Жай сұрақтар: Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде көрсетіңіз


Дүниенің ғылыми және философиялық көрінісін негіздеңіз



бет17/52
Дата18.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153707
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Байланысты:
Filosofia dayyn[1]

2.Дүниенің ғылыми және философиялық көрінісін негіздеңіз.
«Ғылымның философиялық негіздері» деген ұғым нақты ғылымның философиялық идеялар мен принциптерін, жəне танымдық қызметке жалпы бағытты береді. Қалыптасқан білімді негіздеумен бірге ғылымның философиялық негіздері эвристикалық /жаңа теорияны шығару/ жəне
методологиялық функцияларды атқарады. Дүниенің ғылыми бейнесі – ол фундементалды ғылыми анықтамалар мен принциптерді жалпылау жəне синтездудің нəтижесінде құрылған реалды
дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Негізіне қарай бүкіл дүние туралы дүниенің жалпы ғылыми бейнесімен /табиғат, қоғам мен таным туралы/ дүниенің табиғаттану бейнесі деген екі түрі бар. Соңғысы – таным пəніне қарай – физикалық, химиялық, астрономиялық, биологиялық т.б. бөлінеді. Дүниенің жалпы бейнесі түрінде анықтаушы ретінде ғылымның нақты даму кезеңінде үстемділік алатын ерекше ғылыми білімнің дүние бейнесі болуы мүмкін.
Əр дүниенің ғылыми бейнесінің негізінде бір фундаменталды теория жатады, тəжірибе мен танымның дамуна қарай бір бейне келесі бейнеге ауысады. Мысалы, табиғаттану /17 ғ./ классикалық механиканың негізінде қалыптасты, ал ықтималды теория /20 ғ./ келесі түрін ұсынды, қазір – синергетиканың негізінде жаңа бейне қалыптасты. Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде
эвристикалық рольді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста болғансон қалыптасуында соны содан негіз алады.
Ғылым өзінің аспектілерінің біртұтастығында көп түрлі ғылымдармен зерттеледі: ғылым тарихымен, ғылым логикасымен, когнитологиямен, ғылым əлеуметтануымен, ғылыми шығармашалақтың психологиясымен, ғылымтанумен. 20 ғ. ортасынан бастап осылардың бəрін толық, жүйелі, кешен
түрге біріктіріп, зерттеуге бағытталған жаңа ғылыми сала – ғылым философиясы пайда болды.
Қорыта айтқанда, ғылыми білім нақты заңдар бойынша дамуға бағытталған қиын, көп бұтақтан тұратын, көп түрлі процедуралардың жүйесі.
Ғылыми білімнің құрылысы: фактілер, ұғымдар, теориялар, заңдар, əдістер, дүниенің ғылыми бейнесі, құңдылықтар, негіздер т.б. Ғылыми білімнің басқа күрделі құрылысы бойынша: мəселелер,
мақсаттар, тəжірибе фактілер, эксперименталді фактілер, зерттелетін объект туралы жалпы білімдер жиынтығы, онтологиялық схемалар мен суреттер, модельдер, құралдар /тіл, ұғым, категориялар/, əдістер мен методикалар. Ғылымның қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отырған қазіргі заманда "білім" деген ұғымды көбінше "ғылыми білім" деген ұғыммен тепе-тең мағынада түсінеміз. Ал шынында олай емес екенін жоғарыда айттық. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды.
Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімнің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, оның мазмұны қандай екенін білу қажет.
Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы барынша ақиқат білім алуына бағытталған дүниетану қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы. Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Ал білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетте қолданып, практикалық қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сөйтіп, барған сайын шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсат-мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік функциясы (қызметі) болып саналады. Ғылымның екінші бір функциясы — мәдени-дүниеге көзқарастық функциясы. Бұл соңғы мәселе жайлы кейінірек арнайы әңгіме болады.
Сөйтіп, ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады екен. бірақ ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырған теориялық таным процесі болып табылады. Сол теориялық танымның нәтижесі — білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады.
Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының себебі олардың ғылыми фактілер мен техникалық жаңалықтарды көбірек жинақтауында емес, ойлау процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмұнына жан-жақты назар аударуында, зерттеуінде болды. Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой-пікірлерді, жаңалықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды негіздеп дәлелдеумен айналысты, бір білімді екіншілерінен логикалық жолмен ойша қорытып шығарумен, сөйтіп оны жүйелі, негізді және анық-айқын білім жасаумен айналысты.
Сонымен бірге, ескерте кеткен жөн, олар тек делелдеуге дағдыланып қана қойған жоқ, сондай-ақ дәлелдеу процесін талдай келе дәлелдеу теориясын жасады — Аристотельдің логикасы сондай теория еді. Басқаша айтқанда, ретсіз жинақталған бұрынғы тәжірибелік білімдер мен мәліметтерді тәртіпке келтірудің әдісі анықталды. Бұл нағыз методологиялық жаңалық еді.
Дәл осы сияқты жаңа методологиялық әдіс XVII ғасыр-да - Жаңа заманда ғана жасалды, өйткені ғылыми зерттеушілер тәжірибелік (эксперименттік) -математикалық әдістің дүние танымдағы маңызын осы кезде түсініп, осының негізінде Классикалық жаратылыстану дүниеге келді.
Ертедегі грек ойшылдары жасаған логика (дұрыс ойлаудың жайлары реформалары жайлы ілім) танып білуге тиісті шындық дүниенің өзіне тікелей қатысты емес, ол дүние жайлы ойлауға қатысты болды, яғни ғылыми талдаудың объективтісі тікелей дүние заттары мен құбылыстары болмай, сан, сапа, заң т.б. болды. Сөйтіп, материалдық дүниеге қарағанда оның идеалдық бейнесі (дүние) әлдеқайда жүйелі, логикалық және занды түрде ретке келді. Білім, сөйтіп, материалдық дүниеден "жоғарырақ" тұргандай болып, айтарлықтай дербес өзіндік болмысын — теория саласын құрды. Антик ғылымы жасап берген соңдай жүйелі теориялық білімнің бірінші мысалы ретінде Евклид геометриясын алуға болады.
Осындай жаңалықтардың арқасыңда антик заманының мәдениеті, ғылым-білімі қысқа тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар (Евклид, Архимед т.б.), космологиялық моделдер (Аристарх Самосский, Птолемей т.б.) жасап, физика, биология және т.б. болашақ ғылымдар үшін құнды-құнды идеяларды тұжырымдады. Алайда, ең бастысы сол, нағыз ғылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан өтті, оны ғылыми емес білімдерден айырып тұратын негізгі ерекшеліктері анықталды. Ол ерекшеліктер
1) ғылыми білім жүйелі, сондай-ақ оны басқа білімдерден логикалық жолмен қорытып шығаруға болады;
2) ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері;
3) ғылыми білімнің мазмұны оны танып білуші адамның (субъектінің) мақсат-мүддесіне тәуелсіз, объективтік ақиқат болуы тиіс;
4) ғылым қайталанушы құбылыстарды ғана зерттейді, жеке-дара заттар мен құбылыстарды ғана емес, белгілі бір топқа, класқа жататын заттар мен құбылыстардың бәріне тән жалпы заңдылықтарды іздейді, т.б.
Ғылыми танымның құрылысына келсек, өзі өмір сүріп келе жатқан 2,5 мың жылдан бері ғылым жүйелі түрде ұйымдасқан, өзіңдік айқын құрылысы бар күрделі құбылысқа айналғанын атап айтпасқа болмады. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:
а) дәл анықталған фактілер;
ә)бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар:
б)шындық дүниенің бір қатар құбылыстарын түсіндіруші зандылықтар системасын біріктіретін теориялар;
в)бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми бейне көрінісі (картинасы); мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі:
Ғылымның сенімді негізі — әрине анықталған фактілер. Егер факті дұрыс анықталған болса (бақылау, эксперимент, тексеріп көру арқылы), онда ол сөзсіз ақиқат болғаны. Бұл — ғылымның эмпириялық, яғни тәжірибелік негізі. Тәжірибеде байқалған фактілердің ұқсастығы, бір түрлілігі тікелей байқалған құбылыстардың жалпы эмпириялық заңы, ортақ қасиеттері бар екендігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет