Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


бет7/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Ү нді философиясы
11
тұйықталған элеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды 
және өздеріне ғана тэн эртүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың 
үлесіне ой еңбегі, кшатрийлерге эскери қызмет, вайшьилерге ауылшаруашылық, 
қолөнер кэсібі, саудагерлік, ал шудраларға қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді 
қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да 
қалыптасты. Олар, негізінен, үнді мәдениетінің ескерткіші Ведаларда (Веда б.д.д. 
1500 ж.) жинақталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: 1. Самхит - құдайларға 
арналған гимндер жинағы. 2. Брахман - самхитті түсіндіретін эртүрлі мифоло- 
гиялық эңгімелер, ритуалдар, т.б. 3. Араньякта (Орман кітабы) - брахманға тэн 
ритуалдың орнына құдайларды іштей сыйлап, құрметтеу, олар туралы ойланып- 
толғану сияқты көзқарас. 4. Ведалардың ең соңғы сатысы «Упанишадта» дәстүрлі 
варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты 
ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упа- 
нишадтың басты тезисі брахман туралы. Ғарыштың негізінде мэңгі мэнділік -
брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса, Брахман - бар 
әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы жэне олардіщ соңы. Брахман екі 
түрлі болады. Біріншісі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі 
мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады жоне ақиқат. Бі- 
рінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жалқы. Кейбір жағдайларды брахманмен 
қатар синоним ретінде атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты, 
бір жағынан, дене сияқты болса, екінші жағынан, рух сияқты. Рухты атман тір- 
шіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы жэне соңы 
болады. Атман тек бастама ғана емес, ол - саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. 
Брахман және атманмен қатар тұрған үғымдардың бірі - пуруша жэне «мен». Пу- 
руша (еркек) - ол элем, адам түріндегі әлем. Сондықтан атман бастапқыда пуруша 
түрінде болып, «мен әлемді жаратамын» деп: аспан суын, сәуленің бөлшектерін, 
өлімді, суды жаратты. Осыдан біз атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта 
«менді» брахманмен, атманмен тең деп түсінгенде ғана адам өзін Құдаймен, бү- 
кіл элеммен теңмін деп есептейді. Ал «мен» бір белек, брахман, атман бір бөлек 
деп түсінетін болсақ, ол білімділікке жатпайды. Ал егер атманды танып-білсек, 
барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. 
Мысалы, тікелей қүрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Өмірдің ең басты 
мақсаты - тірі кезінде атман-брахманмен қосылып бірігу. Өмір қиыншылығынан, 
құмарлығынан, үмітінен, қызғаншақтықган тыныштық тауып, алдап-арбаусыз ой 
кешіп, атманды түсіне білген адам нағыз брахман болып, Құдайға, әлемдік қүры- 
лымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы - ең басты идеялардың 
бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскет- 
тік өмір сүріп, ең жоғары білім алуы басты шарт болып саналады.
Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол Ведалардың бе- 
делін мойындау-мойындамауына байланысты эртүрлі бағыттарға бөлінеді: 
жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяггар, санкхья, т.б.
Ж айнизм («жина» - жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқа- 
растары «Сиддханта» деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. III ғ.). 
Жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (эділ 
жаза заң дылығы) жэне мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет