Жалға алынған негізгі құралдардың есебі


Негізгі құралдарды түгендеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу



бет15/25
Дата30.12.2021
өлшемі62,88 Kb.
#106950
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Курстық Жұмыс Жұмағұлова Ақбота 4курс
«География» п нінен 4-то сан а арнал ан жиынты ба алауды тапсы, 10.03, Презентация

2.3 Негізгі құралдарды түгендеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу

Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын иегізгі құралдарға мүліктік түгендеу жүргізіп отырады.

Бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру" деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгендеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгендеу жүргізіледі.

Мүліктік түгендеу міндетіне негізгі құралдардың нақты барлығы, техникалық жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алумен қатар бухгалтерлік есепке алу, мәліметтермен салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың нақты бар-жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер "Негізгі құрал-жабдықтарды мүліктік түгендеу тізіміне" жазылып, мүліктік түгендеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізіледі. Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары берілуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақтауға немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа құжаттардың нақты бар-жоғы және заңдылығы тексеріледі.

Мүліктік түгендеу тізімдерін жасамастан бұрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгендеу бар-жоғын және олардың қандай күйде екенін; техникалық паспорттар мен басқа техникалық құжаттардың бар-жоғын және оларда қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттарын тексеру қажет. Егер де құжаттары жоқ болса, оларды алдыртуды және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжаттардың бір-бірімен сәйкестігін тексереді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу кезінде комиссия міндетті түрде объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгендеу тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткіштерін мүліктік тізімдеріне енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті мүліктік түгендеу кезінде, көрсетілген объектілердің субъектіге тиісті екендігін растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді.

Сондай-ақ, субъектінің пайдалануындағы (меншігіндегі) жер телімдерін, су тоғандарын және басқа табиғи ресурстарды иелену (қолдану) құқын растайтын құжаттардың да бар-жоғы тексеріледі.

Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгендеу тізіміне және мүліктік түгелдеу карточкаларына осы объектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша - олардың қандай материалдардан (қандай мақсатқа пайдаланылатынын) салынғанын және сол материалдардың көлемін (іштей және сырттай өлшеу арқылы), көлемі (жалпы, пайдалы көлемін), қабаттар (этаждар) саны (подвалсыз, подвалымен) салынған жылы, каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені (түбі мен беті бойынша), жасанды құрылыстар, түбі мен еңісін (құлама бетін) бекіту материалдары, көпірдің тұрған жерін, негізгі материалдардың түрі мен мөлшері, жолдар бойынша — жолдардың түрлері (шоссе, арнайы), қашықтығы, төселген материалдар, жолдың ені т.б. көрсетіледі.

Мүліктік түгендеу кезінде кәсіпорыннан тыс жерде тұрған немесе негізгі құралдар (алыс рейстерге шыққан теңіз және өзен кемелері, теміржолдың жылжымалы құрамы, автокөліктер, күрделі жөндеуге жіберілген машиналар мен жабдықтар және т.б.) кәсіпорыннан уақытша сырт жерге шығар алдында мүліктік тізімдеуден өтеді.

Пайдалануға жарамайтын және жөндеуге келмейтін негізгі құрал-жабдықтар мүліктік түгендеу тізімдеріне енгізілмейді. Мүліктік түгендеу комиссиясы бұл объектілердің пайдалануға қосылған мерзімі мен мардымсыз болып қалуының себептерін (бүлінген, әбден тозған т.б.) көрсетіп, арнайы тізім жасайды.

Өз меншігіндегі негізгі құралдарды мүліктік түгендеу кезінде жалға немесе жауапты сақтауға алынған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл объектілердің жалға немесе жауапты сақтауға алынғандығын растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Ол тізімдерде расталған мәліметтерден басқа кәсіпорынның аты; жалдау немесе сақтау мерзімдері көрсетіледі. Мүліктік тізімнің бір данасы кәсіпорындарға жіберіледі.

Мүліктік түгендеу кезінде есепке алынбаған объектілердің бағасы сараптау жолымен анықталады. Бұл объектілердің тозуын нақты техникалық жағдайына қарап белгілейді.

Негізгі құралдардың есепке алынбаған объектілерінің баланстық құнына 2400 "Негізгі құралдар" бөлімінің шоттары (2412-2417) дебеттеледі де, 6210 "Активтердің шығуынан түскен кірістер" шоты кредиттеледі; тозу сомасына 2412-2417 шоттары дебеттеледі және 2420 "Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы" бөліміндегі 2421-2429 шоттары кредиттеледі.

Мүліктік түгендеу нәтижелері сол мүліктік түгендеу аяқталған айдың есебіне жазылуы тиіс. Есепке алынбаған негізгі құралдарға жаңа мүліктік түгендеу карточкалары толтырылады; кем шыққан негізгі құралдар баланстан есептен шығарылады, ал оның карточкасы "Мұражай" ("архив") бөліміне орналастырылады. Мүліктік түгендеудің мәліметтері "Негізгі құралдардың мүліктік түгендеу нәтижелерінің салыстыру тізімдемелеріне" енгізіледі, бірақ тек есепке алынған мәліметтерде алшақтықтар болған кезде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет