Еуропафилософиясы 217
XIX ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған «өмір философиясының»
(Ф. Ницше, В. Дильтей, А. Бергсон) ықпалымен 20-жылдары
М. Шелер (1874-
1928 ж.) мен
О. Шпенглердің (1880-1936 ж.) негізгі еңбектері - «Себептілік жо-
не тағдыр», «Еуропаның құлдырауы») жэне басқалардың ілімдерінің арқасында
қазіргі
иррационалдьщ (ақыл жетпейтін) философиялық агым пайда болды.
Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты «қатты денелерге» жэне дерексіз
ұгымдарға сүйенген рационалды (ақыл-ой) таным өзгермелі, нақты, тұрақсыз же-
ке «өмірді» түсіндіре алмайды. Ақыл-ой «өмірді» жансыздандырады, себебі оны
бөлшектеп, оның үздіксіз қозғалысын тоқтатады. Ал шын «өмірді» танып-білу-
дің бірден-бір қайнар көзі - инстинкт, интуиция, сезім. Таным субъектісіне адам
жаратпаған, одан тыс көптеген заттар әлемі қарсы түрады. Олардың әрқайсы-
сы өздеріне тэн заңдылықтарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру жэне
бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылыктарынан жоғары түрады. Осы түрғыдан
алғанда, философия - ауқымы жағынан кең мэнділікті ғана қарастыратын, өте
жоғары сатыда түратын ғылым (М. Шелер).
Қоғамдық процестердің дамуы иррационалдьщ «өмір екпіні», «опат болуды
күту», т.с.с. күштермен бағытталады. Мысалы, Батыс мәдениеті өркениеттің (ци
вилизация) белгілі бір сатысында өзінің жойылуына (опат болуына) аяқ басты
(О. Шпенглер). Бұл қозғалыс тыныштықсыз, зорлықпен, тасқын сияқты қатты ек-
пінмен, өзінің соңғы сөресіне ойланбастан, мүмкін, ойлануға қорқып жякыштяп
келеді (Ницше).
Иррационализмнің кейбір идеяларын одан эрі қарай жалғастырған XX ғасыр-
дың 20-жылдары қалыптасқан
экзистенциализм болды. Негізгі өкілдері:
С. Кьер кегор (1813-1855 ж.),
М. Хайдеггер (1889-1976 ж.),
К. Ясперс (1883-1969 ж.),