Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Патогенездік тұрғыдан осы жағдайда антипиретиктерді (мысалы, ацетилсалицил қышқылын) тағайындау орынды ма? Жауапты дәлелдеңіз



бет53/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

3.Патогенездік тұрғыдан осы жағдайда антипиретиктерді (мысалы, ацетилсалицил қышқылын) тағайындау орынды ма? Жауапты дәлелдеңіз.
Жоқ болмайды тағайындамаймыз. Себебі мұнда субьфебрильдік температура болып тұр.
Билет № 6


Тапсырма 1.Науқас К., 17 жаста, артериялық қысымының жоғарылауына шағымданып кардиологиялық бөлімшеге түсті.
Объективті: бұлшық еттерінің дамуында сәйкессіздік бар – қолдарының, иығының бұлшық еттерінің гипертрофиясы, аяқтарының бұлшық еттерінің гипотрофиясы. Беті гиперемияланған. Қолдарының АҚ 190/100 мм сын.бағ., аяқтарының – 100/60 мм сын.бағ.
Аортограмма нәтижелері: төменгі сол жақ бұғана асты артерияның бөлінуінен төмен орналасқан аорта мойнағының тарылуы. Қорытынды: туа біткен ақау — аорта коарктациясы.



  1. Науқаста шеткі қанайналым бұзылысының қандай түрі дамыған? Жауабыңызды негіздеңіз. Перифериялық қанайналым бұзылыстарының негізгі түрлерін көрсетіңіз.

  2. Науқаста дамыған шеткі қанайналым бұзылысының себебі не болуы мүмкін? Перифериялық қан айналымының бұзылуы кезінде тіндердегі зат алмасуы қалай өзгереді? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  3. Тарылған аймақтың қай бөлігінде коллатералдық қанайналым дамиды,- проксимальді ма, әлде дистальді ма? Коллатералдық қанайналымға қатысатын артерияларды атап өтіңіз.



1.Науқаста шеткі қанайналым бұзылыстарының ішіндегі-ишемия орын алған яғни,аорта коарктациясының нәтижесінде аяқ бұлшықетінің гипотрофиясы және АҚ-100/60мм сын.бағ болуы осыған дәлел.
Перифириялық қанайналым бұзылыстары:артериялық гиперемия,веналық гиперемия,ишемия,реперфузия,стаз,тромбоз,эмболия
2.Себебі: аорта коарктациясының нәтижесінде төменгі дене бөлігіне қан келуінің азаюынан ишемия дамыған.
Қанның тіндерге келуі азаюы->тіндерге О2 мен қоректік заттардың түспеуі->гипоксия және дистрофия->метаболизмдік ацидоз->жасуша мембранасының бұзылыстары->инфарктқа әкеледі
3.Дистальді бөлігінде коллатеральдық қанайналым дамиды.Коллатеральдық қанайналымға қатысатын артериялар: жауырынасты артерия,қабырғааралық артериялар,төменгі құрсақүсті артерия,ішкі кеуде артериясы.


Тапсырма 2. Науқас Ш, 27 жаста сол жақ санындағы жараның қатты ластануына байланысты хирургиялық бөлімшеге келіп түсті. Науқасқа сіреспенің алдын алу мақсатымен ең алдымен тері астына 1 мл сіреспе анатоксинін, ал 30 минуттан кейін –300 ХБ сіреспеге қарсы сары су енгізілді. Осыған байланысты, жараның жазылуы іріңдеумен асқынды, сары суды енгізуді әрбір 6 күннен кейін қайталап отырды. Үшінші инъекциядан кейін енгізген жерде ісіну пайда болып, инфильтрат түзілді. Инфильтрат бетіндегі терісі некрозға ұшырап, соның салдарынан ұзақ уақыт жазылмайтын жараға айналды.



  1. Ph.G.H.Gell и R.Coombs жіктеулері бойынша науқаста аллергиялық реакцияның қандай түрі дамыды? Бұл аллергиялық реакция жоғары сезімталдықтың қандай түріне жатады? Жауапты түсіндіріңіз.

  2. Аллергиялық реакцияның осы түрінің патогенезін ұсыныңыз. Науқастағы некрозға ұшыраған қабыну ошағының пайда болуын түсіндіріңіз. Щварцман феноменінен Артюс феноменінің айырмашылығы неде?



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет