Жер туралы ғылымдар немесе геоғылымдар - Жер ғаламшарын, оның литосферасын, гидросферасын, атмосферасын және Жер маңындағы ғарышты зерттейтін ғылымдар.
Барлық ғеоғылымдар физика, математика және биология ғылымдарының заңдылықтарын және әдіс-тәсілдерін жиі пайдаланады. Бұл байланыстардың нәтижесінде геофизика және геохимия ғылымдары қалыптасты. Сол сияқты, астрономиямен, физикалық географиямен, геодезиямен, тау-кен ісімен, металлургиямен тығыз байланысты.
Геоғылымдардың негізгі бағыттары болып келесі ғылымдар саналады:
География (гр. γεωγραφία, «жерді сипаттау» деген мағына береді: гр. γαία — «Жер» және гр. γράφειν — «сипаттап жазу», «суреттеу»[1]) — жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым:
Геология— Жер туралы ғылым (грекше «гео» — жер, «логос» — ғылым). Жер планетасы ғарыш әлемінде белгілі бір орнымен анықталатын, өзіндік физикалық және химиялык қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталатын, әр уақытта дамып, өзгеріп отыратын курделі дене. Геология қазіргі кезде дәл ғылымдар жетістіктеріне физика, химия және математикаға) көбірек сүйенеді. Олардың зерттеу әдістерін пайдаланады. Соның нәтижесінде соңғы кездері геофизика және геохимия ғылымдары ерекше дамып келеді. Ал жердің жаратылысын түсіндіруде және оның ғарыш кеңістігіндегі алатын орнын анықтауда геология ғылымы астрономия және космология ғылымдарына сүйенеді. Соңғы жылдары басқа планеталарды жермен салыстыра отырып жүргізілген ғарыштық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде салыстырмалы планетология атты ғылым саласы қалыптасып келеді. География мен геология ғылымдарының арасындағы тығыз қарым-қатынас ерте кезден-ақ белгілі. Әсіресе, эндогендік жер астылық) және экзогендік (жерүстілік) іздедестірудің нәтижесінде пайда болатын бедер
Достарыңызбен бөлісу: |