Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


-лекция. Тақырыбы:Етістікті сөз тіркестері



бет16/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

7-лекция. Тақырыбы:Етістікті сөз тіркестері


Жоспар:
1. Етістікті сөз тіркестері туралы жалпы түсінік.Қабыса байланысқан сөз тіркестері
2.Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің түрлері

Етістікті сөз тіркесінде етістік негізгі, шешуші қызмет атқарады. Өйткені етістік-табиғатында өзінің лексика –грамматикалық мағынасына, сөз табы ретіндегі жалпы категориялық қасиетіне орай басқа сөздерді жетегіне алып, маңайына үйіріп тұратын сөз табы. Сондықтан ол бағыныңқылық қызмет емес, негізінен, басыңқылық қызмет атқарады да, сөз тіркесін құрауға ұйытқы болады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығын байқаймыз. Есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл кезде етістіктер мен есімдердің өзара байланыс түрі қабысу болады. Етістікті сөз тіркесінің бір тобы есімдердің барыс, жатыс, шығыс, табыс, көмектес жалғаулары арқылы салт және сабақты етістіктермен меңгеріле байланысады.


Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуының осы ерекшелігіне байланысты етістікті сөз тіркестері: 1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері; 2) меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері болып екіге бөлінеді.
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі болады. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай: 1) үстеулі сөз тіркестері; 2) еліктеуішті сөз тіркестері; 3) көсемшелі сөз тіркесі; 4) сын есімді сөз тіркесі; 5) сан есімді сөз тіркесі; 6) зат есімді сөз тіркесі деген 6 топқа бөлінеді.
Үстеулі сөз тіркестері. Үстеулер қимыл үдерісімен байланысты айтылатын сөздер болғандықтан, ол етістіктермен тіркесіп, қабыса байланысқан сөз тіркесінің құрамында айтылады. Үстеулер етістікті сөз тіркесінің құрамында пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы: бүгін//айтты, кеш//келді,жорта//сөйледі
Еліктеуішті сөз тіркестері. Еліктеуіш сөздер тілімізде көбіне көмекші не негізгі етістіктермен тіркескен синтаксистік құрамда қолданылады. Мысалы:Тырс-тырс//тамды, кілт//тоқтады Бір буынды еліктеуіш сөзі бар тіркестер қимыл-әрекеттің шапшаңдық қарқынын білдірсе, қосарланып айтылған еліктеуіш сөзі бар тіркестер қимыл-әрекеттің созыңқылығын білдіреді. Мұндай құрамды сөз тіркестері де пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Көсемшелі сөз тіркестері. Көсемшелер толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байланысып, пысықтауыштық қатынаста айтылады. Етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде көсемшелер барлық тұлғада бірдей жұмсалады. Бұл қызметте -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жиі жұмсалса, -а, -е, -й тұлғасы сиректеу, -ғалы, -гелі,- қалы, -келі тұлғалары одан да гөрі сиректеу кездеседі. Мысалы:күлімсіреп//қарсы алды, ұшқындай//жауып тұр, оқығалы//келді.
Көсемшелі сөз тіркестері пысықтауыштық қатынастарды, қимылдың амалын, мезгілін, мақсатын білдіреді.
Сын есімді сөз тіркестері. Сын есімді сөз тіркесін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау, кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер сын есіммен мағыналық байланыста бола алады. Сапалық сын есімнің ішінде мұндай етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары жақсы, жаман, қатты, ұзын, ұзақ, қиын, қысқа, кең, оңай сияқты сөздерден болады. Мысалы: ұзақ жүрді, жақсы сөйледі, оңай түсінді, ұзын кесті.
Сан есімді сөз тіркестері. Сан есімдер етістікті сөз тіркесінің құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін сандық сапа тұрғысынан пысықтайды. Есептік сан есімдер ал, айт, қара, сөйле, кел, жүр тәрізді етістіктермен қабыса байланысады. Мысалы: Жанбота туды екі алды. Сан есімдер есе сөзімен тіркесіп те етістікті сөз тіркесін құрайды. Мысалы: екі есе орындады, үш есе ұлғайды.
Зат есімді сөз тіркестері. Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу арқылы әрі мағыналық, әрі грамматикалық тығыз байланыста сөз тіркесін құрайды. Жалғаусыз табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте қайнасқан байланыста тұрады. Мысалы: жер жырту, бала оқыту, қымыз ішу, мылтық ату, сөз сөйлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет