2 2 0
V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдагы философия
Құдайдың барлығын, оның дүниені жаратушы күш екендігін дэлелдеу үшің
«элемнің жылылық өлімі» теориясын, өмір мен психиканы ғылыми тұрғыдан тү-
сіндірудегі кейбір жетістіктерді пайдалануда.
Неотомизм ілімінің бастау түсінігі - болмыс. Ол әмбебап жалпы түсінік
болғандықтан, тек тавтологиялық тұрғыдан ғана анықтала алады. Ең басты бол
мыс - Құдай, ал шектелген денелер - осы Құдайдың өз бейнесіне қарай оты-
рып жаратқан болмыстары. Сондықтан бұл болмыстардың өмір сүру немесе
өмір сүрмеуі Құдайдың жігеріне байланысты. Болмыс туралы ілімін эрі қарай
нақтыландыру ушін неотомистер Аристотельден алынған форма жоне материя,
«потенция (мүмкіндік) жэне акт (нақтылық)» ұғымдарын қолдайды. Енжар мүм-
кіндік акгінің шын мәніндегі шектелуін көрсетеді, өйткені мүмкіндіктің өзі кез
келген шектелген болмыстың жетілмеуінің көрінісі. Құдайдан басқа («таза акт»)
тіршілік иелері дегеніміз - мүмкіндік пен актінің ұштасуы. Акт мен потенция-
ның арақатынастарына байланысты мән және тіршілік (мэн - тіршілікте жүзе-
ге асатын потенция), субстанция және оның қасиеттері (акциденция), қалыптасу
(потенцияның актіге ауысуы, басқаша айтқанда, потенцияның нақтылануы), т.б.
категориялар қолданады. Неотомистер табиғаттың барлық құбылыстары мате
рия мен формадан (түр) тұрады, бірақ форма материяны айқындайды, себебі ол
материяға қарағанда белсенділік көрсетеді деген гилеморфизмдік көзқарасты (ти
ле - материя, морфа - форма) уағыздайды. Этикалық мәселелерге тоқгала келе,
неотомистер адам үшін шаттану, рахаттану дегеніміз - оның «таза жэне жетілген»
болмысқа - Құдайға дейін жогары көтерілуі.
XX ғасырдың 60-70 жылдарында жаңа философиялық ағымдар: струк
турализм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика алдыңғы шепке шықты.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: