Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


К азах философиясы калыптасуыныц тарихи ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет230/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

К азах философиясы калыптасуыныц тарихи ерекшеліктері
2 5 9
жүтандатып көрсетуге алып кслді. Қазіргі кезде жалпы адамзаттық айшықтар, 
идеялар ең жоғарғы қүндылықтар есебінде танылғаннан кейін философия тари- 
хын зерттеудің ауқымы да кеңейді, бағыттары да нақтылана түсті. Соның бір 
мысалы ретінде негізінде «таптық күрестің» құрбандары болып кете барған қазақ 
халқының аяулы азаматтары - әдебиетші, философ, ақын, саясаткерлердің өз 
ортамызды қайта жаңғыртуы, философиялық орбитаға жаңа идеялардың қосы- 
луы жэне олардың қазақ философиясы тарихының жаңа беттерін ашуға тигізген 
жан-жақты эсерін атап айтуға болады.
Халықтың сана-сезімінің өсуі, тоталитарлық империяның күйреуі, жас тэуел- 
сіз мемлекеттердің құрылуы, философиялық ойлардың жаңа түрлері адамзаттың 
тұтастығы мен ерекшеліктерін, достық пен алауыздықтың айырмашылығын, 
халық тағдырының ажырамас бағытгарының тарихи шындықгарын терең де 
мазмұнды ашып беруіне көп септігін тигізеді. Осы тұрғыдан алғанда, дүниежү- 
зілік қоғамдастыққа қазақ халкының терең де тұңғиық философиялық ойларын, 
оның шынайы болмысын жэне өзіне тэн мәдениетін көрсете білудің маңы- 
зы айрықша. Бұл мақсатты іске асыру жолында бұрыннан қалыптасқан, сіресіп 
қалған көптсген ұғымдар мен қағидаларға сын көзбен қарап, жаңаша әдістемелік 
шешімдер ұсынған абзал.
Қазақ философиясының көкейкесті мэселелерінің бірі - философияның пайда 
болуы. Қазіргі уақытқа дейін элемдік философияның тарихында осы мәселе талай 
пікірталас туғызып жүр. Біріншіден, философияның дэл шыққан мерзімін белгі- 
леу өте қиын. Екіниііден, философия деген ұғымның өзіне осы кезге дейін дэл 
де толық анықтама берілген жоқ. Үшіншіден, қазақ философиясы мәселелерінің 
жазбаша түрде берілген классикалық тұжырымдар мэтіндері жоқтың қасы.
Әлемдік философияда үш ошақтың (Қытай, Үнді, Грекия) шамалас бір мер- 
зімде пайда болғанын білеміз. Ол орталықтар философиясының әлеуметтік 
кеңістігіндегі жоғары деңгей еді жэне теориялық ойлаудағы дүниенің өзін жеке 
жэне тұтас бейнелеген алғашқы жүйелер болды. Философиялық ойдың тууына 
белгілі бір алғышарттар қажет. Олар - әлеуметтік, теориялық-танымдық, тарихи 
шарттар. Тарихи практика көрсетіп отырғандай, философиялық өркениет - ұзақ 
дамудьщ жемісі.
Жалпы қалыптасқан көзқарас бойынша, философия экономикалық-саяси жэне 
идеологиялық жағьшан нашар дамыған. Ертедегі құлиеленуші қоғамнан, сол қоғам- 
ньщ жоғары сатысына өту кезеңінде пайда болды деп айтылады. Дегенмсн әлеумеггік 
алғьппартгар философияньщ пайда болуьшьщ тек тиісті жағдайларьш түзейді.
Қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды жақтау немесе заңдастыру 
философияның алдындағы негізгі міндеттерінің бірі еді. Әлеумеггік институттар 
мен қоғамның қүрылымын осы қатынастарды нығайтуға бағыттап, философия 
өзінің аталған міндетін орындауға күш салады.
VI 
ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі аумағында алғашқы қауымдық құ- 
рылыс ыдырап, оның орнына феодалдық әлеуметтік-экономикалық формация ор- 
ныға бастады. Осы уақыттан бері барлық әлеуметтік өзгерістер, оның ішінде сана 
ауқымында феодалдьщ формацияның ішкі заңдылықгарымен айқындалады.
Б.д.д. IX-XVIII ғасырлардағы Қазақстан жерінде орналасқан тайпалар, 
олардың көсемдері өз биліктерін, басқару органдарын Тэңірінің өзі берген күш




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет