Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма



бет43/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

Тапсырма 2. Науқас Р., 47 жаста, операциядан кейінгі кезеңде қанның суспензиялық тұрақтылығының төмендеуі, эритроциттердің, тромбоциттердің, лейкоциттердің агрегациясы, қан тұтқырлығының 15 сантипуазға дейін жоғарылауы (қалыпты жағдайда – 4-5 сантипуаз) байқалды. Агрегаттар домалақ, эритроциттер тығыз орналасқаq, көлемі әр түрлі.
1. Науқаста микроциркуляцияның қандай бұзылысы дамыды? Осы микроциркуляциялық бұзылыстың түрін анықтаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Микроциркуляцияның бұзылысының осы түрінің дамуына тағы қандай себептер әкелуі мүмкін? Микроциркуляцияның осы бұзылысы дамуының негізгі механизмдерін көрсетіңіз.
3. Микроциркуляция бұзылысының осы түрінің патофизиологиялық салдары қандай?
1.Науқаста пайда болған микроциркуляциялық бұзылыс түрі –тромбоз. Тромбоз ол –тамыр ішінде қан жасушаларынан тұратын тромбтың пайда болуы. Науқаста тромбоздың аралас тромб түрі дамыған. Яғни, бұл тромб ақ және қызыл тромбтардың араласуынан пайда болған.Негізінде, тромбтың пайда болу кезінде,фиброногеннен тор түзіледі.Онда лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер тұрып қалады(застревает)Сөйтіп тромб түзіледі.
2.Тромбоз дамуына әсер ететін жағдайлар:
*операциялық жағдайдан кейінгі ұзақ уақыт төсек режимін сақтағанда;
* созылмалы жүрек –тамыр жеткіліксіздігі;
* атеросклероздар;
*қатерлі ісіктер;
*жүктілік;
*туа және жүре пайда болған гиперколляциялық жағдай.
Зақымдалмаған эндотелий тромборезистенттілік қасиетіне ие. Эндотелий қанның ұюға кедергі жасайтын б.а.з. бөліп шығарады. Оларға жатады: простациклин, NО, гепарин тәрізді факторлар, антитромбоактиваторлар, плазминоген активаторы жатады. Эндотелий прокоагулянттардың артық мөлшерін (Y,YIII,IX, X фактор,тромбин,тромбопластин,АДФ,тромбоксан 2 және т.б) инактивациялайды
. Эндотелий құрылымы мен функциясының бұзылуы тромбозға әкеледі. Тамыр қабырғасының зақымдануы -> қан тамырларының спазмы және тромбоциттердің активтенуі->тромбоциттердің адгезиясы->ББЗ босату реакциясы->тромбоциттердің агрегациясы және бастапқы тромбоциттік тромбтың түзілуі->қанның коагуляциясы. Антикоагулянттың тапшылығы: антитромбин III тұқым қуалайтын тапшылығы ( тромбин, IX, X,XI,XII коагуляция факторларын блоктайды)
3.Тромбоздың патофизиологиялық салдары:
Тромбоз негізінен көптеген құбылыстарға әкелуі мүмкін.Қан тамырларының жарақаттану жағдай болған кезде, тромб пайда болуынан қанды жоғалтудан сақтай алатын жақсы жағы бар.
Егер тромб артериялық тамырды бітеп қалған жағдайда, онда сол артерияның қанмен қамтамасыз ететін аумағында ишемия дамып, инфарктке әкеледі.
Егер тромб венаны бітеп қалатын болса, онда тромб тұрған жерден төмен веналарда веналық гиперемия дамуына әкеледі.
Билет № 2


Тапсырма 1.Науқас Л., 38 жаста, инсекті аллергиямен ауырады, қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен ауыр жағдайда әкелінді. Науқастың қасында болған кісінің айтуы бойынша аралар шаққан. Аралар шаққаннан кейін 5 минуттың ішінде науқаста діріл, бірден демігу байқалды, құсу және ұстама басталды, еріксіз зәр шығару байқалды.
Объективті: науқас ес-түссіз, ұстама байқалады, аузынан көбік ағады, терісі және шырышты қабаты көкшіл, тынысы үстіртін, тамыр соғысы жіп тәрізді, артериялық қысымы анықталмайды. Стационарға келіп түскеннен 30 минут өткен соң науқас қайтыс болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет