Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Жүрекке тікелей емес массаж жасағаннан кейін, алдын ала дефибрилляция жасамастан жүрекке тікелей массаж жасаған дұрыс па ?



бет10/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

3.Жүрекке тікелей емес массаж жасағаннан кейін, алдын ала дефибрилляция жасамастан жүрекке тікелей массаж жасаған дұрыс па ?
Науқастың жүрегі тоқтап тұрған жағдайда оның жасушаларының жиырылу қабілетін қалпына келтіру үшін алдымен жүректің жиырылу қабілетін қайтару керек. Оған қоса жүрек тоқтауы өзге ағзаларға зиянын тигізбеу үшін қан айналымын тез арада қалпына келтіру қажет,сондықтан алдымен жүрекке массаж жасалады. Және алғашқы массаждың көмегі болмағанда оны келесі ашық массажбен алмастырған дұрыс. Жүрек жүмысы жанданған кезде оның қалыпты жұмыс жасаса, бірқалыпты жиырылса дефибрилятор қолданудың қажеті болмайды.
I.2-3 жағдаяттық тапсырма
Науқас М., 39 жаста. 12 күннен бері кардиологиялық бөлімшеде емделуде. Диагнозы: «Жіті ревматизмдік қызба. Ревмокардит. ΙΙ дәрежедегі митральді тарылу. Қанайналым жеткіліксіздігінің Ι-ші сатысы». Жүргізілген терапия науқастың субъективті және объективті жағдайын жақсартты. Келесі дәрігерлік аралауда, дәрігер науқаста «тамшылы жүректі» және «жіңішке аортаны» байқаған. Осыдан 15 минөт өткен соң, науқаста жыпылық аритмия ұстамасы дамып, төс астында қарқынды ауыру сезімі пайда болды, осыған байланысты науқас қарқынды терапия палатасына ауыстырылды.
1. Науқас жағдайының нашарлауына қандай себеп әсер етті? Бұл қандай этиологиялық ықпалға жатады?
2. Осыған ұқсас аурулар қалай аталады?
3. Бұл топтағы себептік ықпалдардың басқа этиологиялық ықпалдан айырмашылығы қандай?
1. науқастың жағдайының төменденуіне қолданылған терапия әсер ету мүмкін, мысалы дәрілер. Бұл этиологияның эндогендік әсеріннен болады. Себебі, ауру адам организмнің ішкі ортасыннан дамып тұр және сыртқы ортаның әсері жоқ
2. жүрек соғысының жиілігінің қалыпты жағдайдан ауытқыған кезде пайда болатын аурулар. Мысалы, тахикардия, брадикардия, пароксималды ауытқулар және т.б.
3. Себептік ықпал – аурудың дамуына міндетті болатын және сл ауруға ғана тән арнайы әйгіленімдерді айқындайтын ықпал болып саналады. Яғни бастапқы ауру келесі ауруға өзінің себебін тигізіп тұр. Ал этиологиялық ықпал жалпы аурудың дамуына әсерін тигізеді. Бұл аурулар эндогендік болғандықтан олар жалпы әсер етеді, мысалы, адамның жасы, организмнің ерекшелелігі, зат алмасу үрдісі және т.б. Ал себептік ықпал алдындағы ауру арқылы келесі ауруға өзінің әсерін тигізіп тұр




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет