СөЖ Ғылыми зерттеу жоспарын құру



бет1/13
Дата09.10.2022
өлшемі169,5 Kb.
#152291
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ғылыми жоба


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


СӨЖ


Ғылыми зерттеу жоспарын құру

Тексерген: Ермекова Т.Н.
Орындаған: Кенжебаева М.


Алматы, 2022 ж.

Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.


Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.
Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады. Дене және ой еңбегінің түрлері: медицина, транспорт, байланыс, адамның күнделікті өмірінде ғылыми-техникалық прогресс ерекше орын алады.
Ғылымның жіктелуі – белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы. Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.
Ғылым түрлерінің проблемасы – бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін, тарихи тұрғыдан қарастыру керек.


Зерттеу кезеңдері:
1. тақырыпты негіздеу, мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
2. тақырыпқа байланысты теориялық жадығаттар жинақтау, әдебиеттерге шолу жасау, талдау;
3. ғылыми жобаларды жазудың түрлерін қарастыру;
4. жұмысты қорытындылау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет