Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Дәстүрлілік пен жандшылды^ философиясы



Pdf көрінісі
бет260/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Дәстүрлілік пен жандшылды^ философиясы
289
еді. Керісінше, рух пен тэн арасындағы, жалпы Аспан астындағы үйлесімділікті 
іздеп, ол жолда бойды сезімге емес, ақьшға жеңціріп, мэселенің шеті мен шегіне 
ауытқымай асыл ортасын ұстануды үйрететін дана Шығыс философиясының 
көрінісін аңғарғандаймыз. Алтьшшыдан, «тоқырау», «семіп қалу», «аргга қалу- 
шылық», дэстүршілдік ұғымдары жалпы Шығыс мэдениетінің мәңгі-бақи арыл- 
майтын атрибутгары деген сияқты абстрактілі жэне табиғатынан ғылымға, 
тарихи объективтілікке сай келмейтін концепция, бірыңғай, іштен біркелкі 
Шығыс феноменінен принциптік айырмашылығы бар Батыс феноменін мойын- 
дау, екіншіден, «тоқырау», «артта қалу» құбылыстарын метафизикалық абсолю- 
тизациялау жэне оларды тек Шығысқа имманентті деген түсінікке негізделген. 
Дұрысында, қай халықтың болмасын мәдениеті дамуыньщ кейбір кезеңіндегі 
тоқырау, қулдырау құбылыстары адамзат дамуы тарихи жалпы диалектикасының 
белгілі кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс. Өйткені ол өзгеріс бола қалғанда өз 
қарама-қарсьшығы - өрлеу, өркендеу, дамуға көшетін нақты тарихи жағдайлардың 
нәтижесі. Қазақ халқының тарихи өткеніне келетін болсақ, шетелдік жэне отан- 
дас шығыстанушы ғалымдардың зертгеулері берілген аймақтың Таяу жэне Орта 
Шығыстың ежелгі заманнан (біздің дэуірімізге дейінгі II мыңжылдықтан бастап) 
XII ғасырда бұл аймақтар барлық критерийлері бойынша Шығыс пен Батыс 
мәдениетінен элдеқайда озық жэне жоғары түрды. XIII ғасырдағы Шыңғысхан 
шапқыншылығынан кейін ғана даму қарқыны бәсендеп, XVI ғасырдан толық 
артга қалу процесі белең алды. Жалпы алғанда, бүкіл Таяу жэне Орта Шығыс 
ежелгі заман мен орта ғасырдың өн бойында көрсетілген дәуірлерде Шығыс пен 
Батыс арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың - бүкілэлемдік 
мәдени-тарихи процестің «орталық аймағына» айналды. Яғни қарастырылып 
отырған аймақ элемдік өркениеттің шалғай ауданы емес, керісінше, XV ғасырға 
дейін Шығыс пен Батыстың ирандық, үнділік, сириялық, византиялық, грек- 
эллинистік мэдени дэстүрлерімен тығыз байланыста дамығанын көреміз.
Демек, Қазақстан мәдениетінің тоқырауы жөнінде сөз қылғанда бұл үғымды 
сол аймақ мэдениет дамуының өн бойына емес, тек белгілі кезеңіне - XV ғасырдан 
ХЕХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі аралыққа қатысты алынатынын жадымызда 
ұстауымыз қажет. Ресейге қосылу бұл аймақ халықтарына әлеуметгік-экономикалық 
саладағы түпкі зардаптарьш қозғамаса да жалпы артта қалушылықты жою, қоғамдық 
прогреске жету мүмкшдігін алып берді деп айта аламыз. Жетіншіден, Қазақстан 
ағартушы-демократгарына қоғамдық прогресс жолындағы күресті француз немесе 
орыс ағартушылары сияқты феодализмнің немесе крепостнойлық тэртіптің ыды- 
рауы жағдайьщца емес, үзшмей жалғасып келе жатқан патриархалды-феодалдық 
қатынас үстемдігі кезеңшде жүргізуге тура келді. Осыған байланысты олардың 
көзқарастарында қоғамдық прогресс идеялары ұлтаралық ьштымақ, досгық, орыс 
халқы мэдениетшің жетістіктері мен игі әсері жайлы ойлармен астасып жатады.
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысүлы Уәлиханов 
(1835-1866) ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі болып табылады. Энцикло- 
педист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист жэне қоғамдық қайраткер 
Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мэнінде еуропалық білімділік пен Шығыс 
халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді жэне қысқа ғұмырында 
мол да жан-жақты шығармашылық мүра қалдырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет