Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 4 2 V II тарау. Х І Х -Х Х гасырдағы философия


бет213/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 4 2
V II тарау. Х І Х -Х Х гасырдағы философия
кең тоқталғаны белгілі. Біздің елімізде осы мәселе өзекті болғанын ескере оты- 
рып, сопылық табиғатын кеңірек талқылауды арнайы мақсат еттік.
Жалпы, сопылық дегеніміз не? Өкінішке орай, дэл қазіргі уақытта оған жүйе 
ретінде толық, айқын анықтама беру қиынға түседі. Себебі қазіргі ғылымда со- 
пылық тэріздес күрделі діни дүниетанымға ортақ пайымдау жасапмаған. Бірақ 
бұл ілімнің дүниетанымын қарастырғанда көптеген айтыс-талас туғызатын 
көзқарастар туады. Солардың бірі: «Сопышылдық — ортағасырлык мұсылмапдық 
Шығыстағы идеологиялық күрес пен алауыздықты бейнелеген ең ірі жэне маңыз- 
ды ағымдардың бірі, мистикалық-тақуалық ағым», - деп көрсетті. Ал екіншілері: 
«Шыққан уақыты, қалыптасқан жері белгісіз ежелгі рухани бауырластар ілімі» 
деген көзқарасты ұстанады. Бұл екі ағымның да өз алдына дәлелі бар.
Алдыңғы пікірді ұстанушы лардың көзқарасы бойынша, сопылық исламның 
өз аясында дүниеге келді, ол исламның ішкі ағымы болып табылады. Өйткені 
олар мұсылман сөзін пайдаланып, өздерін шынайы мұсылмандармыз деп есеп- 
теді жэне ең алдымен, сопылық жол - тарихат Құдайды «тануға», «сопылардың 
мұсылмандық дін ілімі - шариғатты ұғып алуға тиіс жэне міндетті болды».
Екіншілерінің пікірі бойынша, сопылықты ислам ағымдарының бірі деп 
атауға болмайды, оларды түрлі діндерде кездестіруге болады. Өйткені сопылар 
ешқандай діни соқыр сенімдерге бағынбайды, жергілікті құлшылық ететін ор- 
ны жоқ. Сонымен қатар олардың қасиетті қаласы, діни орталықтары жоқ. Көріп 
отырғанымыздай, сопылық ағым - күрделі эрі айтыс-тартыс туғызатын ілім. Осы 
ағымның негізін түсіну үшін оның тарихына шолу жасайық. Оның тарихы де- 
генде мынадай екі ұғымға тоқгала кеткен жөн. Олар: мистика (тылсым, жұмбақ) 
жэне аскетизм (тақуалық). Бұл екеуі де сопылықка дейін болып-толып, арналарын 
тауып, тіптен философиялық тұрғыдан да қарастырылып, ғылыми-объективті 
мәндері айқындалған. Мистика — зороастрашылдық, буддашылдық, христиандық, 
манихейлік сияқты діндердің бэріне тән.
Мистиканың сопылыққа дейінгі философиядағы ең соңғы көрінісі Плотин 
еңбектерінде («Эннеады») орын алған. Ал оның ұстазы Платонның өзі де мис- 
тиканы теріс көрмеген. Одан бері де Мухаммед пайғамбардың ісі және білімі де 
мистикалық сипатта болатын. Мысалы, Алланың бірлігі жэне барлығы ешқандай 
рационалистік мәндегі дәлелдермен анықталатын мэселе емес. Жаратушының бір 
екендігін жүрекпен сезіну керск еді. Осы мэселе хадистерде, өзге де ғалымдар ең- 
бегінде, ғылыми танымдық жағынан гөрі, таза сенімге негізделген еді. Таза сенім 
күндердің күнінде күдік туғызады, неге жэне неліктен деген сүраққа жауап іздей 
бастайды. Сонда қандай жауап болмақ? Ол сопылық ағымдағы зерттеушілер, осы 
проблема төңірегінде топтасқан еді. Демек, оларды ислам философиясының ілге- 
рі өрлеудегі қажеттілігін сезінген ойшылдар деуге әбден болады. Бұл — сопылық- 
тың бір жағы, екінші жағы - міндетгі түрдегі тақуалар.
Тақуалық та - коне құбылыс. Ертедегі Үнді елдерінде мұндай кезбе әулиелер- 
ді «архаттар» деп атаган. Зороастрашылдық, манихейлік, христиандық діндерінде 
де тақуалық бар.
Исламтанушылардың пікіріне орай, «сопылық» термині «суф» дөрекі 
киім, яғни дөрекі жүн матадан тігілген киім киетіндерді білдіреді. Осыдан ке- 
ліп, «тасаввуф» — мистицизм сөзі келіп шыкты. Сонымен қатар бұл терминнің



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет