3.3. Жаңалық ашудың жазбасы. Жаңалық жазбасы сонымен қатар графикалық материалдар (Егер олар қажет болса) ашылған жаңалықты суреттейтін тапсырыстың негізгі құжаты болып табылады. Жаңалық ашудың жазбасына мыналар кіреді:
Жаңалық атауы және тапсырыс берушінің ойы бойынша жаңалықтың халықаралық жіктеу класы;
Жаңалықтың техника аймағы және жаңалықты қолданудың пайдалы аймағы;
Жаңалықтың аналогінің сипаттамасы;
Тапсырыс берушімен таңдалған прототив сипаттамасы;
Прототив критикасы;
Жаңалық ашудың мақсаты;
Жаңалық ашудың мәні және оның айырмашылық белгілері;
Графикалық суреттеудің фигуралар тізімі;
Нақты орындау мысалдары;
Техника экономикалық немесе басқа тиімділік;
Жаңалық ашу формуласы;
Жазбаның әрбір бөлімі жеке абзац түрінде келеді. Жазбаның барлық бөлімдерін жазу кезінде осы техника аймағында қабылданған терминдерді қолдану керек, өлшеудің бір бірлік жүйесін қолдану керек.
3.4. Жаңалық ашудың формуласы. Тапсырыста келтірілген жаңалық ашудың формуласы жаңалықтың жаңалығына және мәнді айырмашылығына мемлекеттік ғылыми техникалық экспертизаны жүргізетін органның бағалауына қорытынды шешім береді, объектіні жаңалық деп тапқан жағдайда тек қана жалғыз ол құқықтық мәнге ие болады, яғни оған жаңалықты қолдану фактісін (немесе қолданбау) орнатады.
Жаңалық ашудың формуласы – бұл жаңалық объектісінің және техникалық мәнін көрсететін, орнатылған ереже бойынша құралған сөздік сипаттама.
Жаңалық туралы қорытынды сәйкес салада компетентті мамандармен дайындалады, ғылыми техникалық, техникалық, ғылымдар кеңесі немесе оның секциясы, кафедрасы, лабораториясы, бөлімі немесе басқа да құрылымдық бөліндісінің жиналысында талқыланады. Содан соң ұйым басқарушысымен бекітіледі.
Жаңалық туралы қорытындыда жаңалықтың атауы және оның авторы, потенттік зерттеу жүргізілгені туралы мәлімет анықтама түрінде, халық шаруашылығы қолданудың мүмкін аймақтары туралы, күтілетін техника экономикалық немесе басқа эффектідегі, жаңалықтың халық шаруашылығындағы қолданылатын техникалық дайындығы туралы мәліметтер болуы керек. Жүргізілген потенттік зерттеулер туралы мәліметтерде мыналар болуы керек.
Патенттік құжаттама (мемлекеттік, шетелдік, авторлық, куәлар және патенттер)
Объектіге тікелей қатынасы бар ғылыми техникалық әдебиет (кітаптар, дисертациялар, журналдар)
Зерттеу үрдісінде анықталған жаңалықтың аналогтары оған жақын прототипті көрсету. Объектіні патенттік және ғылыми техникалық әдебиет бойынша зерттеу туралы анықтамада, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Жапон, Швецария. Патенттік құжаттамасы бойынша зерттеу нәтижелері көрсетіледі.
Ұйым қызметінің және жаңалықтың профильдейтін бағытына қатысты өндірудің жаңалығын зерттеу кезінде ізденіс ереже бойынша 50 жыл бұрын берілген тапсырыстар да жүргізіледі.
Ұйым қызметінің профильдейтін бағытына қатысты емес, өндірудің жаңалығын зерттеу патенттік ізденіс 15 жылға дейін жүргізіледі. Ғылымның және техниканың жаңа аймақтары үшін ізденіс уақыт бойынша 1-ші шығарылған патенттік құжаттамалардан бастап жүргізіледі.
Бірлескен авторлардың творчествалық қатысуы туралы мәліметтер арнайы формада келтірілген анықтамада беріледі. Анықтамада авторлардың әрқайсысының қандай да бір творчествалық қатысуы көрсетіледі. (объект белгілері бойынша). [6]