СөЖ Ғылыми зерттеу жоспарын құру


Ғылыми-зерттеу бағытын таңдау



бет7/13
Дата09.10.2022
өлшемі169,5 Kb.
#152291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
ғылыми жоба

2.2. Ғылыми-зерттеу бағытын таңдау
Ғылыми зерттеудің мақсаты – объектіні, үрдісті немесе құбылысты жанжақты нақты зерттеу; олардың құрылысын және байланысы мен қатынасын ғылымдағы принциптер және таным тәсілдер негізінде зерттеу, сонымен қатар өндіріске адамға пайдалы нәтижелерді алу және енгізу болып табылады.
Кез келген ғылыми зерттеудің өзінің объектісі мен заты болады.
Ғылыми зерттеудің объектісі материалдық немесе идеалдық жүйе болып табылады.
Зат – бұл жүйенің ішінде және сыртында элементтердің өзара әсерлесу заңдылығының, дамуы заңдылығының, жүйенің құрылысы, әр түрлі қасиеттері мен сапалары және т.б.
Пәні – жүйе құрылымы, жүйе ішіндегі элементтердің өзара әрекет заңдылықтары, даму заңдылықтары, әр түрлі қасиеттер мен салалары т.б.
Бағытты таңдау, мәселелер, ғылыми зерттеулердің тақырыптары мен ғылыми мәселелерді алдыға қою шамадан тыс жауапты міндеттер болып табылады.
Ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктері:
• Кешенді мәселе (проблема)
• Мәселе (проблема)
• Ғылыми зерттеулердің тақырыбы және сұрақтары
Кешенді мәселе. Кешенді мәселе проблема бір мақсатпен біріктірілген проблемалардың жиынтығы болып табылады. Өзекті бағыттар және зерттеудің кешенді проблемалары біздің еліміздің үкіметінің бағдарлы құжаттарында құрастырылады. Зерттеу бағыты көбінесе зерттеуші жұмыс істейтін ғылым саласымен, ғылыми мекеменің ерекшелігімен алдын ала анықталады. Сондықтан әрбір зерттеушіге ғылыми бағытты таңдау ғылым саласын таңдаумен байланысты болады. Зерттеу бағытын конкретизациялау осы уақытта белгілі бір бағытта өндірістік сұранымдардың күйін, қоғамдық қажеттерді және зерттеу күйін зерттеудің нәтижесі болып табылады. Жүргізілген зерттеудің нәтижесін және күйін зерттеу үрдісінде, өндірістік есептерді шешу үшін бірнеше ғылыми бағыттарды кешенді қолдану идеялары құрастырылуы мүмкін.
Бұл жағдайларда кешенді зерттеу жүргізудің жағымды талаптары жоғарғы мектептерде ғылымның және техникалардың әр түрлі саласында құрылған ғылыми оқу мектептерінің бар болуына басты оның университеттерінде болатынын айтып кеткен жөн. Таңдап алынған зерттеу бағыты кейін ғылыми қызметкердің және ғылыми комитеттің стратегиясы болып кетеді, кейде ұзақ мерзімге созылады.
Зерттеудің таңдалған бағыты бұдан ары қарай ғылыми қызметкердің немесе ғылыми ұжымның стратегиясы болып қалады.
Мәселе. Мәселе (Проблема) – бұл шешімі қоғаммен шығарылған, күрделі теориялық және практикалық есептер жиынтығы. Әлеуметтік-психологиялық позиция тұрғысынан проблема бұл – қоғамдық қажеттіліктер арасындағы білімде және оны белгілі жолдармен алудағы қарама-қайшылығының, білім және білімсіздіктің арасындағы қарсыластықтың көрінісі. Проблема адамзаттық тәжірибе қиындыққа жолыққанда немесе мақсатқа жету мүмкінсіздігіне келгенде ғана туады.
Мәселе (Проблема) - т.б есеп масштабына басты ауқымды (глобальды), ұлттық, аймақтық, салалық, сала аралық болуы мүмкін. Мысалы, табиғатты қорғау проблемасы глобальды болып табылады. Өйткені оның шешімі қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға бағытталған. Жоғарыда айтылғандардан басқа проблемалардың жалпы спицификалық түрлері бөлінеді: жалпы түріне жалпы ғылыми ортақ халықтық проблемалар жатады.
Спицификалық проблемаларға белгілі бір өнеркәсіптік өндірісіне тән. Мұнай газ өндірістердің өнеркәсіпте мұндай проблемаларға мұнай бергіштіктің жоғарылауы және мұнай мен газ өндіру құралдарының жаңа түрін шығару және т.б. жатады.
Ғылыми зерттеулердің проблемаларын және тақырыбын таңдауда алдымен зерттейтін бағыттың қарама қайшылығын талдау негізінде, проблеманың өзі құралады және жалпы түрде күтілетін нәтижелер анықталады, сонан соң проблема құрылысы өндіріледі, тақырыптар, сұрақтар, орындаушылар анықталады және олардың өзектілігі (актуалдығы) белгіленеді.
Бұл кезде псевдопроблеманы ғылыми проблемалардан ажырата білу маңызды. Псевдопроблемалардың көп болуы ғылыми жұмысшылардың қажетті мөлшерде ақпараттандырылмағандығымен байланысты, сондықтан кейде мақсаты бұрын алынған нәтижелер болатын проблемалар туады. Бұл ғылымдардың еңбектерінің және қаражаттардың қажеті жоқ шығынына әкеледі. Сонымен бірге кейде аса актуалды проблеманы өндіру кезінде оның шешілуіне әртүрлі ғылыми коллективтерін қатыстыру мақсатымен оны қосарландыру керек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет