Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


бет192/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

С т р ук т ур а л и зм
(К. Леви-Строс, Ж. Лакан, М.П. Фуко, Л. Альтюсер).
Бұл - философиялық агымға элеуметтік нақтылықгың, адамның ойлау жүйесі- 
нің эмбебаптық құрылымдарын (структурасын) айқьшдау арқылы жалпы фило- 
софиялық тұжырымдар жасау жэне осы негізде олардың мэнін түсінуге талпы- 
ну. Леви-Строс эртүрлі халықтардың, тайпалардың аңыз, ертегілерін, мифтерін 
зерттей келе, кез келген бір миф жер жүзінің эр аумағында ешқандай айна-қате- 
сіз қайталанып жатады, олай болса, мифологиялық ойлау әр халықта белгілі бір 
логикаға багынады деп ой қорытады. Ғылыми ойлау да осы сияқты логикалық 
заңдылыққа бағынады. Структурализмнің ілімінше, құрылымдық тэсілдің негі- 
зінде кез келген зерттеп отырған қубылыстарды өзгерткенде, олардың құрылымы- 
ның (олардың қатынастарының жиынтыгы ретінде) бір қалыпты болатындығын 
мойындау жатыр. Оның үстіне құрылым - объектінің «скелет» болмайтын кейбір 
бөлшектерін, т.б. өзгерту арқылы бір объектіден екіншіні, екіншіден үшіншіні, 
т.с.с. алуға болатын ережелер жиынтығы.
XX ғасырдың 40-жылдарынан бастап структурализм ғылыми тәсіл ретінде 
лингвистикада (тіл туралы ілім), антропологияда, психологияда, социологияда, 
кейінгі кезде философиялық, эмбебаптық тәсіл ретінде қолданылып жүр.
Сыни рационализм
(К. Поппер, И. Лакатос, П. Фейерабенд) 
ғылыми білімнің 
даму мәселелерін талдай отырып, қандай болмасын гылыми білімнің болжамды 
багытта болатынын мойындайды (Поппер). Ғылыми таным процесі дегеніміз -
эртүрлі гылыми теория типтерінің өзара үздіксіз сыни пікірталастары. Білімнің


Ціығыс философиясы
221
өзі субъективті сипатта болғандықтан, ақиқаттьщ өзі де көп түрлі болады. Фило- 
софияның жалғыз-ақ шынайы тәсілі - рационалды сын.
Герменевтика
(Э. 
Бети, Г.Г. Гадамер, М. Ландман) 
талдау жасау (түсіндіру) 
және түсіну идеяларымен сабақтасып жатады. Герменевтика көне эдеби ескерт- 
кіштерді саналы түрде түсіну негізінде калыптасқан тіл туралы гылымның ерек- 
ше эдісі ретінде дүниеге келіп, XIX ғасырда Шлейермахердің, Бильтейдің ілімдері 
арқасында рух туралы ғылымның тәсіліне айналды. Хайдеггер герменевтика деп 
өмір суру феноменологиясын айтса, қазіргі кезде герменевтика деп рух туралы 
ғылымның мәселелер өрісін ғылыми түрғыдан түсінуді айтады.
Бұл жерде түсіну - сананың сыртқы жэне ішкі әсерлер күшімен туындаған 
қабілетіне, субъектінің солар туралы түйсінуі мен мазмұнының шынайы екеніне 
күмэн келтірмеуі. Гылыми түсінуде денелердің, заттардың маңызы, мэні түсінді- 
ріледі. Қазіргі кезендегі герменевтиканың өкілдері оны тек саяси-элеуметтік ғы- 
лымдардың тәсілі деп қарамай, жалпы белгілі бір тарихи, мэдени жағдайларды, 
адам болмысын түсіндіруге болатын әмбебап эдіс деп қарастырады. Осыдан ке- 
ліп, олар түсіну проблемаларын философияның негізгі мэніне айналдырып, герме- 
невтикага универсалды (эмбебаптық) мэн берді (Гадамер). Сөйтіп, герменевтика 
өкілдерінің пікірінше, философияның пэні адамдардың қатынасы ретінде түсініл- 
ген адамдар әлемі болып табылады. Тек осындай қатынастарда ғана адамдардың 
күнделікті өмірі өтіп жатады, мэдени және ғылыми кұндылықтар туындайды. Ал 
қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар - адамдардың бірін-бірі түсінбеушілігінен 
болып жатқан құбылыстар.
Жалпы алғанда, аталған философиялық ілімдер - әрқайсысы өз қағидалары 
түрғысынан заманымыздың күрделі проблемаларын шешу жолдарын қарасты- 
рып, қазіргі кездегі гылымдар қолданып отырган жаңа тэсілдерді түсініп, осыған 
орай, соны мәселелер көтеріп, философия тарихында өзіндік із қалдырып отырған 
дүниетанымдық көзқарастар. Осы ерекінеліктерді қазіргі замандағы Шығыс елде- 
рінде дамып отырған философиялық бағыттардан кең көлемде байқауға болады.

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет