Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


-лекция. Тақырыбы:Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі



бет44/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2
Абдил Аида, Презентация (4), Намуратова Сетара, Намуратова С

16-лекция. Тақырыбы:Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі


Жоспар:
1.Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі
2.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
Сөйлемде басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, олардың дауыс ырғағы арқылы да ерекшеленетін сөздер оқшау сөздер деп аталады. Олар жазуда басқа сөздерден белгілі тыныс белгілері арқылы, яғни үтірмен бөлінеді.
Оқшау сөздер тілімізде үшке бөлінеді:
1.Қаратпа сөз
2.Қыстырма сөз
3.Одағай сөз
Қаратпа сөз. Біреуге арналып айтылған сөйлемде оның кімге арналғанын білдіретін сөз не сөз тіркесін қаратпа сөз деп атаймыз.
Мысалы: Апа, бері келіңізші. Қаратпа диалогта, шешендік сөздер, поэзияда, түрлі хаттар мен іс қағаздарында қолданылады.
Қаратпа сөз сондай-ақ кісінің көңіл-күйін, модальдылықты, кісінің сезімін білдіреді.
Бишара-ай, қор болды-ау
Шырағым, сен қорықпа
Дүкенге баршы, қалқам, - деді.
Қаратпа қызметінде көбінесе кісінің аты, фамилиясы, әкесінің аты және кім? деген сұрақ қоюға болатын шырақ, нағашы апа, жолдас, балалар, оқушылар сияқты зат есімдер (көптеліп, тәуелденіп, түбір күйінде тұрып) жұмсалады.
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе одан кейін, ортасында келсе екі жағынан, соңында келсе алдынан үтір не леп белгісі арқылы ажырайды.
Қыстырма сөздер. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының қалай қарайтынын білдіретін оқшау сөз қыстырма сөз деп аталады.
Қыстырма сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен байланыспай, белгілі сөйлем мүшесі болмай, олардан оқшау тұрады.
Бүгінгі мәселе, қорыта келгенде, осымен аяқталады. Осының бәрі, әрине, солардың міндеті.
Байқаймын, ертең кетесің. Сен ертең кел, кім біледі, мүмкін жолың бар.
Жаңылмасам, ол бүгін келер. Қыстырма сөзді мағынасына қарай былай бөліп қарастыруға болады.
1. Кісінің көңіл күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздер несін айтасың, бақытымызға, амал қанша т. б.
2. Жорамалдау, нануды білдіретін қыстырма сөздер әрине, әдетте, рас, сөз жоқ, сірә, мүмкін, шамасы, расында, шынында, өзіңіз білесіз, шынын айту керек т. б.
3. Ойдың айтылу амалы, тәсілін білдіретін қыстырма сөз қысқасы, сайып келгенде, былайша айтқанда, жалпы алғанда, демек, ендеше т. б.
4. Ойға басқаның немесе сөйлеушінің пікірі тұрғысынан қарағандықты білдіретін қыстырма сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет