Жай сұрақтар: Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде көрсетіңіз


Ежелгі Греция ғылымның отанын көрсетіңіз



бет11/52
Дата20.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#198198
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Байланысты:
Filosofia dayyn[1]

11. Ежелгі Греция ғылымның отанын көрсетіңіз
Нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.э.д.. VIІ-VI ғасырлардан басталды делінеді. Яғни б.э.д. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колонияларында жер өңдеу экономиканың басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру, сауда, ақша қатынастары жылдам дами бастады, қул иеленушілік құрылыс негізгі болып саналды, партиялар арсында күрес, заң күш ала бастады, жазба заң түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді. Қул иеленудің дамуы гректерді барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық бағытындағы нәрселермен байланысты жағдайлардан аулақтатты, өйткені азат еркін адамның айналысар істері саясат, соғыс, өнер деп есептелінді.Ғылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін жоққа шығарды..Алғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған, кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа бағынды. Математикалық программа Платон философиясымен аяқталады. Онда ол әлемнің үлкен картинасын береді, яғни біз өмір сүрген әлем өлі материядан жаратушы туғызған белгілі бір заңдылық арқылы да-миды, оның өзі математикалық заңдылықтар арқылы жүреді. Заттар-дың өздерінің сыртқы пішіндері геометриялық фигураларды береді деп есептеді (от — өткір әрі қозғалмалы, яғни пирамида, ауа — сегіз жақты көпбурыш тағы басқалар).Антикалык дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм програм-масы болады. Ол грек философиясы ғурыптарының қорытындысы болды, элеаттар философиясына кетеді. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды.Бір қарағанда атомизм ілімі аса күрделі де емес. Табиғаттағы мүмкін барлық өзгерістердің механикалық себебі — атомдар қозғалысымен түсіндіріледі. Табиғи қүбылыстардың себебі, табиғаты физикалық жағдайлар, оны жер бетінен іздеу керек деп қарастырды.Бұл ойлау тарихында бүтін нәрсенің жағдайын жеке бөлшектер қасиеті арқылы тусіндіретін ғылыми программа болды. Яғни барлық өзгерістер себебі атомдар қозғалысы делінді. Жаңа уақыттағы барлық әлеуметтік, психологиялық, физикалық теориялар осылай түсіндірілді.Аристотельдің континуалдық деп аталатын программасы үшінші ғылыми программа болды. Ол Де-мокриттің де, Н.Пифагордың да, Платонның да көзқарастарын жақтамады.Ол заттарға математикалық идеялардың қатысын да, заттардың атомдардан қуралатынын да қуаттаған жоқ. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін үсынады: олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Аристотельдің атақты «Органон» трактаты логика бойынша жазылған оның үлкен еңбегі болып табылады.Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байла-нысты болды. Бул программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке дамыды, табиғи қубылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.Ертедегі гректер ой-қиялдары жетілген, бәсекелестікке бейім, талантты халық болды. Шамасы, дәл осындай жағдайларда адамдардың дербес бастаулары қарқынды дами бастаған. Олар өздерінің шығармашылық күштерін іске асыруға мүмкіндік алды: ғажап мифтер құрды, ақ мәрмәрдан қала-мемлекеттер (полистер) салды, демократияны, театрды, олимпиадалық ойындар-ды, сурет өнерін, фресканы (ғимарат қабырғасындағы суретті) мүсін өнерін және т.б. ойлап тапты. Солар арқылы еуропалық өркениет пен мәдениеттің негізін салды. Қол жеткен ғаламат жетістіктердің бірі – енді өзгерген өмірдің талаптарына жауап табуға әрекеттенген философия болды. Ол, сөз жоқ, ертедегі гректердің бай мифологиясы-нан және «жеті данышпан»деп аталатындардың нақылынан бастау алады. Әдебиетте Ежелгі Грекиядағы ғылым бастауларының пайда болуы б.з.д. VI-V ғасырларға – аталған өркениеттің гүлдене дамуы кезеңіне жатқызылады. Сонымен қатар VIII-VI ғасырларда Ежелгі Грекия сол кездердегі Шығыс елдеріне өте ұқсас болған. Он жерде сондай-ақ бай жер иеленушілер өмір сүрген, ал барлық билік аристократияның қолына шоғырланған. Ал қарапайым халықты айтсақ, оның халі тым мүшкіл еді: көпшіліктері ірі жер иеленушілерге қарыздар болудан көз ашпайтын.Алайда билік басына солон патша келген соң, жағдай күрт өзгерді. Ол б.з.д. 594 жылы жер аристократиясынан зорлық-зомбылық көрген жұртшылықты қорғауға бағытталған ірі реформалар жасады. борыштық құлдыққа тап болғандарды азат етті. Кейіннен барлық осы ірі өзгерістер клисфен конституциясында (б.з.д. 509 жыл) бекітілді.Нәтижесінде, демократияның азаматтық теңдік, сөз бостандығы, елдің барлық азаматтарының мемлекеттік лауазымдарды иелену құқы сияқты құндылықтары пайда болды. Адамдар шын мәнінде азат бола бастады: қоғам өмірінің, мемлекет өмірінің мәселелерін талқылауға белсенді түрде қатысты. Осы факторлардың барлығы адамдардың та-ланттары мен дарындарынашуға жеткізіп, қоғам оларды бірегейлігі, қоғамды жетілдіруге сіңірген еңбегі дәрежесіне қарай бағалай бастады. Ежелгі Грекияда еркін адамдар дене еңбегінен қашатын, ол тек құлдардың мойнына түскен жүк болды. Сол себепті олар (гректер) еркін ақыл-ой қызметімен ғана айналысып, еңбек құралдарын пайдалануға, оларды жетілдіруге аса көңіл аудара қоймады. Ақыл-ой қызметін олар ғылым деп атап, қалғандарының барлығын «техне», яғни кәсіптің, өнердіңқатарына қосты. Ежелгі Грекияда да ғылым бастаулары нақты өмір қажеттіліктерінен пайда болған деп айтуға болады. Алғашқы математикалық ұғымдар жер өлшеуге, әртүрлі материалдарды өңдеуге байланысты болды. Олардың қарапайымдығы соншалықты, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша және көрсету жолымен беріліп отырды. Сондай деп Фа-лес – суды, анаксагор – ауаны, гераклит Эфесский отты санауды ұсынады. Ал анаксимандрдың ойынша, әлемнің негізін табиғаттың нақты бір заттарынан іздеу мүмкін емес. Әлемнің бастауы – апейрон – әлдебір белгісіз және шексіз нәрсе болуға тиіс. Фалестіерекше бөле жарып айтуға болады. Оның үстіне, соны ғана кейбір ғалымдар еуропалық ғылым мен философияның негізін салушыдеп атайды. Ол Мысыр пирамидаларының, көптеген ескерткіштер мен ғибадатханалардың өлшемін алуға қол жеткізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет