Жай сұрақтар: Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде көрсетіңіз


Химия-күрделі жүйелер туралы ғылым



бет47/52
Дата18.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153707
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
Filosofia dayyn[1]

Химия-күрделі жүйелер туралы ғылым
Макроскопиялық заттардың құрылысы мен физика-химиялық қасиеттері, оларды түзейтін атомдар мен олардың молекулаға бірігу әдістері, химиялық байланыстарының құрамы мен түрлеріне тәуелді болды. Натур философиядан бастау алып дамып келе жатқан атомизм концепциясы қазіргі жаратылыстану ғылымдарының түпкі тамыры болып саналады. Химияның мақсаты мен маңызын және адамзат баласына қажеттілігін бірауыз сөзбен жеткізуге тырысатын, көптеген анықтамалар кездеседі. Бұл анықтамаларды талдау үшін химияның тек заттар туралы ілімдердің жиынтығы еместігін, ол өте жоғары дәрежеде реттелген, үнемі белгілі бір заңдылықпен дамып жүйеленген ғылым екендігін ескеру керек. Өзімізге қажетті қасиеті алдын-ала белгіленген жаңа материалдарды анықтап, қасиеттерін басқаруға болатын әдістерді тандау химияның негізгі мақсаты мен міндеті болып саналады. Бұл мәселелер ертеден-ақ туған және бүгінде маңызын жойған емес. Өзінің даму тарихында химия негізгі мәселелерді толық шешу үшін химиялық заңдылыктар мен әртүрлі процестер мен әдістерді жүйелі пайдалана білді. Негізгі проблеманы анықтауда химия заттардың қасиеттері мен оларға әсер ететін факторларды төрт түрлі әдістерді пайдаланып зерттеуді мақсат етті. 
Бұл факторларға :
1. Элементтік және молекулалық құрам;
2. Молекулалық құрылыс;
3. Заттың химиялық реакция процесіндегі кинетикасы мен
термодинамикалық жағдайы;
4. Заттың химиялық ұйымдық деңгейі жатады Соңғы химиялық фактор бүгінгі кезеңде қалыптасты.
Астрономияда – аспан әлеміндегі денелердің құрылымы мен қозғалысы зерттелсе, – математика, есептеу саласы, геометрия – математиканың бір тарауы ретінде үшбұрыш, текше, квадрат, геометриялық дене, шар, пирамидаларды, натурфилософия – табиғатты зерттеу ілімі ретінде теориялық көзқарастар жүйесін қалыптастырады. Көрінген білімде әртүрлі дәрежедегі бағалау белгісі болғандықтан, бейнелейтін затқа байланысты ғылыми, діни, философиялық, әдептілік, саяси, экономикалық, т.б. көзқарастар ажыратылады.
Космология, ғарыш ілімі – Ғаламның біртұтастығы және оның астрономиялық бақылаулар арқылы танылған бөлігі жайлы ілім; астрономияның бір бөлімі. Космологияның тұжырымдары (Ғаламның модельдері) физиканың заңдары мен астрономиялық бақылаулардың деректеріне, сондай-ақ адамзат қоғамының әр түрлі дәуірлеріндегі философия принциптерге сүйенеді.
Ғылым - тарихи- заттық жəне рухани дүниенің объективті заңдарын ашу жəне қарастырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттармен бағдарларын болжай білу құралы. Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі. Ғылымға енетін қағидалар дəлелденген жəне негізделген болуы керек. Күмəн туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталды. Сондықтан ғылым теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми прогресс барысында үнемі жаңа теориялар еніп отырады. Қазіргі дəуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер
кезеңі. Ғылымды - қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндіріс ғылымға қарай батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы мен бірігуі, ғылымның тікелей өндіргіш күшіне айналуы - қазіргі ғылымның ерекшелігінің бірі.Ғылымның техникамен жəне өндіріспен байланыстыратын қажетті буын -қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа жəне ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету жағдайында іргелі жəне қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет