Жалпақ құрттардың негізгі сипаттамалары неде? Жалпақ құрттарды ішек қуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа не пайда болады



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі23,73 Kb.
#119464
1   2   3   4   5
Байланысты:
КУРТТАР

Таспа құрттар класы

Жармасқақ


Бұлар – әсіресе жануарлардың және адамның ішкі мүшелерінде паразиттік ететін эндопаразит жәндіктер. Олардың денесі жалпақ, таспа тәрізді болғандықтан, класс таспа қарттар деп аталған. Паразиттік тіршілікке ерекше бейімделген құрттың бірі – сиыр цепені. Ересек цепень (жармасқақ) – адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның, яғни сиырдың денесінде дамиды. Бұл жәндік ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жармасып алады, сондықтан жармасқақ деп аталған. Дененің алдыңғы бөлігінде қысқа мойынды басы болады. Басында 4 дөңгелек сорғыштары бар. Дененің сыртын сірқабық қаптайды. Жүйке жүйесі басында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіл, екі желілі жүйке құрттың денесін құйрығына дейін бойлай созылады. Оның көзі, асқорыту және тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі болмайды. Зәршығару жүйесі дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәршығару түтіктерінен қүралады. Сиыр цепені – гермафродит жәндік. Сиыр ңепенінің тіршілік әрекеті өте күрделі. Ол денесінде жүмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі – қармақшалы дернәсіл; екіншісі – таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі – финна. Ересек таспақұрт негізгі несі – адам денесінде өмір сүреді. Жалпақ құрттар – сула, топырақта, ағзалар денесінің сыртылда және ішінде тіршілік ететін омыртқасыз паразит жәндіктер. Бұлардың еркін тіршілік ететін түрлері ұсақ шаяндар, құрттар және судағы жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар, жануарлар мен өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады. Халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді.
Сонымен бірге таспа-құрттардың барлығы жануарлар мен адам өміріне зиян келтіреді. Ішекте өмір сүретін паразиттер – эндопаразиттер. Ал ағза денесінің сыртылда паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер эктопаразиттер деп аталады.Денесі жонынан қүрсағына қарай ығысып, жалпақ болғандықтан, құрттардың бүл типі жалпақ құрттар – ең алғашқы денесі үш қабаттан: эктодермамезодерма және энтодермадан түзілген екі жақты симметриялы жәндіктер. Жүйке жүйесі – басында жинақталған жүйке түйіні бар. Зәршығару жүйесі қарапайым құрылыста болып келеді. Артқы аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың барлығында қантарату, тынысалу жүйесі де мүлде болмайды. Олар бүкіл денесі арқылы тыныс алады. Еркін суда жүзіп өмір сүретін жалпақ құрттар – жыртқыштар, ал паразиттік жолмен тіршілік ететіндерінде асқорыту жүйесі жойылған. Бұлар – қос жынысты жәндіктер. Паразит ағзалардың тіршілік әрекет айналымы күрделі. Олар екі неде – алғашқы (тұрақты) және екінші (аралық) неде өмір сүрелі. Алғашқы неде паразит құрттардың жыныстық жолмен көбейетін ұрпақтары, аралық неде дернәсілдік ұрпақтары тіршілік етеді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет