Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер


А. Құнанбаев «Отыз үшінші» қарасөзі



бет15/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама

А. Құнанбаев «Отыз үшінші» қарасөзі. Абайдың «Отыз үшінші» қарасөзі. Қарасөзді оқу, талдау. Көтерілген мәселелер. Қарасөзде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы. Жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі. Қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық,
тамыршылдық кеселдерінен сақтануды ескертуі. Қарасөздің бүгінгі күндегі маңыздылығы, тәрбиелік мәні. (1 сағат.)
А. Құнанбаев «Түбінде баянды еңбек егін салған». Абайдың кейінгі табылған өлеңдері. Өлеңді оқу, талдау. Көтерілген мәселе. Өлеңдегі ақынның жас ұрпақты еңбек етуге, отырықшылдыққа шақыруы. Оқу оқып, білім алуға, білімін халық қажетіне жаратуға үндеуі. Өлеңнің маңыздылығының өмірщеңдігі. (2 сағат.)
Абайдың Крыловтан аудармасы «Шегіртке мен құмырсқа». Абай аудармаларының қазақ халқының болмысына негізделуі. Абайдың аударма өлеңіндегі еңбекке деген сүйіспеншілік, жат қылықтан аулақ болу мәселесі. Абай аудармаларындағы адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынауы, шенеуі. Аударманың тәрбиелік маңыздылығы. (1 сағат.)
А. Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға». Өлеңдегі қазақ халқының саятшылық өнерінің насихатталуы. Құсбегілік, аңшылық өнердің бүгінгі таңдағы өзектілігі. Абайдың суреткер әрі реалист ақын ретінде танылуы. М.Әуезов өзінің «Абай Құнанбаев» атты монографиясындағы өлеңге берген бағасы. Өлеңнің өрнегі мен жаңалығы, тек қазаққа тән ұлттық сипаты. Өлеңнің бай поэтикалық тілі. (2 сағат.)
Шығармашылық жұмыс. Тарау бойынша оқушылардың алған білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру. Абайдың өлеңдері негізінде сызба, постер қорғау. Поэзия сабағын ұйымдстыру. Ақын шығармашылығы негізінде эссе, кіші зерттеу жұмыстары, мақала, баяндама жазуға машықтандыру. Абайға арнап жас ұрпақтың атынан хат жаздыру.
Оқушыларды өлең жазуға баулу. (1 сағат)

ІІІ бөлім. Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма (10 сағат)


М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы («Қияда» тарауы). М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Қияда» тарауының идеялық мазмұны. Абайдың өміріндегі елеулі өзгерістер. Әке атануы. Құнанбайдың үш міні. Абай жауабы. Абайдың азаматтық, сыншылдық көзқарасының толысуы.
Шыңға шыққан жас шынар. (2 сағат.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет