Жалпақ құрттардың негізгі сипаттамалары неде? Жалпақ құрттарды ішек қуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа не пайда болады


Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі23,73 Kb.
#119464
1   2   3   4   5
Байланысты:
КУРТТАР

Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Жармасқақ


Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы – денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығынан аралық жасушалы қабат – мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесі түзіледі. Дене жабынын цилиндр тәрізді жасушалардан тұратын жабын ұлпасы – эпителий қаптайды. Эпителий жасушаларында кірпікшелер бар. Еркін жүзетін жалпақ құрттардың (мысалы, ақ сұлама) жабын жасушаларында да кірпікшелі жасушалар бар. Жалпақ құрттардың паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері де бар. Олардың дене жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша болмайды, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол түзіліс сірқабық деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.
Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі дененің бас бөлігінде орналасады. Ол жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады. Екі бағананы көлденең орналасқан жүйкелер байланыстырады. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе зәршығару (қажетсіз заттарды бөлу) жүйесі деп аталады. Бүл – бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйеЖалпақ құрт типіндегі ағзалардың барлығында қантарату және тыныс-алу жүйелері мүлде жоқ. Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады. Жалпақ құрттардың асқорыту мүшесі екі бөліктен қүралады. Бір бөлігі – жұтқыншақ, екіншісі – ішектің ортаңғы бөлігі. Жалпақ құрттарда артқы ішек пен аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар – қосжынысты гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет