Жай сұрақтар: Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде көрсетіңіз


Әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми пәндер циклының қалыптасуы: эпирикалық мәліметтер және тарихи-логикалық қайта құрулыларын дәлелдеңіз



бет32/52
Дата18.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153707
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
Байланысты:
Filosofia dayyn[1]

2.Әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми пәндер циклының қалыптасуы: эпирикалық мәліметтер және тарихи-логикалық қайта құрулыларын дәлелдеңіз.
Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр – адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) – ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) – әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) – Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады. Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар – атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы. Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды. Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі – ғылымның басты мақсаты – жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.Қазіргі ғылым XX ғасырмен XXI ғасыр аралығын қамтиды. Барлық сипаттары бойынша ол классикалық ғылымнан өзгеше, сондықтан кейде оны классикалық емес ғылым деп атауға болады. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары төмендегідей: Классикалық механиканы негізгі ғылым деп санаудан бас тарту, оны кванттық-релятивистік теориямен алмастыру. XX ғ 2ж. Ғылымда өзгерістер болды, яғни ғылым дамуының посткласикалық емес кезеңі басталды. Постклассикалық емес кезеңнің белгілері: ғылыми қызмет сипатының өзгеруі, пәнаралық зерттеудің және кешенді зерртеу бағдарламасының таралуы, экономикалық және әлеуметтік сасяси факторлар мен мақсаттардың мәнінің өсуі. И. Пригожин, Г. Хакен, Э. Янч, У. Матуранның және т.б. зерттеулерінде эволюциялық-синергетикалық парадигма қалыптасады. Ф.Капра жүйелілік парадигмасы туралы айтады. Ол Дж. Чу, Г. Бэйтсон, Д. Бом, Э. Ф. Шумахер, И. Пригожин, Э. Янчтың еңбектерінде көрсетілген. Метологтар ғылымның экологиялық және гуманизация тенденцияларын көрсетеді. Постклассикалық емес ғылымның экологиялық бағыты А. Нэсс, Б. Девал, Дж. Сешенс, Б. Каликотт, Л. Н. Эверден, Б. Токкар, Ю. Харгроувты байланыстырады. Ал гуманизация ойлаудың экологизациясы, тіл анализі, психоанализ арқылы жаратылыстану ғылымдарында орын алады. Постклассикалық емес ғылымның объектісі өздігінен дамитын күрделі жүйелер, табиғи жиындар, мысалы адамдар. Бұл объектілер «адами өлшем» терминімен белгіленеді. Постклассикалық емес ғылымның өзекті идеялары: нелинейность, коэволюция, өзін өзі ұйымдастыру, жаһандық эволюционизм, жүйелік идеясы. Постклассикалық емес ғылым қалыптасу және өзін — өзі ұйымдастыру (синергетика) парадигмасына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет