын лейкопения дейді,бізде берілген жағдайдалейкоциттер саны – 2,7х109/л.Яғни лейкоциттер санының төмендеуі — лейкопенияға әкеліп соғады.
I.2-8 жағдаяттық тапсырма
Атом электростанциясында құрылғының сынуына байланысты қызметкер бір рет жалпы дозасы 3,5 Грэйге тең сәулелік зақым алған. Сәулеленуден кейін 2 сағат өткен соң, басының ауыруы, жалпы әлсіздік, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Қан талдамасында-лимфоциттер төмендеген және лейкоциттер саны нейтрофильдердің есебінен жоғарылаған. Эритроциттер және тромбоциттер саны қалыпты. Бір күннен соң науқастың жағдайы жақсарған, бірақ шеткі қанда лейкоциттер саны азайған, лимфоциттер одан сайын азайған, тромбоцитопения пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет