Жалпақ құрттардың негізгі сипаттамалары неде? Жалпақ құрттарды ішек қуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа не пайда болады



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі23,73 Kb.
#119464
1   2   3   4   5
Байланысты:
КУРТТАР

Сорғыш құрттар класы
Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді. Дене пішіні жалпақ, жапырақ тәрізді. Қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі – аузында, екіншісі – бауырында. Осы сорғыштармен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп те аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады. Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан, оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі.
Бауырсорғыш – гермафродит жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай дернәсілдер аралық иесі – кішкене тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады. Ол дернәсілдер тоспаұлу денесінен суға түсіп, құйрықты дернәсілге айналады. Сөйтіп жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы 2,5-3 айға созылады. Дернәсілдер бұдан соң құйрығын түсіріп, өсімдік сабағына жабысады. Денесін сірқабақ қаптап, қозғалмайтын күйге, цистаға айналады. Мал су ішкенде немесе су тартылған жердегі циста жабысқан өсімдікпен қоректенсе, циста ішекте жарылып, одан жас бауырсорғыш жетіледі. Ол қантамырлар арқылы – бауырға, одан өт жолына өтеді. Сөйтіп ересек бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі – мал, үй хайуанаттары, т.б., кейде адам да, аралық иесі – кіші тоспаұлу денесінде тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет