Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Түркі тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет146/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Түркі тілді ислам философиясы
169
күрес айтарлықтай қызық тэсілмен суреттеледі: «Сана-Падишах» «Ашкөз- 
дік еліндегі» билікті басып алып, «Қанағатты» таққа отырғызып қояды. Бірақ 
«Тәкаппарлық» атты қарақшы Падишахтың әскерін таққа жуытқысы келмейді. Әр 
басқан қадам сайын ажал күтіп тұрғанына қарамастан кейбіреулер қарақшыға қо- 
сылады. Жүніс Әмре Падишахтың қол астындағыларға кеңесті Падишахтың өзі- 
нен сұрауғакеңес береді. «Тэкаппарлықпен күреспекке ол «Қарапайымдылықты» 
хағайындайды да мұхитқа құяр өзенге айналдырьш жібереді. Сана-Падишахтың 
нұсқауынша адамдар өзенге түсіп мұхитқа жетеді, кері қайтқанда жан баласы көр- 
меген байлықпен оральш жатады. «Қарапайымдылық» пен «Қанағат» күш бірікті- 
ріп, «Тәкаппарлықгы» жеңіп шығады. Жеңістің хабарын естіген Падишах Аллаға 
рақметін айтады. Алайда кенеттен «Демалу ниеті» мен «Жалқаулық» шығады. 
Оларға қарсы күреспекке «Сабыр» тағайындалады да, Падишах тағы жеңіп 
шығады. Таққа апарар жол ұзап, көптеген қауіптер туындайды. «Ашкөздік» пен 
«Қызғаныш», «Жеккөрушілік» пен «Хула» күш біріктіріп, тақты заңсыз жолмен 
басып алуға тырысады. Сана-Падишах тағы да тығырықтан жол табады: «Шын- 
дыққа деген махаббат»! Адам «Ақиқатқа деген махаббатты» сезіне бастағанда, 
оның сенімі шырақтай жарқырағанның үстіне жарқырай түседі, ал қарақшы 
болса, жасырьша алмай өлім құшады.
Әмре өзінің «иляхи» стиліндегі өлендерінде заттарды қүдайлық болмыстың 
көрінісі ретінде (мейлі, ол сол болмыстың түрлі деңгейінде түрлі бола берсін) 
қарастырады. Бұл ілім бойынша, тіпті қарапайым тастың өзі жоғарғы кұдайлық 
болмысқа ие, алайда адамның өмірімен салыстырғандағы таста болмыс интен- 
сивтілігі аз болғандықтан біз тасты тым қарапайым әрі қозғалыссыз деп білеміз. 
Ғаламның тұтастығы секілді түсінік ар-Руми немесе Жүніс Әмре сияқгы сопылар 
үшін қатаң философиялық концепция болды дегеннен гөрі, белгілі бір рухани 
тэжірибе эрі рухани өрістеуде ерекше жетістіктерге жете білген адамдарға ғана 
түсінікті айрықша метафизикалық күйлерді сипаттаудың эдісі болды деген дұ- 
рысырақ болар. Өйткені барлық ауыспалы, өзгермелі, өзіне жаратылған сипаты 
тэн, нышан ретінде қызмет атқаратын («аятпен»), тек Құдайдың эрекетін көрсе- 
тетін болмыс (әсіресе адами болмыс) Құдайдың өзі бола алмас. Осы бетте ар-Ру­
ми поэзиясының сол замандағы Анадолы ақындарының, солардың ішінде Жүніс 
Әмренің, поэзиясына үлкен эсер еткені байқалады. Ар-Руми сияқты Әмре де өз 
әмоцияларын басқара алмай қалады да, сырттай философиялық пантеизмді еске 
салар ойлар білдіреді. Бірақ ол ойлар шын мәнісінде өзіндік болмысын құдаилық 
болмысқа «араластырып» жіберген, нәтижесінде ең қарапайым заттардан 
таңғажайып теофаниялар көре білген сопының шаттанған ремаркалары болып 
табылады: «Біз рух теңізіне сүңгіп, болмысты бақылай бастадық / О дүниеде, бұл 
дүниеде бардың барлығын болмыстан таптық / Түн де, Күн де жэне көктегі же- 
ті жұлдыз да/Сақтаулы тастан жасалған тақта да бар сөздер - бэрін болмыстан 
таптық / Мұса шыққан Тур тауын да, көктегі «әл-Бейт әл-Ма’мур» / Исрафил үр- 
лер кернейді де болмыстан таптық / Тэуратты да, Інжілді де, Құран мен Забұрды 
да / Олардың мэнін де болмыстан таптық / Жеті қат, жеті көкті, теңіз бен тауды / 
Жұмақ пен тозақгы - бэрін болмыстан таптық». Көрініп тұрғандай, Қүдайды сүй- 
геннің, Оның әсемділігі мен болмысын эр жерде көре білген үшін адамға жек көру 
сезімін ұялатар әр нәрсе (әділетсіздік, жамандық, сүмпайылықтың) көрініс табуы 
жоғалып кетеді.


170
III 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет