Жай сұрақтар: Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде көрсетіңіз



бет13/52
Дата18.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153707
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
Байланысты:
Filosofia dayyn[1]

13. Шығыс ортағасыр ғылымды табыңыз
Ортағасырлық Шығыс философиясын екіге бөліп қарастыруға болады:
1.Араб тілді мұсылман-шығыс философия;
2. Түркі тілді мұсылман-шығыс философиясы.
Шығыс философиясы грек философиясымен байланысты үзбей, оларды қабылдап, сақтады. Сондай-ақ негізгі мәселесі – Ислам және оның догмалары болды.
Араб философиясының қалыптасуының негізгі бағыттары:
Мутакаллимдер мектебі – Исламның діни қағидаларын негіздеу;
Мутазилиттер мектебі – әлемнің, адамның жаратылуы туралы, тағдыр туралы Ислам қағидаларынан бас тарты, Құдай туралы антроморфты бейнелерден бас тартып, адам ақылы мен күшіне сенді; суфизм – қоршаған дүниеге қайырымды қарым-қатынас адамның жоғарғы міндеті, аскетизм, өзімен-өзі болу. әл-Кинди (800-879) – Араб тілді ортағасырлық философияның алғашқы өкілі. Құдай, ақыл мәселелеріне тоқталып, философия мәнін, ғылымды классификациялауға тырысты. Адам ақыл иесі, ол өзін-өзі ғана емес, қоршаған дүниені, заттар мен құбылыстар себебін, мәнін түсіне алады. 4 түрлі ақылды көрсетті. 1-ші – белсенді; 2-ші – енжар; 3- - жүре пайда болған; 4-ші – көрер көзге ғана арналған ақыл. Танымның 3 түрлі деңгейін. 1-ші – логикалық-математикалық; 2-ші – табиғи-ғылыми, 3-ші – метафизикалық (философиялық). әл-Фараби (870-950) – шығыс перипатетизмінің көрнекті өкілі. Аристотель шығармаларының шығыстағы комментаторы. Философиясына болмыс мәнін түсінуге тырысты. Негізгі еңбектері «Бақытқа бастайтын жол» «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерлерінің көзқарастыры», «Қайырымды қала тұрғындары» және т.б. бақытқа ұмтылудың себебі – адамның өзін-өзі жетілдіруі мен саясаттың соңғы мақсаты деп түсіндірді. Ибн-Сина (Авиценна) (980-1037) – ғылымдарды класификациялаған. Философиялық білімді 2-ге бөлді: практикалық және теоретикалық. Теоретикалық – ақиқатқа жетуге бағытталған ғылымдар, олар : физика, математика, метафизика.
Практикалық – саясат, экономика, этика. Бәрі логиканы пайдаланады, логика – ғылымның құралы, бәріне таным әдістерін ұсынады. Ибн-Сина философия мен теологияның ерекше статустары туралы айтты, кейін ол Ибн-Рушдтың «екі удайлы ақиқат теориясынан» көрініс тапты. Ибн-Рушд (Аверроэс) (1126-1198) – Кардова халифатының тұсында Испанияда өмір сүрген араб-испан философы, «фальсафа» (философия) терминін ендірген. Материалды дүние мәңгілік, бірақ кеңістікте шекті, Құдай мәңгілік, табиғат та мәңгілік. Ол жанның мәңгілігін теріске шығарды. Индивидтің жаны тәнімен бірге өледі, яғни тән өлгенде оның сезімі, есі тарап жоғалады. Адам әрекеті келесі өмірде шартты түрде, адам өзі жақсылықтар жасауы керек. «Екі удайлы ақиқат» теориясы – ғылым мен философияны дінен босату керек, бір ғана шындық бар, ол – философиялық шындық деген. Түркі тілді философия. Ж. Баласағұни, «Құтты білік», Қашқари «Дивани луғат ат түркі», А. Яссауи – түркі бұтағының суфизмнің өкілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет