«Шешендік өнер»
арнайы курс күнтізбелік-тақырыптық жоспары
(8-сынып, аптасына 1сағат, барлығы 34 сағат)
р/с
|
Тақырыптың аты
|
Сағат саны
|
Өткізілу түрі
|
Білім қазынасы
|
бар-лығы
|
лек-
ция
|
прак-тика
|
лекция
|
Шешендік өнер жайлы мағлұмат алады
|
1
|
Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеті, шешендік өнер туралы түсінік.
|
1
|
1
|
|
лекция
|
Шешендік өнердің мәні ұғындыры-
лады
|
2
|
Риторика - өнер падишасы..
Қазақ шешендік өнерінің ерекшелігі
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Сөз өнері туралы қанатты сөздер мен мақалдар жаздыру
|
3
|
Орхон-Енесей жазуындағы көркемдік шешендік сөздер
|
1
|
1
|
|
жаттығу жұмысы
|
Мәнерлеп оқу, ізденіп оқуға тапсырма беру
|
4
|
Тұрмыс-салт жырларындағы шешендік
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Мәнерлеп оқу тәсілін меңгерту
|
5
|
Қазақ ертегісіндегі шешендік сөздер
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Кейіпкер рөліне еніп, кейіпкер тілімен сөйлеуге дағдылану
|
6
|
М.Шаханов «Отырар» поэмасы
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Шығарма мазмұнын игеруге, мәнерлеп оқуға жаттығу
|
7
|
Алғыс, рахмет сезімдерін білдіру шешендігі
|
1
|
|
1
|
пысық-тау жат-тығуы
|
Жатқа тілек сөз айту, алған білімдерін тәжірибеде қолдану
|
8
|
«Тілім менің – досым менің»
|
1
|
|
1
|
шығарма
|
жаттығу жұмысы
|
9
|
Бата шешендігі
|
1
|
|
1
|
|
Мәнерлеп жатқа айту
|
10
|
Тілек шешендігі
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Алған мәліметтерін тәжірибеде пайдалана
білу
|
11
|
Туған күн мерекесін өткізуге дайындық («жүргізуші» қабілетін сынау)
|
1
|
|
1
|
пысық-тау жаттығу-лары
|
Мәнерлеп жатқа айту
|
12
|
Шешендік өнерге тән басты сипаттар:
1) Ұшқырлық, тапқырлық, шешендік
|
1
|
|
1
|
пікірта-лас
|
Төле бидің шешендік сөздерін жаттау
|
13.
|
2) Сөздегі мағына тура және ауыспалы, астарлы сөз
3) Сөздегі ұйқас
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Қазыбек,Әй-теке бидің шешендік сөзін жаттау
|
14
|
Тапсырмалармен жұмыс
|
1
|
|
1
|
тест
жұмысы
|
Шешендік сөздің түрін ажырата білу
|
15
|
Сөздегі жұмбақ. «Ақтайлақ бидің шешендігі»
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Шығарма мазмұнын меңгерту
|
16
|
Батырлар жыры мен лиро-эпос жырындағы шешендіктің шебер үлгісі
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
«Ер Тарғын» жырын рөлмен оқу
|
17
|
Аңыз әңгімедегі шешендік қисын
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Қорқыт ата туралы аңыз- ды білу, талдау
|
18
|
Ақындықтағы тапқырлық, сөз шеберліктері. Бұқар, Махамбеттердің әрі ақын, әрі жырау екендігі.
|
1
|
1
|
|
Ішінара зерттеу, өзіндік жұмыс
|
Ақын-жыраулар-дың шығар-машылы-ғына тоқталу
|
19
|
Абай шешендігі
|
1
|
1
|
|
Жоба-лар, тақырыпты қор-ғау
|
Абай әлеміне тереңірек үңілу, презентация-лық слайдтар әзірлеу
|
20
|
«Бір ауыз сөз»
|
1
|
|
1
|
шығарма
|
Өз ойын, тіл көркемдігін жеткізе білу
|
21
|
М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасындағы «Билер» сценасын оқып үйрену
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Үзіндіні жатқа айтқызу, саханалық қойылым көрсету
|
22
|
Шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Оның ақындық, жыраулық поэзияға тән үндестігі (Қазбек пен Қалмақ ханы, Абылай ханның шешендігі)
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Саханалық қойылым қоюға, түсініп, мәнерлеп тапқыр сөйлеуге машықтану
|
23
|
М.Мақатаев «Райымбек» поэмасы
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Мәнерлеп оқу
|
24
|
Айтыстағы тапқырлық, аталы сөз үлгілері. «Жар-жар», «Жарапазан», «Жұмбақ» айтысы және оның зерделікке тәрбиелеудегі мәні.
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Жатқа айту
|
25
|
Естірту мен көңіл айту. А.Байтұрсынов
23 жоқтау өлеңдерін оқу және талдау.
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Мәнерлеп оқу, өзіндік пікірін айтуға үйрету
|
26
|
Жас нәрестеге тілек айту
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Алған тәжірибесін қолдануға үйрету
|
27
|
Жолаушыға, оқуға түскенге т.б. тілек, құттықтау сөз айту
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Алған мәліметін пайдалану, сөз сазын келтіріп сөйлеуге дағдылан-дыру
|
28
|
Дауыс мәнеріне қарап, көңіл-күйді ажырату
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Мәнерлеп сөйлеу дағдысын үйрету
|
29
|
Сөйлеушінің жүріс-тұрыс мәдениеті және оның сөз өнерінің түрімен байланысы
|
1
|
|
1
|
пікірта-лас
|
Жеке тұлғаның қалыптасуы-на бағыт беру
|
30
|
Қазақ тілінің беделі мен болашағы (Тілге жасаған «реформалар» т.б.)
|
1
|
|
1
|
пікірта-лас
|
Өзіндік еркін ойын айтуға машықтан-дыру
|
31
|
А.Байтұрсыновтың «Маса» жинағындағы мысал сөз кестесі
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Теория мен практиканы ұштастыру
|
32
|
«Шешендік өнер сабағынан алған әсерім» ой бөлісу. Шешендік сөз бойынша композициялық қойылым әзірлеу
|
1
|
|
1
|
жинақ-тау, қорыту
|
Ойын қағаз бетіне түсіріп, шығармашы-лықпен айналысады.
|
33
|
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»
|
1
|
|
1
|
сайыс
сабақ
|
Шешен сөйлеуге машықтана-ды
|
34
|
Жылдық қорытынды
|
1
|
|
1
|
сынақ
|
Тест жұмысын алу
|
|
Барлығы:
|
34
|
|
|
|
|
Ақпараттық-әдістемелік бөлім
7-сыныпқа арналған «Шешендік өнер» таңдау курсы түсінік хатта көрсетілгендей, мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарламадағы тарауларға орай, тақырыптар ақын шығармашылығын меңгеруге, шешендік өнердің құдіретін, шешендердің сөз саптауын түсініп оқуға, танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы теориялық білім мен тәжірибені өзара байланыстырып қарастыруға, «Шешендік өнер» курсын толық меңгеруге көмектеседі. Шешендік өнерді меңгеру үшін арнайы тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар, шешендік сөзден үзінді жаттау, ізденіп оқу жұмыстары беріледі. Тапсырмалар берудегі мақсат :
1) Алдымен шешендік сөз ұғымын оқушы санасына жеткізу. Шешендік сөз – халқымыздың өмір сүрген ортасы, тұрмыс-тіршілігі, ой елегінен, өткізген, ұрпақ санасына сіңімді, теңдесі жоқ көркем сөз қазынасы екенін ұғындыру;
2) Шешендік сөздерді айтушылар кімдер? Олар - билер, шешендер, көпті көрген өнегелі адамдар, сөз зергерлері. (Мысалдар арқылы бұрын білетіні еске түсіріліп, түсініктерін кеңейту);
3) Шешендік сөздердің мазмұны мен оқиғалары. Шешендік сөздер үлгілері, оны талдау;
4) Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні. (Бүгінгі өмір көріністерімен байланысы);
Оқушылардың білім мен білік дағдыларына қойылатын басты талаптар:
оқудың негізгі түрлері – сөздерді, сөйлемді тұтас оқу, шапшаң оқу, пайымдап (түсініп) оқу;
әр түрлі мәтіндердегі сөздің мәнін түсініп, өзіндік пікірін, болжамын, ой-тұжұрымын өзіндік; сөз өрнегімен жеткізе білуге үйрету;
актерлік өнерге бейімдеп, сахналық қойылым түрін қоюға жаттықтыру;
жеке тұлғаның өзін -өзі тануына жол ашу;
Білім деңгейін анықтайтын өлшеуіштер
Қорытынды сабақ сынақ сабақ негізінде құрылады.
Сынақ сабағында әзірлік мынандай негізде құрылады.
Сынақтың міндеті мен мақсатын саралау;
Оқушыларға тапсырма мен сөйлейтін тақырыптарын бөліп беру;
Оқушылардың пікір-таласын тудыратын сұрақтарды әзірлеу;
Сынақ сабағы оқушылардың білімін тереңдете түседі, жауапкершілігін арттырады, берілген сұраққа тез арада толық және дәйекті жауап беруге дағдыланады.
«Шешендік өнер» курсын игертуде таным-қабілетін бағалау үшін «5» балдық жүйені пайдалануға болады.
«5» бағасы – курс барысында игеруге тиіс материялды толық меңгеріп, дәл, логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
«4» бағасы – курс барысында игеруге тиіс материялды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
«2» бағасы – оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады.
Бағалауда төмендегідей ерекшеліктерге назар аударған жөн:
оқушының шығарманы түсініп, мәнерлеп оқуына;
талапқа сай, нақышына келтіріп айта білу шеберлігін қалыптастыру;
шешендік өнерді толығымен игеруіне;
қосымша әдебиеттер мен көркемсөз оқу байқауына қатысуына;
шығармашылық, ізденіс жұмыстарымен айналысуына баса назар аударған жөн;
Ауыз әдебиетінің бай мұрасы тұрмыс-салт жырларындағы аталы сөзге тоқтау, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты шешендік сөздерді, халық педегогикасы пәнімен, жұмбақтап айтылатын шешендіктің түйінін шешуді логика ғылымымен байланыстыруға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Адамбаев Б. Шешендік сөздер. Алматы, 1992
2. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1999
3. Негимов С. Шешендік сөздер. Алматы,1996
4. Адамбаев Б. Халық даналығы. Алмат, 1996
5. Аристотель. Риторика. Москва, 1981
6. Қ азақтың би-шешендері. Алматы, 1995
7. Есхожин І. Шешендік шиырлары. Алматы, 1993
8. Шешендік сөздер жинағы Алматы 2000ж.
9. Қазақ тілі мен әдебиеті №5 2001.
10. Қазақ тілі мен әдебиеті №1 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |