Жалпы білім беретін мектептердің 2-11-сыныптарының (оқыту қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде) білім алушыларына арналған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» тақырыбында диктант жазуды ұйымдастыру туралы ереже


-сынып Тәуелсіздік – басты құндылығымыз



бет9/18
Дата23.12.2021
өлшемі36,96 Kb.
#128194
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Диктант мәтіні

10-сынып
Тәуелсіздік – басты құндылығымыз
Тәуелсіздік күні ерекше тарихи маңызы бар ұлттық мереке. Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр.

Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы болған тәуелсіз ел болу бақытын көру біздің замандастарымызға бұйырды.

Экономикалық дағдарыс, тұрақсыздық пен тоқырау кезеңінде Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Ә. Назарбаев қазақстандық қоғамды басқарудың дара жолын айқындады. Ұлттық ерекшеліктерімізді, шетелдік озық тәжірибені терең зерделей отырып, жас мемлекетті дамытудың жаңа бағыттары қарастырылды. «Ынтымағы жарасқан елдің ұпайы түгел» демекші, бірлігі бекем ел барлық қиындықты еңсерді.Сан ғасыр бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғалған қасиетті жерімізді сақтау, тәуелсіздігімізді нығайту – жастарға аманат.

Бүгінде тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір-салттары да ерекше.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жасампаздық пен өрлеудің, өркендеудің жаңа белесіне айналуына бәріміз мүдделіміз. Еліміздің тұғыры мығым, мерейі үстем болсын! (129сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет