Жай түсіп жатқанда да құламадың Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның



бет6/8
Дата11.04.2022
өлшемі41,83 Kb.
#138909
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ана
Ана, кристал тор, 3-Емтихан жауаптары, Қыз өмірдің қызғалдағы Баяндама, 297870, 315402
Ән: «Мама»
21-оқушы
Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
22 -оқушы
Бауырсақ шайнап жегізген,
Жая десем, жал беріп,
Шекер десем, бал беріп,
Аялап мама емізген,
Аяулы анам, аман бол!
23-оқушы
Қуанышы баланың -
Қуанышы ананың.
Қуанышы ананың -
Қуанышы баланың.
Бізді өсірген, апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын, апатай,
Құтты болсын мерекең!
24-оқушы
Айналайын, анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.
Айналайын, анашым,
Жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенше,
Шын сағынып қаласың.
Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған аналарына деген сыйлықтарын тапсырады. Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін. Енді, аяулы асыл аналарымызды ортаға шақырамын.
Сыныптың аналарын екі топқа бөліп«Өлеңнің жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, өнерлерін тамашалайық.
Ойынның шарты: Бір топтың аналары өлеңді бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары ән айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Әнші ана!» дипломымен марапатталады.
Жеке номер: «Қара жорға» биі
Ортаға үш қыз бен аналарын шығарамын да «Көзіңді жұм да таны»ойынын ойнатамын. Ойынның мақсаты: Аналардың тапқырлығы, байқампаздығын анықтау. Ойынның шарты: Аналардың көзі байланады, қыздардың орындары ауыстырылып қойылады да көзі байланған қыздардың аналары, өз қызын қалай да болса танып алуы керек. Жеңімпаз ана «Тапқыр ана!»дипломымен марапатталады.
Жеке номер: Айым мен Асылдың орындауында «Анашым» әні
Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, ортаға шығарамын да «Мақалдың жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, білгірліктерін тексеремін. Ойынның шарты: Бір топтың аналары мақал бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары мақал айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Мақалшы, ана!»дипломымен марапатталады.
Ортаға үш ананы шығарып «Шынықсаң, шымыр боларсың!» ойынын ойнатамын. Ойынның мақсаты: Аналарымыздың спортқа деген бейімін байқау. Ойынның шарты: Жерге үш қатар газет төселеді де ортаға шыққан үш ана сол газеттердің үстімен жылдам жүріп келесі бетке өтуі керек те келесі беттегі есепті шығарып кері қайтуы қажет. Алғашқы боп жеткен ана «Спортшы ана» дипломына ие болады.
Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, ортаға шығарамын да «Биле, биле!» ойынын ойнату арқылы, бишіліктерін тексеремін. Ойынның шарты: Бір топтың аналары би бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары би бастайды да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Биші ана!»дипломымен марапатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет