Тәрбие сағаты: «Ана – өмір шуағы»
Тақырыбы:«Ана–өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Проектор.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
1-оқушы
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген - тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар!
2-оқушы
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің меркесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
3-оқушы
Айналдым «Ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
4-оқушы
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы:
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
5-оқушы
Наурыз сәуірдің егізі,
Бүгін наурыздың сегізі.
Ең қымбат гүлі баланың
Анаға айтар лебізі.
6-оқушы
Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын теңдік алған-
Қуанышты берекең.
7-оқушы
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Достарыңызбен бөлісу: |