Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 4 III тарау. Ортагасырлы£ философия


бет71/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

7 4
III тарау. Ортагасырлы£ философия
«Таубы» шарты (ар. «өкініш бідціру»). Өкініш білдіру үшін ар-ұятпен жұмыс 
істеу, жасаған күнәсін түсіну керек, сонан соң күнәсін жою мақсатында мейірім- 
ділік көрсетіп, басқа да қайырымды іс-әрекеттер жасауы тиіс.
«Сабыр» шарты (ар. «сабырлық таныту»). Ол бұл шартты орындау үшін мұ- 
сылмандарды тұрпайы эрі жағымсыз қалауларына қарсы тура білуге жоне Жарату- 
шының адамзатқа жіберген барлық сынақтарын сабырлықпен көтеріп, оған мүл- 
тіксіз сену керек ексндігін айтады. Діни білімді меңгеру мен тэжірибеден өткізу 
адамды осы жағдайдан сүрінбей тура шығуына көмектесетін жалғыз құрал болып 
табылады.
«Шүкір» шарты (ар. «ризашылық білдіру»). Жаратушының адамға өзінің 
«эгосының» (ар. «нәпсі») қалауларын жеңуге берген күші үшін Оған ризашылық 
білдіруге міндетті жэне адам өздігінен ешқашан жағымсыз қара күштерге қарсы 
тұра алмайтындығын түсінуі қажет.
«Хауф уа раджа’» (ар. «үрей» мен «үміт»). Бул екі сезім - күстың қос қанаты 
секілді құлдарын Аллаға біртабан жақындатады.
«Фэкір уа зухд» шарты - (ар. «кедейшілік» пен «аскездер»). «Фәкір» («ке- 
дейшілік») «адамнан дүниелік лэззаттың бас тартуы» (яғни адамның байлық, 
денсаулық, атақ-даңқ және т.б. дүниелерден лэззат алмауы) болып табылады; 
«зухд» болса, «адамның дүниелік лэззаттардан бас тартуы» (яғни адамның өз 
еркімен мұндай дүниелерден бас тартып; мысалы, өзінің бар байлығын мұқтаж 
жандарға таратып, сопылық өмір кешетін күйі) болып есептеледі. Кімде-кім 
қүдайдың алдында ең жоғарғы күйге жетугс шын ниетімен талпынса, онда ол «ке- 
дейлік» өмірі мен «аскездік» күйіне риза болуы шарт.
«Таваққұл» шарты (ар. «Жаратушыдан қолдау табу»), Бұл шарт рухани 
шарықтау шегіне жеткен, Алланың шын мэнінде бар екендігіне күмэн келтір- 
мейтін жэне материя Жаратушы бар болғандықтан ғана тіршілік етіп отырғанды- 
ғын түсіне алатын адамдарға арналған. Әл-Ғазалидің өзі бұл ақиқатты өзінің бір 
кітабында: «әлемде кудіретті Жаратушының ұғымынан басқасының барлығы 
жоғалады жэне өледі (Қасиетті Құран, 28:88) деген аятты оқи отырып, әлемде 
Алладан басқа тіршілік иесі жоқ екендігін түсінуімізге болады. Әлем мэңгі тір- 
шілік етіп тұрмайды, ол белгілі бір уақытқа ғана жойылып кетпейді, ол эрқашан 
жоқ болған жэне жоқ бола береді, басқасын елестеғу мүмкін де емес. Расында, 
заттар туралы олардың мәнімен ойланатын болсақ, онда олар таза болмыссыз 
болып саналады. Ал егер оларға өздерінің болмысының бастауын алып отырған 
Ақиқатгың көзімен қарасақ, онда заттар белгілі мэнге ие болады, бірақ олар еркін 
емес, өздеріне осы тіршілікті сыйлаған Жаратушыға байланысты өз орындарына 
ие болады. Бұл жағдайда тіршілік етуші тек құдіретті Жаратушының бейнесі ғана. 
Сондықтан күдіретті Алла мен Оның бейнесінен басқа ешқандай зат тіршілік ет- 
пейді. Осыған сәйкес кез келген зат, құдіретгі Жаратушының бейнесінен басқасы 
келіп-кетеді жэне мэңгі емес».
Сонымен қоса ойшьш үшін Аллаға «арқа сүйеу» еңбексүйгіштігіне ешқандай 
кедергісін келтірмейді немесе «таваққұл» өзінің еркін таңдауына байланысты 
нэрсенің барлығын жасап болған адамға ғана тиесілі. Кейбір адамдар енжарлық, 
еріншектік қасиетгерді сопылық өмір сүру салтының «ажырамас атрибуттары» 
деп қате түсінеді. Әл-Ғазали үшін діни қүқық көзқарасы бойынша бұлай ойлау



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет