9-сынып
Бірлік пен ынтымақ елі
Қазақстан– бірлік пен ынтымақтың атамекені. Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Халық туралы білу үшін, алдымен, оның тілін, салтын, тарихын, ұлы адамдарын білу керек. Елдің тарихи тұлғаларының өмірін, ойларын, ісін білсең, қазақстан халқы туралы білгенің.
Әл-Фараби былай деген: «Адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болмақ».
Қазақстан халқы – қайырымды, қонақжай ел. Шексіз мейірімді, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын халық.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде көптеген ұлт өкілдері бір-біріне көмектесіп, өзара тату, ынтымақпен тұрады. Бұл мемлекетіміздің басты ұстанымы.(98сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |