Жакашева Гульжанат Касымовна 1-сынып математика пәні сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы



Дата23.08.2017
өлшемі176,9 Kb.
#25040
түріҚұрамы
Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

Көкжыра ауылы

«Амангелді орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Жакашева Гульжанат Касымовна

1-сынып математика пәні

Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: 7 санының құрамын анықтай білуге үйрету.Сәйкес теңдіктерін жазу және оқуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өз бетімен қорытынды жасауға баулу.

Тәрбиелік: Білімге ынталандыра отырып,еңбекке баулу,бір-біріне көмектесуге үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, цифрлар, дидакикалық материалдар,слайдтар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын түрлері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

-Кеше қандай санмен таныстық?

-7 санымен.



1.Сандар құрамын ауызша қайталау.Топпен жұмыс.

1-топ 2-топ 3-топ



4 5 6

2.7-ге дейін тура және кері санау:

1,2,3,4,5,6,7

7,6,5,4,3,2,13.Сандарды тақтаға жазу.



  1. Сандар жайлы жұмбақ айту.

Балғасы жоқ орақпын./5/

Бүкірлеумін ирекпін,

Мойынындай үйректің./2/

Сергіту жаттығуын жасау.

Табақта бес алма,

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?/7/

ІІІ.Жаңа сабақ.
-Біз бүгін сендермен 7 санының құрамымен танысамыз. Ойыншықтарды екі сөреге қою арқылы 7 санынының құрамына көңіл аударту.

Өзіндік жұмыс жүргізу.Сандарды бос тор көздерге орналастыру.


7 7 7
5 2 4 3 1 6



Оқулықпен жұмыс.Есепер шығару.

4+3=7 7-4=3

5+2=7 7-5=2

Кескіндерді салыстыру.

7см*6см 6см*7см



Салыстыру

0*7 7см*6см 7*7 6*7

Ойын «Жоқ санды тап»




2

4

6




7



5





3

1

Қазақ халқының 7 санына байланысты 7 ата, 7 күн,7 жарғы, 7 қазына туралы айту.Оқушыларға айтқызу.



Дұрыс жауапты тап.Сызықпен қос.


7

1+6 7-1


4+1 5+2

2+5 3+4


Сергіту жаттығуын жасау.

Өз беттерімен ауызша есеп құрастыру.

Олжаста 5 қарындаш бар .Самал 2 қарындаш берді.т.б



Апта күндеріне байланысты өлеңмен таныстыру.

Сәл дем алып, тыным ал,

Тақпақ тыңдап , ұғып ал.

Апта деген ағайдың

7 бірдей ұлы бар.

Біріншісі-Дүйсенбі

Екіншісі- Сейсенбі

Үшіншісі-Сәрсенбі

Төртіншісі-Бейсенбі

Бесіншісі-Жұма

Алтыншысы-Сенбі

Жетіншісі-Жексенбі

Дәптермен жұмыс.

6+1 7-1

0+7 7-0 т.б

Жұмбақ шешу.

Жаңылмастан жетеуі ,

Кезек қызме етеді./ аптаның 7 күні/

Қорытындылау. Оқушыларды мадақтау.

4-сынып Дүниетану пәні

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі.

Мақсаты:1.Жануарлар әлемімен таныстыру.

Жануарлардың алуан түрлілігімен таныстырып,

тіршілік ортасымен хабардар ету.

2. дүниетанымын, сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін арттыру.

3. табиғатты сүюге, қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу..

Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру

Технология: «СТО» технологиясы,

Сабақтың көрнекілігі: тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.(оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту)

Әдіс – тәсілі: стратегияларды қолдану

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мұғалім жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе мәлімет береді.



Тірек сөздермен жұмыс.

Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар

1 минут ішінде оқып, есте сақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң блок жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады, жазып болған соң сөздердің саны енгізіледі, сонан соң блок ашылады да, балалар қалдырып кеткен сөздерді дәптерлеріне жазып алады. Егер оқушылар 7 сөзді тез есте сақтап, дәптерлеріне жазып берсе, бұл тапсырманы орындағаны, келесі сабақта жоғары тапсырмаға қарай өту керек, яғни, келесі сабақта 14 сөз беріледі. Бұл кезең жаңа сөзді есте сақтаудың бір түрі. Бірінші баға енгізіледі.

Тірек сөздер: жануарлар, аңдар, құстар, балықтар, жәндіктер, қосмекенділер, жорғалаушылар,жабайы жануарлар,үй жануарлары, шөпқоректілер, жыртқыштар, талғаусыз қоректілер.



ІІІ. Карта: . Ойлауды ұйымдастыру.

Мәтінмен жұмыс- 3 минут беріледі.

Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс. Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескертеді.

Қарама – қарсы сұрақтар:

1. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?

2. Аңдарды қандай екі топқа бөлеміз?

3. Ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенетін жануарларды қалай атаймыз?

4. Шөпқоректілерге қандай жануарлар жатады?

5. Ақбөкен- қандай жануар?

6. Оның тұмсығы қандай болып келеді?

7. Денесі қандай?

8. Саршұнақ қайда мекендейді?

9. Саршұнақ егістікке қандай зиян келтіреді?

10. Қандай жануарларды жыртқыштар деп атаймыз?

11. Жыртқыштарға қандай аңдар жатады?

12. Барыс қандай аң?

13. Ол қайда тіршілік етеді?

14. Қасқырлар аңды қалай аулайды?

15. Қандай жануарларды аулайды?

16. Аю немен қоректенеді?

17. Борсық пен кірпі нелерді қорек етеді?

18. Қабан немен қоректенеді?

19. Үй жануарларларын ата.

20. Шөпқоректілер дегеніміз не?

21. Түлкі қандай аңға жатады?

ІҮ. Бекітуді алғашқы ұйымдастыру.

Сын тұрғысынан сұрақтар қою.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса- «иә», қате болса- «жоқ» деп жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады.

Сын тұрғысынан сұрақтар

1. Жануарлар аңдар, құстар, балықтар, жәндіктер, қосмекенділер, жорғалаушылар болып бөлінеді.+

2. Аңдарды үш топқа бөлеміз.-

3. Ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенетін жануарларды шөпқоректілер дейміз.+

4. Қасқыр- шөпқоректі жануар.-

5. Ақбөкен-жыртқыш жануар.-

6. Оның тұмсығы етті, кеңсірігі дөңес.+

7. Денесі сымбатты, аяғы жіңішке, әрі мықты+

8. Ақбөкендер тауда тіршілік етеді.-

9. Олар шөппен қоректенеді.+

10. Саршұнақ тауда, далада мекендейді.+

11. Саршұнақ етпен қоректенеді.-

12. Саршұнақ егістікке пайда келтіреді.-

13. Өсімдікпен қоректенетін жануарларды жыртқыштар деп атаймыз.-

14. Жыртқыштарға қасқыр, түлкі, барыс жатады.+

15. Барыс – жабайы , мысық тұқымдас аң.+

16. Ол далада тіршілік етеді.-

17. Ол арқар, таутекелерді аулайды.+

18. Қасқырлар аңды жеке аулайды.-

19.Қасқыр тек ұсақ жануарларды аулайды.-

20. Қыс қатты жылдары олар малға жиі шабады.+

21. Аю жаңғақпен қоректенеді.-

21. Борсық пен кірпі талғаусыз қоректілер тобына жатады.+

22. Кірпі жыланды көрсе қорықпай бас салады.+

23. Қабан – жыртқыш жануар.-

24. Талғаусыз қоректілер өсімдікпен ғана қоректенеді.-

25. Талғаусыз қоректілерге борсық пен кірпі жатады.+

26. Түлкі, барыс, қасқыр-үй жануарларлары.-

27. Шөпқоректілер етпен қоректенеді.-
28. Барыс – ақылды, сымбатты, мықты жыртқыш.+

29. Саршұнақ шөл далаға қоныстанады.-

30. Түлкі – жыртқыш аңға жатады.+
V.Қорыту.Сабақ қорытындысы бойынша оқушыларға баға қойылады.

VI.Үйге тапсырма беріледі.


4-сынып сыныптан тыс шара


Тақырыбы: «Білімнің бастауы –бастауыш»

Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру .Бастауыш сынып оқушыларында білім негізін қорытындылау,

Әдісі: сұрақ-жауап

Барысы: І. Ұйымдастыру кезең

Ал ,қанекей балалар

Бері қарай қарайық

Алаңдамай басқаға

Сабаққа назар салайық

Әділқазылар алқасын сайлау, сайыскерлерді таныстыру

І кезең “Бәйге”

ІІ кезең ” Тапқыр болсаң ұтып көр”

ІІІ кезең “Мың бір мақал”

ІҮ кезең «Кім жылдам?»

Ү кезең “Ойлан, тап”

ҮІ кезең «Кім көп біледі?»

1-кезең БӘЙГЕ

1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып белгіні көтерген оқушы жауап береді. Егер де жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

/14 сұрақ қойылады, сұрақ 3 жауаптан тұрады, әр сұраққа 10 балл беріледі/

1-кезеңнің соңында ең аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады

1.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? /2сағ/

2.Сантиметрмен өрнекте: 6 дм 8 см =  cм /68см/

3.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? /алмұрт/

4. Бір апта 2 күнде неше күн бар? /9 күн/

5. Саудагерлер екі үлкен тұзды белгі ретінде қойып кетіеді Бұл мәтіннің Тақырыбы қалай аталады? /Екібастұз/

6. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал /тұсбағдар/

7. Шана мәтінінде Жәнібек әкесін қалай састырады ?

8. б,в,г,ғ,д,ж қандай дыбыстар? /ұяң/

9. Жуан дауысты дыбыстарды ата. /а,о,ұ,ы/

10. Ең мықты қандай ағаш? /емен/

11. Құрбақа қыста не жейді? /ештеңе/

12. Бүлдіргенді жақсы көретін аң. \АЮ\

13.7 дм неше см бар? /70см/

2- кезең: ” Тапқыр болсаң ұтып көр”

Білімділер , біліктілер ортада,

Көрейікші білімдерін тексеріп

Қай жүйрік оза шабар, бабында

Есептеуде шапшандығын танытып

Ауызша есептерді шапшаң шығару

І топ ІІ топ

95 – 34=61

51 + 41=92

(12+5)-10

(50+20)+20



1 сағ=60 мин

70 мин= саг мин

1 саг 20 мин = мин


22 + 78=100

49 – 36=13

100- (50-10)

(70-30)+20



80 мин= саг мин

1 саг 30мин = мин

60 мин= саг


ІІ- кезең: «Кім жылдам?» (әр топқа сұрақтар қою)

Өз ойыңды ашық айтып ,

Түйіндейміз білімді.

Әр нәрсенің жауабын тез

Айтайықшы ұғымды.
Олай болса кезекті сұрақтарға берейік, шешімін кім тез табады?

І – топқа

1.      Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан).

2.      Сөйлемдегі сөздердің байланысы дегеніміз

3.      Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

4.      Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт).

5.      Ы.Алтынсарин кім? (Қазақ мектебін  ашқан).

6.      Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең).

7.      Тірі табиғатқа не жатады? (адам).


ІІ – топқа

1.      Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр).

2.      Сөйлем түрлерін ата. (хабарлы,сұраулы,лепті).

3.     Түбір дегеніміз не?

4.      Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, т.б.).

5.      Абай Құнанбаев кім? (ақын).

6.      Табиғат деген не? (айналаны қоршап тұрған дүние).

7. Кез-келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғала-рының ұзындықтарын қосу арқылы)


ІІІ – кезең “Мың бір мақал»

Ананың көңілі балада, …

Қына тасқа бітеді, ...

Досы көпті жау алмайды, …

Ер жігіт елі үшін туады, …

Ақыл – тозбайтын тон, ...

Өзге елде сұлтан болғанша, ...

Білекті бірді жығар, ...

Туған жердің күні де ыстық, …

Еңбектің наны тәтті, ...

Бірлік болмай, ...

Ердің көркі елімен, ...

Туған жердей жер болмас, ...

Оқу – білім бұлағы, ...

Еңбегің қатты болса, ...

Төртеу түгел болса, ...

Ырыс алды - ...

Еңбек етсең ерінбей, ...

Білім қымбат, ...

Отансыз адам - ...

Жақсы туса - ел ырысы, ...

Әдепті бала арлы бала, ...

Үлкенге - құрмет, ...

Жақсыдан үйрен, ...

Қына тасқа бітеді, ...

Ата көрген оқ жонар, ...

Оқусыз білім жоқ, ...

Туған жердің қадірін, ...

Жақсы кісі көпшіл, ...

Бірлігі жоқ ел тозады, ...

Оқусыз білім жоқ, ...

Сулы жер - …

Жақсы байқап сөйлер, ...

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,...    



»

V-кезең Көрермендерге сұрақ

1) Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды? ( 10 торғай).

2) Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды? ( түйеқұс ұшпайды).

3) Қонып алып жарға,

Қарқылдайды .............. (қарға)

4) Дуадақ құс шөлде,

Аққу, қазда ......... (көлде)
     ІҮ-кезең: Өлеңді жалғастыру.

1.Дайындашы тонымды,

Айға аттанам ,апа!

........................................

..........................................

2.Білім алған өзіңнен

Дәрігер, ұшқыш, не ғалым.

...........................................

............................................

VІІ кезең: «Кім көп біледі?»


Сан артындағы тапсырмаларды орындау арқылы өздеріне ұпай жинайды.

Көп білу озаттардың санатынан

Ұшқыр ой айта алады әр затынан

Озаттардың озаты шапса бүгін

Дарабоз гой шынымен ол затынан

10
Үнді дауысыздарды ата н м ң р у

20
Рәміздерді ата


30

Апайда 3гүл бар, мен 3 гүл сыйладым. Апайда неше гүл бар?

40

Бақаны неге «қосмекенді» деп атайды?

10

Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың аты.

20
Ұян дауыссыздарды ата? Б, ж з д


30
Дыбыс дегеніміз не?

40
Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата?


10

Еліміздің астанасы қай қала?

20

«Медеу» мұз айдыны қайда орналасқан?



30

«Есіл» өзенінің бойында қай қала орналасқан?

40

Дауысты,дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді, ата

VІІ кезең: Қорытынды

Ұпай бойынша жеңген топ дипломмен марапатталады.

Қазақ тілі



2 сынып

Сабақ тақырыбы: Сөз құрамы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Түбір мен қосымша туралы ұғымдарын кеңейту, сөздік құрамын байыту, байланыстырыа сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:Шапшандыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс

Сабақтың көрнектілігі: Тірек сызбалар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер.

Қолданылатын технолия: АКТ

Сабақтың барысы.

I Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сыныпты үш топқа бөлу. Ойын шарттарымен таныстыра отырып, әр топқа тапсырмалар беру.

А тобына-сөз құрамы

Б тобына-түбір

В тобына-қосымша

Топтар өз тапсырмаларына дайындалады. Дайындалып болған соң, төмендегі тәртіппен орын алмасады:бір үстелдің басына А-1,Б-1,В-1,тиыны барлар келесі үстел басына А-2, Б-2,В-2, соңғы үстелге А-3,Б-3,В-3 тиыны барлары орын алмасады.

Үстел басына жиналған әр топтың өкілдері өз тақырыптарын айтып шығады. Оқушылар өздерінің орныдарына келеді. Әр бір топтан бір оқушыдан шығып өз тақырыптарын айтып шығады.

А-тобының тірек-сызбасы.

Сөз құрамы

Түбір Қосымша

Бала лар

Оқу шы


Көл шік

Б-тобының тірек-сызбасы.

Түбір сөз

Түбір Қосымша

Заттың аты Сапа аты

В-тобының тірек-сызбасы.

Қосымша

Жұрнақ Жалғау

Сөз мағнасын өзгертеді Сөзбен сөзді байланыстырады

Ән-ші әнді, әнмен

Әр топтан сөйлеген оқушы мұғалім сұрағына жауап беріп отырады. Модульге енген тақырыпқа байланысты оқулықтан жаттығу жұмысын жүргізу.

А тобы: жаттығу жазу арқылы сөздің түбірін тауып, тиісті белгімен көрсету.

Б тобы: жаттығу жазу сөздерге қосымша көшіріп жаз: Орын-дық,теңіз-ші, үлкен-дік, етік-ші, қобыз-шы.

В тобы: жаттығу жазу. Түбір сөзге тұсындағы жалғаулардың тиістісін жалға. Ананың,наурыздың, Мараттың, аспанның,шөлдің.

Әр топтан бір оқушы тапсырманың орындалу барысын айтады.

Сергіту сәті.


  • Қазір балалалар қандай мезгіл? ( Қыс)

  • Олай болса, әр топ қыс туралы жұмбақ ойлап, ішінен түбір және қосымшалы сөзді табамыз.

Енді мақал-мәтелдер ойлап көрейікші

Топпен шығармашылық жұмыс.



А тобы жаттығу жазу.

Суретке қарап шағын әңгіме жазу.



Б тобы жаттығу жазу

Сөйлем құрау, сөз құрамына талдау.



В тобы

Ребусты шешу. Сөйлем құрау.

Сабақты қорытындылау мақсатында төмендегі сөз-жұмбақ шешіледі.Тігінен табылған тор көздегі сөзге қосымша жалғап көрейік. Оқушы, оқулық


  • Біз кімбіз балалар? (Оқушымыз)

  • Қандай уәде береміз?

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз

Өнер білім көп оқып

Өсе берсін санамыз.



Бағалау.

Үйге тапсырма.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет