Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 9 0 V III тарау. К рзак философ иясы


бет261/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 9 0
V III тарау. К рзак философ иясы
Уэлихановтың азамат, ғалым жэне ойшыл ретінде қалыптасуында орыстың 
озық мэдениеті мен ғылыми қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап 
өтуіміз қажет. Шоқан В.Х. Белинскийдің, Н.Х. Чернышевскийдің, А.И. Герценнің, 
Н.А. Добролюбовтың еңбектерін оқып үйренді, олардың көзқарастары мен идея- 
ларын қуаттады.
Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға 
дейінгі уақыт, яғни 1855-1859 жылдар аралығы) жэне 2) кемелдену кезеңі (1859- 
1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды, 
соңғысы Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан өмірінің соңына дейінгі жыл- 
дарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан - өзінің 30 жылдық аз 
өмірінің ішінде этнография, Қазақстан жэне Орта Азия тарихы мен мәдениеті 
саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы демократ. Ш. Уәлиханов 
тікелей философиялық мэселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда көптеген 
шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдЯрын байқауға болады. 
Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», 
«Тэңір» деген еңбектерінде философияның негізгі мэселесіне қатысты пікірлер 
айтады. Ең алдымен, Ш. Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір 
сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек. Қазақ жерінде шамандықтың орын 
алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние—күн, ай, жұлдыздар жэне жер — алғашқы 
құдірет болып табылады»,102 1
0
3
— деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу 
тегін мұқият зерттеуінен жэне басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік 
заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығьша кәміл 
сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тэңір» атты мақаласында қазақтардың малды 
қасиет тұтатын ырымдарының себебін халықтың күн көрісі малға байланысты 
екендігімен түсіндіріледі.
Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның 
обьективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық 
көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мэселесінің 
маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталады. 
ТТТ Уәлиханов бұл мэселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезшде-ақ 
айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат 
пен адам, өмір мен өлім эрқашан да түпсіз сырға толы ғажабын танданудың пәні 
болды деп көрсетеді. Ғажайып әлемді, өмір мен өлім мәселесін, адамның таби- 
ғатқа қатынасын танып білу қажеттігшен шамандық туды деп тужырымдаиды . 
Бұдан Шоқан Уэлихановтың адам мэселесіне, оның фэни дүниедегі орньша, өлім 
мен өмір мәселесіне ерекше мэн бергендігі көрініп тұр. Шамандықтың шығуының 
бір себебі табиғатқа құштар болу дейді. Екінші ғажайып нэрсе адам, адамның 
терең ойға жэне танып білуге ұмтылған рухы деп көрсетеді. Яғни адамньщ ішкі 
дүниесі, оның қоршаған дүниеге катынасы зерттеуді қажет ететін мэселе есебінде 
қаралды.
Шоқан діннің, әсіресе қазақ даласында татар жэне Бұқара молдаларының та- 
ратып жүрген пітш қағидаларының халыққа тигізіп жүрген зияндығын баса айта-
102 Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов: собр. соч. в 5-ти томах. — Алматы, 1985. — С. 51.
103 Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов: собр. соч. в 5-ти томах. — Алматы, 1985. — С. 50.



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет