СөЖ Ғылыми зерттеу жоспарын құру


Оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар жарысының облыстық кезеңінің талаптары



бет6/13
Дата09.10.2022
өлшемі169,5 Kb.
#152291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ғылыми жоба

Оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар жарысының облыстық кезеңінің талаптары:

  • облыстық іріктеу кезеңіне қалалық кезеңде 1 және 2 орын алған жұмыстар кіреді;

  • ғылыми жоба 2 дана болу керек.

  • Ғылыми жоба барлық талаптарға сай жазылып, безендірілу керек.

  • Ғылыми жобаның әр данасында міндетті түрде:

А) 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) аннотациясы
Ә) жоғарғы оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен расталады
Б) зерттеу күнделігі
Оқушылардың ғылыми жобалар жарысының республикалық кезеңі
Тестілеуге (1-інші республикалық кезең) облыстық кезеңнен 1,2,3 орын алған оқушылар қатысады. Тестілеуден 60 және одан жоғары балл алған оқушылар 2-інші республикалық іріктеу кезеңіне өтеді (экспертиза).
Республикалық кезеңде оқушылардың ғылыми жобаларын қорғауға қойылатын талаптар:
1. Стенді қорғауға. Стендінің өлшемі 135* 125 см болуы тиіс, онда келесі ақпаратттар орын алады:
А) фото (9 * 13 см), тегі, аты, мектебі, сыныбы, қала/аудан, облыс;
Б) Бағыты, секциясы, жоба тақырыбы, жетекші, ғылыми жетекші;
В) мақсаты, міндеті, маңызы, жаңалығы;
С) аннотация (оқу тіліне байланысты қазақ немесе орыс тілінде)
Д) қорытындылар
Е) жұмыстың мазмұнын толық қамтитын материалдар, талаптарға сай графиктер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар нөмірленген болуы тиіс.
2. Қайшы, скотч және т.б. (стендіні безендіруге керек заттар).
3. Туу туралы куәлік немесе жеке куәліктің өзі және көшірмесі, эпид. ортаның тазалығы және денсаулығы жайлы туралы анықтама (мөрмен) [2].
IІ-тарау. Ғылыми зерттеу жұмыстарының бағдарламасын әзірлеу, мәселелерін қалыптастыру мен қоюдың негізгі принципі.


2.1. Ғылыми шығармашылық
Шығармашылық - белгілі бір нәрсенің шегінен шығып ойлаудың ең биік формасы, сондай-ақ шығармашылық жаңа бір нәрсені туғызатын әрекет. Соңғы айтқанымызға міндетті таңдау мен қоя білу, жақсы нәрсені іздеу жэне оны шешу әдісі, нәтижесінде - жаңаны жасап шығару жатады. Шығармашылық адам әрекетінің кез-келген саласында орын ала алады: ғылыми әрекетте, өндірістік - техникалық салада, саясат саласында, өнер саласында т.б. [3].
Көбінесе, ғылыми шығармашылық қоршаған ортаның танымымен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық (не жай техникалық) шығармашылықтың адамның тәжірибелік қажеттіліктерін қанағаттандыратын бағыты және мақсаттары бар. Оның астарынан ғылым жетістіктерінен қолдану негізінде техника саласындағы міндеттерді іздеу мен оны шешуді түсінуге болады. Бүкіл адамзат тарихы бойы өткен замандардың ғалымдары мен өнертапқыштары жаңа нәрсені жасап шығару үшін өндірістік әдіс «байқап көру және қате» әдісін қолданды. Ойлауға сыйымды, мүмкін нұсқаулардың көп бөлігін жүйесіз таңдай отырып, олар (кейде!) қажетті шешімге келіп отырды.
Таным теориясының келтірілген элементтері ғылыми-техникалық шығармашылықтың негізгі әдіснамалық құралдары болып табылады, оларға эвристикалық тәсілдер мен активизация әдістері және шығармашылық еңбекті ғылыми ұйымдастыру жатады. Солардың бірнешеуін келтірейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет