Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 4 6 V II харау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия



Pdf көрінісі
бет217/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

2 4 6
V II харау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
гиялық деңгейін көрсетіп береді. Бірінші деңгейде, қалай болғанда да, кеңіс- 
тіктегі барлық жандар - «мұхылмандар». Екінші деңгейде ислам заңдарын 
орындаған, соған сен ген адам ғана мұсылман болып есептеледі. Үшінші ислам 
түсінігіндегі таза биік деңгейінде мұсылмандар ортақ мағынада емес, ерекше- 
лігі мен бірлігіне байланысты анықтап, гностик Құдаймен біргс тіршілік ете- 
ді. Яғни құдайлық интеллектісін ол өзінің мөлшері интеллектісіне аударады. 
Ол Құдаймсн бетпе-бет, «Оның исламы жэне табиғат исламы — егіз». Наср 
бойынша, ислам гностицизмін еуропалық ақылмен түсіну өте қиын. Құран -
табиғат мәтінімен оның символикалық сөздеріндс айтылған көшірмесі. Ол көбіне 
басты назарды эртүрлі діни-философиялық типологиясының мұсылман әлемінде- 
гі мектептеріне аударды.
Наср «Білім жэне әулиелік» деген монографиясында ислам идеясы жөнінде 
алғашқы он тарауында айтып өтеді:
Исламды түсіндіру эртүрлі мәністе беріледі: сайлау түрінде жэне салыс- 
тырмалы түрде (ислам жэнс тағы басқа діндер), исламдағы философия жэне басқа 
әлемдік философия түрінде түсіндіріледі.
1. Әулие түрі - қасиетгі таным жэне рационализм.
2
. Ғылым мен сенім.
3. Дэстүрлі адам және прометейлік адам.
Бүл еңбегінде Наср Алланы пайымдаушы, нағыз жоғарғы деңгейдегі метафи- 
зикалықка дейін көтеруге тырысады. Ол оны бір мезгілде жоғарғы болмыс жэне 
болмыс трансцендентті - имманентті болып табылады деп анықгайды. Алланы 
Қытайдағы дао, даоспен сэйкестендіреді. Мухаммед пайғамбар уағыздаушы ре- 
тінде «Құдай шапағатын», Қүдай еркіндігін шындық арқылы көрсетеді. Осы ислам 
түсіндірмесінде «адхирейлік жэне прометейлік» адамның нақты анықтамасын бе­
реди адхирейлер - «аспан мен жер арасындағы көпір» десе, прометейлік адам -
буған қарсы тезис. Оның негізгі сипаттамасы: ол — жер әлемін жаратушы, оның 
негізгі міндеті — Қудайды ұмыту. Қасиетті сезімнен айырылған прометейлік адам 
өзі табиғаттың құлына айналады. Олар табиғатты қуртушы ғана емес, сонымен 
қатар табиғатқа деген қасиетті қатынасты бұзушы болып саналады.
Осыдан кейін Наср осы түрлердің мәдениеті мен өркениетін қарастыруға кө- 
шеді, олар: үнділік, қытайлық жэне «эмбебап адам» мәселесіне, яғни кемелден- 
ген адам идеясына ойысады. Оның көзқарасы бойынша, эрбір діни дәстүр осы 
адамның бейнесін жэне басқа діннің пайда болуын бірге қалыптастырады. Бұл 
мынадай қасиетті кітапта: Қуран, Таурат, Авеста, сонымен бірге буддада, ведалык 
кітапта, Қытайдың Инь-Ян ілімінде баяндалады. Оларға осы негізде шығыс- 
тық философия және дін эсер еткен. Мысалы, «Пуруша, Пракрита, Худи, Тамас, 
Брахман», т.б. Ницше пайымдауындағы «Қудай өлген» деген тезиске қарсы, Наср 
көзқарасы бойынша, тек прометейлік адамның оларға рухани өлімді мойындатуы 
осы сарында болып келеді. Адам белгілі бір деңгейде тұтас болу үшін оған барлық 
жер мен көкте жүріп жатқан алғашқы бірлікті ашуы қажет.
Келесі атақты Иран философы Али Ш ари’ ати (1933-1977 ж.). Оның ецбекте- 
рі: «Марксизм жэне Батыстағы басқа да шындықтан ауытқушылық», «Исламдық 
сын». Автордың негізгі мақсаты - діни-философиялық әлеуметтанушылық тұжы- 
рымдаманы қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет