Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет149/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

9
ardagi
9
tin (Қалай 
ғана сенен көз тайдырьш, әсем үйге қарай алам?).
Осьшайша, ақын махаббатган өзін толықтай ұмытқан, шараптың күшімен 
бар жамандықты ұмытқан мае адамға ұқсайды: «¥лыңтың шарагшіысы ұсынған 
шараптан іштім! / Шарапшы берген шараптан жүздеген жан масаюда / Сол мезетте 
эрқашан өртге болғандардың дене мен жандары сәулеге айналады / Бұл айрыкдіа 
әуені белгісіз онда / Құмарлық шарабынан іптіп жатқандарға көз жүгіртші / Не- 
ліктен соншама жыл шарапханаларда шарап құйылады / О, Жүніс! Надандарға 
мұны айта көрме / Бұл сырларды туйсінуге олардьщ қаншалықты көп уақыты ке- 
терін білесің!». Өлеңінде ақын Құдайға деген жэне келесі өмірге деген сенімнің 
шынайы тәттілігін білмекке көптеген адамдар ешқашан келе алмайтынын айтады. 
«Шариғат» заңдарына сай келмейтіндіктен емес, исламньщ діни түпнегіздеріне, 
мэніне қаланған бұл эмоцияларды бастан кешіруге бар адам дайын емес, сол се- 
бепті ондай адамдарға осыншалық тэтті күй хақында айту қауіпті болады дейді 
ақын: «Оларға айт, Жаратушының мейірімі мен шапағатынан қуаныш жисын! Бұл 
өздері жинап жатқан байлықтардан жақсы» (Қасиетті Құран, 10:58).
Жүніс поэзиясында аскетизмнің (тақуалық) орны ерекше. Материалды бол- 
мысқа құштар болу сопының рухани өміріне аса қауіп төндірер нәрсе деп біле- 
ді ақын. Өзінің көптеген өлеңдерінде дүниенің өтпелі екенін, о дүниелік өмір- 
дің маңызды екенін көп ескертеді: Gerekmez diinya bize 
9
unkii baki bunyad degil 
(Мәңгі болмаса дүниеде не керек?). Немесе басқасында: Zinhar vermegil gonul 
diinya payma birgun (Бұл дүниедегі өмірді ешқашан сүйе көрме). Келесі өлеңінде


үркі тілді ислам философиясы
173
ін дүниенің ең өтпелі заттарын айрықша атап көрсетеді: Alur yigidi kocayi yakar 
апашп i?ini (Ажал жасты да, кэріні де қоймайды, ананың өзегін өртейді)/ Kizlann 
sari вафіш tene§irde 
9
ozer oixim (Қыздардың сары шашын орындыққа байлар дағы 
ешер өлім) / Alur yigidin alasm, divane eder anasm (Бозбаланы ажал жығады 
даты анасын жындандырар) / Gelinlerin el krnasrn topraklara karar oliim (Келіндер- 
дің қынасын топырақта шайқар өлім). Әйткенмен, ақын пессимист емес, тек өзі- 
нің түпкі мекені - о дүниелік мэңгі өмір екенін, физикалық өмірдің өтпелі еке- 
нін* адамзаттың есіне салып қойғысы келеді. Ақын үшін өлім басқа сопылардағы 
сиякты сүйгендеріңмен жүздесудей бір маңызды оқиғадай, физикалық кеңістікте- 
гі қьісып-қымтырылған түрмелерден рухы бұрын соңды болмаған мүмкіндіктер 
алатын көпөлшемді мэңгі өмірге өту болып көрінеді.
Жүніс Әмре өзінен кейін көпғасырлық атақ қалдырды. Ойшыл аталмыш 
«ғашық поэзиясының» (түрікше «а§Ь> - ғашық) ең көрнекті өкіліне айналды, түр- 
кі жазба эдебиеті тарихында алғаш рет өзін «Құдайта ғашық» деп айрықша атады. 
X,, Қөроғлының айтуынша, «Жүніс Әмре - XIII-XIV ғасырларда өз өлеңдерін ту­
рне тілінде жазған алғашқы дүр ақын, сопы-ақын, өзін «ашық Жүніс» деп атаған 
ұлы Жәләлләддин ар-Румидің ізбасары. Оның өз аузында «ғашық Жүніс» деп 
айтылады жэне оған дейін ақындар болса да, түріктің классикалық поэзиясы да, 
ұлттық поэзиясы да Әмреден бастау алады». Егер Ясауи сопылықты ең алдымен 
қаЗіргі Ташкенттің, одан кейін Әмударияның оң жағалауындағы барлық жерлер- 
ге таралуына эсер етсе, Жүністің арқасында Қүдайға деген махаббатты жырлай- 
тын сопылық поэзия Әзірбайжан мен Қара теңіз жағалауы елдерінде классикалық 
поэзияға айналды. Оның поэзиясына сыртқы әсемдікпен қатар, терең философия- 
лық мағына да тән. Жүніс күрделі философиялық идеяларды жеткізудегі түрік 
тілінің жаңа мүмкіндіктерін көрсетсе де, ол қолданатын сөздердің 49 %-ы араб 
жэне парсы тілінде. Бул дегеніміз ақьш поэзиясы өзі өмір сүрген уақыт аралы- 
тында жалпы мәдениетаралық мұсьшмандық межелермен толыққанды үйлесіп 
ждтқандығын айқындай түседі. «Халық ақыны» түркі тілді кең қауымға сопы- 
лықтың терең эрі күрделі идеяларын сол түркі тілдес халықтардың ұлттық мә- 
Дени қаймағын сақтай отырып жеткізе білді. Сонымен қатар оның өлендерін тек 
қарапайым бұқара ғана қабылдады десек қателескен боламыз. Осман мемлекеті- 
нің ақындары мен білімді философтары, ірі ғалымдары мен зияткерлері - барлы- 
Ы да Әмренің еңбектерімен таныс болдь; және олардьщ таралуына бар күште- 
рін салды. Мәселен, Шейхзаде (1544 жьшы өмірден озған), Нияз-и Мысри (1618- 
1694), Исмаил Хаккы Бурсави (1653-1725) жэне т.б. сынды атақты ойшылдар 
сопының поэзиясына түсіндірмелер жазып қалдырған. Тосұнзаде (1715 жылы 
Дайтыс болтан), Чалакзаде Шейх Мұстафа Эфенди (1718 жылы қайтыс болтан) 
жэне Хаммами Исмаил Деде Эфенди (1845 жылы қайтыс болтан) секілді Осман 
дәуірінің көрнекті сазгерлері ақын сөздерін энге айналдыртан.
■- Философиялық терендік пен адамдарта болмыстың ең терең сырларын жет- 
кізу ниеті кейде «Фиқһ» пен «Калам» ережелеріне қайшы келетін тірі қызба эмо- 
цияларьшда көрініс табады: «Тозақгаты қьщдан жіңішке, қылыш жүзінен өткір 
көпірдің үстіне үйлер салтым келеді! / Көпірдің астындаты жаһаннам отына барып 
көлеңкеде тьшьщқандай жатқым келеді! / О, менің қатал ұстаздарым, сіздерді рен- 
жітер ойым жоқ: сол тозақта азырақ өртенсем екен!». Отан қоса оның стилі тірі


174


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет