Африка философиясы
2 5 3
әрбір адамның қомақты рационалистік негіздер жинақгалған Құранды жеке оқи
алатынын, мәтіндерді жазғанда ақылдың төреші болатынын айтады.
Тақырып бойынша сүрақтар:
1. Икбалдьщ жанньщ мәні туралы айтқан ойлары жайлы баяндап беріңіз.
2. Мухаммад Маян Шарифтың «Парсылық ойлар» деген үлкен философиялық еңбегінің не-
гізгі мэселесі қандай?
3. Иран елінің философы Сейид Хосейн Насрдьщ «Үш мұсылман данышпаны» жэне
«Исламдағы ғылым мен өркениет» деген философиялық еңбектерінің мазмұнын талдаңыз.
4. Али Ш ари’ атидың діни-философиялық әлеуметганушылық тұжырымдаманы қалыптасты-
ру жолындағы ойлары неге негізделген?
5. Д.Х. Джебранның философиялық романтизмнің негізін қалауда атқарған еңбектері қандай?
Африка философиясы
Африканың кейбір елдерінің тарихы мен әдебиеті туралы қазақ тілінде жарық
көрген біраз жарияланым бар. Бірақ африкалық философия туралы жазылған дү-'
ниелер жоқ. Біздің мақсатымыз осы тың мәселені қозгап, тек атақты үш философ-
тың еңбегіне шолу жасамақшымыз.
Қазіргі кездегі африкалық философияда алдымен ауызға ілінетін - атақты фи
лософ, көрнекті мемлекет қайраткері
Леопольд Седар Сенгор.
Африкалықтардың
рухани атасы Сенгордың ойынша, негрлердің шығармалары мың, екі мың жыл
» бойы өз маңызын жойған жоқ. Африкалық негрлердің шексіз де терең сезімділігі
олардьщ негізгі идеясы болып табылады. Сенгордың «Африкалық негрлер психо-
логиясы» атты еңбегі африкальщтардың «сезімдік күштілігін» дамытады. Негр-
лерде рухани терендеу мен тамырлану іскерліктен көрінеді. Кейбір жағдайларда
ол неграфрикалық ойлауды, мұны материалдық жэне техникалық әдістегі мәселе-
лермен нақты ұштастырғанда немесе табиғатқа үстемдік ету жайлы сөз болғанда,
абстракция арқылы жоғары қояды.
Сенгор көркем шығармаларды діни және философиялық ойларды таңдауда
африкалық негрлер ойлауының нақты стиліне сүйенеді. «Әсемдіктің», «игілік-
тің», «болмыстьщ» ақиқаттылығына байланысты сұрақ туғанда, африкалық негр
адам грек үлгісінде поэзия тілін, Хайдеггер ойларын, сонымен бірге символи-
калық образдарды, аллегорияларды, метафораларды қолданады.
Осыған орай, Сенгор өз философиясының типологиясын ұсынады. Бірінші -
мистикалық философия абсолюттің идентификациялығын (ұқсастығын) адамды
және шынайы табиғатты өзіндік таным тұрғысынан түсіндіреді (мысалы, ин
дуизм, буддизм, даосизм, дүниені африкалық түрғыдан қарастыру, дзэн). Екінші
- Қүдайдан тарайтын әлеуметтік немесе пайғамбарлық философия, оның адамға
ашылуының мақсаты, ғарышты жасаудағы үздіксіз процеске қатыстыру (мысалы,
Заратунгграның ілімі, индуизм, христианшылдық, ислам).
Үшінші - сыни философия, ол - танымдық актімен шектелген, дуализмге
сүйенген бағыт. Африкалық негрлер философиясының негізгі белгісін Сенгор
оның діни мистикалық сипатымен жэне интуитивтік (сезімдік) бағыттылығымен
байланыстырады. Сенгорша, африкалық танымға мифтер (аңыздар) жэне симво-
ликалық образдар арқылы суреттеу, сезімдік пен ырғақтылық тэн. Ол африкалық
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |