Жалпы білім беру ұйымда-рындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері



Дата08.02.2022
өлшемі18,3 Kb.
#120142
Байланысты:
ИББ 6 практикалық сабақтың тақырыбы


Жалпы білім беру ұйымда-рындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері.

БҰҰ құрылған күннен бастап (1945 ж.) мемлекеттердің назарын мүмкіндігі шектеулі адамдардың сапалы білім алуы қолжетімділігі мәселесіне назарын аударды. Бұл мәселелер БҰҰ бірқатар құжаттарында бейнеленген: адам құқықтарының Декларациясы (1948 ж.), білім саласында дискриминациямен (Дискриминация – (лат. Discriminatio – алалау, бөлектеу) – нәсілдік, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі ) күрес туралы Конвенция (1960 ж.), бала құқықтарының Декларация (1959 ж.), ақыл-есі кем тұлғалардың құқықтары туралы Декларациясы (1971 ж.), мүгедектердің құқықтары туралы Декларация (1975 ж.). Алғашқы рет мемлекеттер халықаралық деңгейде адамның білім алуға құқықтарын 1948 жылы қабылданған адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясында мойындады.


Адам құқықтарының Жалпы декларациясының 26 бабында айтылған: «Әр адам білім алуға құқылы...Техникалық және кәсіби білім беру жалпыға қолжетімді болуы керек
1959 жылдың 20 қарашасында Біріккен Ұлттар Ұйымының қарастырылған келесі принциптер көрсетілген:
физикалық, психикалық немесе әлеуметтік тұрғыдан жетілмеген бала, тәртіппен білім беру және күтіммен қамтылуы тиіс.
Бала тегін және міндетті білім алуға құқылы; алғашқы кезеңдерде балаға, оның жалпы мәдени дамуына әсер етіп, тең мүмкіндіктер негізінде білім берілуі тиіс.

1960 жылы ЮНЕСКО өзінің білім саласындағы дискриминацияға қарсы күрес туралы Конвенциясын қабылдады.
1971 жылы қабылданған ақыл-есі кем тұлғалардың құқықтары туралы Декларацияда көрсетілген:
ақыл-есі кем тұлға мүмкіндігінше максималды деңгейде басқа адамдар сияқты өз құқықтарын іске асыра алады.
Ақыл-есі кем тұлға тиісті медициналық қызмет пен емделуге құқылы, , білім алуға, оқуға, құқылы.
Ақыл-есі кем тұлға материалдық қамтылуға және қанағаттанарлық өмір сүру деңгейін қол жеткізуге құқылы.
Бүкіл әлемдік бағдарламаның 124 пунктінде қарастырылған: «егер жалпы мектептік жүйенің мүмкіндіктері қандай да себептерге байланысты кейбір мүгедек-балаларға жеткіліксіз болса, онда бұл балалар нақты уақыт бойы арнайы мекемелерде оқуы тиіс.
1990 жылы мүгедек-балаларға, қиын жағдайларға тап болған балаларға назар аударылып, қамқорлық пен қолдау көрсету міндеттерін атқару үшін балалардың өмір сүруін, қамту туралы Бүкіл Әлемдік декларация қабылданды. Бұл декларацияға қол қойған мемлекеттер сауатсыздық деңгейін төмендетіп, баланың жынысы мен тегінен тәуелсіз, білім алуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды орындау міндетін өздеріне жүктеді.
Балалардың білім алуға құқықтары Қазақстан Республикасының Коституциясында - «ҚР бала құқықтары туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарында - «Білім алу туралы», және т.б. қарастырылған. Осы құжаттар негізінде мемлекет әр баланың ұлтына, дініне, денсаулық қалпына қарамастан тегін жалпы білім алу құқығын қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет