Жалпы білім беретін мектептердің 2-11-сыныптарының (оқыту қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде) білім алушыларына арналған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» тақырыбында диктант жазуды ұйымдастыру туралы ереже



бет17/18
Дата23.12.2021
өлшемі36,96 Kb.
#128194
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Диктант мәтіні

10-сынып
Тәуелсіздік- ел тұғыры
Тәуелсіздік – еліміздің жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Бүгінгі күннің жетістіктері осы тәуелсіздіктің арқасында келді. Елдің әл-ауқатын көтеріп, мәдениетіміз бен мемлекеттік тілімізді дәріптеуге Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Ә.Назарбаев қажырлы еңбек сіңірді.

Еліміздің тарихындағы жаңа дәуір өзінің бастауын Тәуелсіздіктен алады. Сондықтан Тәуелсіздік мерейтойы ерекше мәнге ие. Бүгінде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.

Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс. Ол – ауыл шаруашылығында, өндірісте, өнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген кез келген отандасымыздың сапалы еңбек етіп, ел игілігін арттыруы деген сөз. Азаматтарымыздың адал еңбегі, елге деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ. Бүгінгі уақыт – елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналуы тиіс.

Тәуелсіздік –дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, алтын діңгегі, халықтың бақыты.(119 сөз)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет