Жай сұрақтар: Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде көрсетіңіз


Қазіргі замандағы ғылымды таңдап алып түсіндіріңіз



бет15/52
Дата18.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153707
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
Filosofia dayyn[1]

15.Қазіргі замандағы ғылымды таңдап алып түсіндіріңіз.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында. Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда. Ғылымның дамуы нәтижесінде біздің өміріміз бір ғана ұрпақ ішінде елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоршаған орта туралы ақпараттың ағымы бірнеше жыл ішінде еселеп көбеюде. Адам болса бұл ақпарат ағымын жеткілікті деңгейде қабылдап үлгере алмау үстінде. Оның себебі, қоғам дамуы барысындағы мүлдем жаңа ғылыми пәндердің пайда болып, осыған қоса олардың тармақтанып, салаларға бөлінуінде. Ғылымның салаларға бөліну үрдісі нәтижесінде қазіргі кезде ғылымда 15 мыңнан астам ғылыми пән бар. Әрине, осыған байланысты адамзаттың өзін қоршаған табиғат пен қоғам туралы білімінің тереңдігі мен дәлдігі де елеулі түрде өскен. Қазіргі кезде дамыған капиталистік елдер ғылымға жалпы ұлттық кірістің 2-3 % жұмсауда. Бұл шығындарсыз елдің қорғаныс және өндіріс саласының жоғары деңгейін сақтап қалу мүмкін емес. Ғылым экспонент бойынша дамуда, яғни ғылыми ақпарат пен ғылыми еңбектердің көлемі әр 10-15 жыл сайын екі есе көбеюде. Ғылымдардың көбеюі нәтижесінде ғалымдардың да саны ұлғаюда. Егер 1900 жылы ғалымдардың саны 100000 болса, қазіргі кезде олардың саны 5000000 - ға жеткен (яғни Жер шарында тұратын әрбір мың адамның біреуі). Біздің жаңа капиталисттік дәуірімізде көптеген құбылыстар ғылыми методологияға сәйкес қалыптастырылып отыр. Әрине адамзат еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға әлі қол жеткізе қоймаса да, дегенмен ғылыми қағидалар қазірдің өзінде еңбекте қолдануда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет