Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Сократкд дейінгі философия


бет17/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Сократкд дейінгі философия
21
пайда болады. Демек, апейрон ғарыштың генетикалық бастамасы ретінде ондағы 
денелерді дүниеге әкеледі. Аспан элемі соғыс арбасы дөңгелегінің шеңбері сияқ- 
ты үш сақинадан (шығыршық) тұрады. Бұл сақиналар көзге көрінбейді. Төменгі 
сақинаның көптеген тесіктері бар, сол тесіктер арқылы Аспандағы Оттар көрініп 
тұрады. Ортадағы сақинада бір ғана тесік бар, ол - Ай. Жоғары сақинада да бір те- 
сік бар, ол - Күн. Тесіктер толық немесе аздап бітелулері мүмкін, онда Күн мен Ай 
тұтылады. Сақиналар Жерді айналып жүреді, олармен қоса тесіктер де қозғалыста 
болады. Анаксимандр осылай жұлдыздардың, Күннің, Айдың қозғалыстарын тү- 
сіндіреді.
Анаксимандр ілімінше, тіршілік теңіз бен кұрлықтың шекарасы Ай да аспан 
отының әсерімен пайда болды. Алғашқы тірі жәндіктер теңізде өмір сүрді, кейін 
олардың кейбіреулері өздерінің қабыршықтарын тастап, құрлыққа шығып, тірші- 
лік етгі, сөйтіп, жануарлар пайда болды. Ал адам теңіз жануарларының бір түрінің 
ішінде өсіп, өрбіп, ер жеткеннен (есейгеннен) кейін құрлыққа шығып өмір сүрді.
Анаксимандр ілімінің аңғалдығына қарамастан, онда табиғаттың даму занды- 
лықтарьга табиғаттың өз логикасымен түсіндіру табиғаттану диалектикасының 
алғашқы қадамдары болды.
Анаксимандр ілімін эрі қарай оның шэкірті Анаксимен (б.д.д. VI ғ. ортасы) 
жалғастырды. Негізгі еңбегі - «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелер- 
дің негізі деп Ауаны айтады. Ауа - шексіз (апейрон). Сөйтіп, Анаксимандрдың 
апейроны түпнегізден Ауаның қасиетіне айналды. Ауа үнемі қозғалыста болады 
да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен кұбылыстарды тү- 
зеді. Ауа сұйылғанда, алдымен, Отқа, содан кейін эфирге айналса, қоюланғанда 
желге, бұлтқа, Суға, Жерге жэне тасқа айналады. Ауаның сұйылуы жылылыққа 
байланысты да, қоюлануы салқынға байланысты.
Анаксименнің ілімінше, Жер жэне басқа аспан денелері Ауада қалқып жүреді. 
Жер қозғалмайды, ал басқа денелер Ауаның әсерінен ылғи да қозғалыста болады. 
Күн де - Жер, бірақ өзінің жылдам қозғалуының себебінен ыстық шоққа айналған.
Ауа - тек денелердің бастамасы емес, сонымен бірге жанның да бастамасы. 
Ал жан - бізді біріктірстін бастама. Анаксимен құдайларды да Ауадан пайда бол­
ды деген пікір айтады. Басқаша айтқанда, құдайлар Ауаны жаратқан жоқ, кері- 
сінше, Ауа құдайларды жаратты. Олай болса, құдайлар материалдық түннегіздің 
модификациясы ғана.
Қорыта айтқанда, Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр
Анаксимен барлық заттардың, денелердің генетикалық бастамасын, түпнегі- 
зін құдайлардың құдірстінсн емес, олардьщ өзіндік ішкі мазмұнынан іздейді. Гене- 
тикалық бастаманьщ, тупнегіздің табиғаты, бір жағынан, зат тәріздес болса, екінші 
жағынан, ақьш-ойдан да қашық емес, сондықган ол құдайлармсн пара-пар кұбылыс.
Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дэстурді ілгері қарай дамыт- 
қан Эфес қаласынан шьщкан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (шамамен 
б.д.д. 544-483 ж.) болды. Оны ілімдегі терең ойлары үшін «Тұңғиық» деп атаған. 
Негізгі еңбегі - «Табиғат туралы». Бұл еңбектің 130-дай фрагменттері ғана 
сақталып, бізге дейін жеткен.
Гераклит заттардың түпнегіздік-генетикалық бастамасын От деп есептеген. 
/ От мэңгі жэне құдай тектес. Әлемді құдай да, адам да жаратқан жоқ, ол - өз



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет