Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет55/76
Дата23.10.2016
өлшемі12,18 Mb.
#77
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76

7. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      54. Пәндік нәтижелер. 5-6 сыныптың соңында оқушылар:


      1) тарих пәнін, археологиялық және жазба деректерді;
      2) ауа-райының адамдардың өміріне және шаруашылық қызметіне әсерін;
      3) уақыт сызығын, тарихтағы жыл санауды;
      4) алғашқы адамдардың тұрақтарын;
      5) ежелгі Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды, тарихи тұлғаларды;
      6) тарихи Отан ұғымын;
      7) Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді;
      8) мемлекет, мемлекеттік рәміздер тарихы туралы білуі тиіс.
      55. 5-6 сыныптың соңында оқушылар:
      1) жыл мен ғасыр арақатынасын, тарихтағы жыл санаудағы ұзақтық пен жүйелілікті орната білуді;
      2) картадан тарихи объектілерді көрсете білу, географиялық жағдайды сипаттай алуды;
      3) ежелгі адамдардың кәсібін, өмірі мен тұрмысын суреттей алуды;
      4) ежелгі сәулет және өнер ескерткіштерін суреттей білуді;
      5) Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпалардың өзара байланысын талдауды;
      6) оқу материалдарының мазмұнын өз сөзімен әңгімелеуді, тарихи оқиғаға өз бағасын бере білуді;
      7) оқулықтағы мәтінінен негізгісін таба білуді;
      8) мәтін мазмұнына сай қысқаша жоспар құра білуді;
      9) тарихи терминдерді қолдану және оларды түсіндіре білуді;
      10) басқа оқушылардың жауаптарына өз көзқарасын білдіруді меңгеруі тиіс.
      56. 7-8 сыныптың соңында оқушылар:
      1) ортағасырлар кезеңіндегі Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуын;
      2) Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің құрылуы мен дамуының ерекшеліктерін;
      3) монғол және жоңғар шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрестегі, мемлекеттің сыртқы саясатындағы, негізгі фактілер мен оқиғаларды;
      4) Қазақстан халқының мәдениеттегі жетістіктерін;
      5) ортағасырлар кезеңіндегі негізгі тарихи ескерткіштерді;
      6) жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының хронологиялық шегін;
      7) ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайын;
      8) қоғамның әлеуметтік құрылымы мен басқару жүйесін, шаруашылығын;
      9) ұлт – азаттық қозғалыс тарихындағы маңызды оқиғаларды;
      10) ұйғырлар мен дұңғандардың Жетісуға қоныс аударуының себептерін;
      11) ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан мәдениетін білуі тиіс.
      57. 7-8-сыныптағы оқушылар білуі тиіс:
      1) орта ғасырлардағы халықтың өмірі мен тұрмысын мазмұндауды;
      2) тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге талдау жасай білуді;
      3) түрлі деректерден тарихи ақпараттарды іздестіре білуді;
      4) хронологиялық, синхронды кестелер жасауды;
      5) орта ғасырлардағы қалалардың экономикалық, саяси және мәдени дамуын түсіндіре білуді;
      6) адамзат дүниетанымының қалыптасуындағы діннің рөліне баға бере білуді;
      7) қоғамның мәдени және рухани дамуында ислам рөліне баға беруді;
      8) мәтінді талдау, негізгісін анықтай білуді;
      9) оқу мәтініне жоспар жасай білуді;
      10) маңызды тарихи оқиғаларға, тарихи қайраткерлерге, әлеуметтік топтарға мінездеме бере білуді;
      11) күнделікті мәселелерді шешуде алған білімдерін пайдалана білуді;
      12) аргументті түрде өз ұстанымын дәйекті дәлелдей алуды;
      13) хабарламалар мен баяндамаларды орындауды;
      14) тақырыпты оқып меңгеруі барысында тарихи картаны пайдалануды;
      15) берілген тақырыптың мазмұнына конспект құра білуді;
      16) тест сұрақтарымен жұмыс істеуді;
      17) өздігінен қосымша материалдар іздеуді (интернет, кітапхана және т.б.) меңгеруі тиіс.
      58. 9-сыныптың соңында оқушылар:
      1) отан тарихының біртұтастығы мен жүйелілігін сипаттайтын негізгі фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды;
      2) Отан тарихының кезеңдерін;
      3) Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктері мен оның әлемдік қауымдастықтағы рөлін;
      4) тарих беттеріндегі ақтаңдақтарға қазіргі көзқарасты;
      5) қазіргі қоғамдық үдерістердің тарихи шарттылығын;
      6) Қазақстанның Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы тарихи дамуын, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі және Азамат соғысы туралы;
      7) «әскери коммунизм» мен жаңа экономикалық саясаттың саяси мәнін;
      8) қазақ мемлекетінің құрылуының басты кезеңдерін, ҚазАКСР мен ҚазКСР-ның құрылуын;
      9) Қазақстанда индустрияландыру мен ұжымдастырудың барысы және оның қазақ халқына тигізген зардаптарын;
      10) тоталитарлық мемлекеттің қалыптасуы және ұлт зиялыларына қарсы жаппай қуғын – сүргін туралы;
      11) Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін;
      12) соғыстан кейін Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-саяси дамуын;
      13) тың және тыңайған жерлерді игеру себептері, оның Қазақстанға тигізген салдарын, Қазақстанның «тоқырау» жылдарындағы тарихын;
      14) Қазақстан Тәуелсіздігінің жариялануы туралы;
      15) Егеменді Қазақстанның дамуын білулері тиіс.
      59. 9-сыныптағы оқушылар:
      1) белгілі бір тарихи тақырып бойынша кеңейтілген әңгіме дайындай білуді;
      2) қазіргі замандағы басты оқиғалардың себебін, тарихи маңызын өздігінен аша білуді;
      3) мемлекет саясатының мәнін түсіндіре алуды;
      4) жаңа тақырыппен өздігінен жұмыс істеуді, ізденіс жұмыстарын жүргізе алуды;
      5) оқыған тақырыбы бойынша өздігінен талдау жасап, ондағы негізгі мәселені таба білуді;
      6) мемлекет тарихындағы оң және келеңсіз құбылыстарға баға бере алуды;
      7) белгілі бір мәселелер бойынша өзіндік көзқарасын дәйекті дәлелмен білдіре алуды;
      8) тест тапсырмаларымен жұмыс істей білуді;
      9) конспект, кесте, сызбалар құра білуді;
      10) тарихи деректерді (деректердің авторын, уақытын, не үшін және оның құрылу мақсатын анықтауды) талдай алуды;
      11) мәтін, карта, кесте, сызба және т.б. түрінде берілген тарихи материалдарды талдай білуді;
      12) тарихи мәліметтердегі фактілерді, пікірлерді, құжаттарды және тарихи түсініктерді айыра білуді;
      13) оқытылып отырған кеңістік және уақыт аралық аясындағы тарихи үдерістер мен құбылыстардың себеп – салдарлық байланыстарын орната білуді;
      14) тарихи мәселелерді талқылауда өз көзқарасын білдіруді, талқыланып отырған мәселеге тарихи мәліметтерді дәйектей отырып, өз ұстанымын айта білуді;
      15) тарихи материалдармен өздігінен жұмыс істеп, солардың негізінде рефераттар, конспектілер, пікір жаза білуді;
      16) қазіргі өмір жағдайына байланысты тарихи құбылыстарды саралай отырып, өз ұстанымын анықтай білуді;
      17) сырттан алынған әлеуметтік ақпараттарды сыни қабылдауда тарихи талдай білу дағдыларын қолдана білуді;
      18) өз әрекеті мен айналасындағылардың әрекетін тарихи жағдайда қалыптасқан әлеуметтік мәселеге сәйкес салыстыра білуді;
      60. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;
      2) азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;
      3) мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;
      4) туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік көрсетуден;
      5) салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
      6) өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;
      7) үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;
      8) әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.
      61. Жүйелі-іс әрекетте оқушылар:
      1) ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;
      2) ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуы;
      3) танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен қолдану әдістерін;
      4) қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;
      5) жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті қолдана білуі тиіс.

Қазақстан Республикасы   


Білім және ғылым министрінің 
2013 жылғы 3 cәуірдегі   
№ 115 бұйрығына      
41-қосымша         

Жалпы орта білім беру деңгейінің 6-9 сыныптары үшін
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. Пәнді оқытудың мақсаты: оқушыларды ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі білім негіздерін қалыптастыру.
      3. Пәнді оқытудың міндеттері:
      1) оқушыларға дүниежүзi тарихы бойынша маңызды оқиғалар мен үдерiстер және олардың өзара байланысы мен хронологиялық сабақтастығы жөнiнде жүйелi бiлiмдi меңгерту;
      2) тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және ұлттық салт-дәстүрлермен танысу барысында құндылық бағыт-бағдарды қалыптастыру;
      3) алған тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде қолдана бiлу дағдысын қалыптастыру;
      4) оқушылардың тарихи даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіне отырып, қоғам дамуындағы өзінің бағыт-бағдарын, көзқарастары мен ұстанымдарын айқындау қабілетін дамыту;
      5) дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілікке, бір-біріне құрметпен қарауға, толеранттылыққа, адам құқығы мен еркiндiгiн, демократиялық ұстанымдарын құрметтеуге тәрбиелеу;
      6) тарихи танымның бастапқы әдiс-тәсiлдерiн меңгерту, әртүрлi дерек көздерiмен өз бетімен жұмыс iстеуге үйрету;
      7) оқушыларды дүниежүзілік мәдени жетістіктерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
      8) қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық проблемаларды талдауға тарихи білімін қолдана алу қабілетін жетілдіру.
      4. Оқу жүктемесінің көлемі:
      6 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
      7 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
      8 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
      9 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
      5. «Дүниежүзі тарихын» оқыту барысында төмендегідей пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан тарихы:
      Ежелгі Қазақстан тарихы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Қазақстанның жаңа заман тарихы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер.
      2) География:
      Тарих қоғамды уақыт аясында ғана емес, сонымен қатар кеңістік аясында да қарастырады, осы тұрғыдан алғанда тарихи пәндер географиямен тығыз байланысты болады. Дүниежүзінің саяси картасында болған өзгерістерді оқытуда оқушылардың географиялық кеңістік туралы білімдері пайдаланылады
      3) Әдебиет:
      Ғылым мен мәдениет тарихының негізгі мәселелерін түсіндіргенде оқушылардың шетел, орыс және қазақ әдебиетінен алған білімдерін пайдалану қажет. Сонымен қатар оқытылып отырған кезеңнің саяси және әлеуметтік бейнесін ашатын әдеби көркем шығармалар да пайдаланылады.
      4) Қазақ, орыс, шет тілдері:
      Тарихи түсініктермен және терминдермен жұмыс істегенде оқушылардың ана тілі мен шеттілдерінен алған білім, білік, дағдылары пайдаланылады.
      5) Химия және физика:
      Мәдениет, ғылым және техниканың даму тарихын оқыту барысында оқушылардың атомдық-молекулалық ілім, бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы білімдері және әлемнің физикалық құрылымы туралы физика мен химия пәнінен алған түсініктері пайдаланылады.
      6) Математика: Оқушыларға хронологиялық және синхрондық кестелер жасату барысында олардың математика пәнінен меңгерген абстракциялау дағдыларын пайдалану қажет.

2. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

      6. Кіріспе –1 (сағат). Ежелгі дүние тарихы туралы түсінік. Ежелгі дүние тарихының кезеңдері. Ежелгі дүние тарихының әлем тарихындағы орны.


      7. Ежелгі Қосөзен мемлекеттері – 3 (сағат):
      Шумер және Аккад мемлекеттері. Ежелгі Қосөзен. Шумерлік қала-мемлекеттері. Аккад пен Ур тұсындағы Қосөзен;
      Ежелгі Вавилон. Ежелгі Вавилонның өркендеуі. Вавилон - әлемдік сауда мен мәдени орталық. Хаммурапи заңдары. Ежелгі Вавилонның құлдырауы;
      Ежелгі Қосөзен халықтарының мәдениеті. Жазудың пайда болуы. Әдебиет пен өнер. Гильгамеш туралы дастан. Сәулет өнері. Алғашқы күнтізбе. Діни наным-сенімі.
      8. Ежелгі Египет – (3 сағат):
      Египетте мемлекеттің қалыптасуы. Ніл алқабының табиғат жағдайы, халқы. Египеттегі алғашқы мемлекеттер. Патшалар билігі заманы. Перғауындар;
      Ежелгі Египеттегі әлеуметтік құрылым. Египеттегі үстем тan өкілдерінің билігі. Құлдар және олардың шаруашылық өмірдегі ролі. Эхнатон реформалары;
      Египеттегі ғылым мен мәдениет. Египеттегі жазу. Дін. Аңыздар. Әдебиет. Ғылыми білімдердің дамуы. Бейнелеу өнері. Сәулет өнері. Египеттіктердің тұрмысы мен діни нанымы.
      9. Азияның Оңтүстік-Батысындағы ежелгі мемлекеттер – (4 сағат):
      Ежелгі Ассирия. Ассирия мемлекетінің құрылуы мен дамуы. Урарту мемлекеті. Ежелгі Ассирия мәдениеті;
      Ежелгі Хетт патшалығы. Кіші Азияның табиғаты. Хетт патшалығының құрылуы. Хеттердің өмірі мен тұрмысы. Мәдениеті;
      Ежелгі Финикия мен Палестина. Финикиядағы қала-мемлекеттерінің дамуы. Израил-иудейлік мемлекет. Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі мәдениеті;
      Ежелгі Парсы патшалығы. Парсы патшалығының құрылуы. I Дарийдің ел басқаруы және оның жорықтары. Заратуштра ілімі.
      10. Орталық Азиядағы ежелгі мемлекеттер – (6 сағат):
      Ежелгі Бактрия. Бактрияда мемлекеттің қалыптасуы. «Мың қала елі». Тәуелсіздік үшін күрес. Мәдениеті;
      Кушан патшалығы. Кушан патшалығының құрылуы және басқа елдермен сауда қарым-қатынасы. Патшалықтың күшеюі. Басқыншыларға қарсы күрес, мемлекеттің ыдырауы. Кушандық өнер мен мәдениет. Діни наным-сенім;
      Парфия патшалығы. Парфия патшалығының құрылуы, басқару жүйесі. Көшпелілер мен парфиялықтардың қарым-қатынасы. Рим - Парфия соғысы;
      Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы күресі. Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайынның) Орта Азияға басып кіруі, оған қарсы күрес. Спитаман - даңқты басшы. Орта Азия халықтарының басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы;
      Қайталау – (1 сағат).
      11. Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия – (5 сағат):
      Ежелгі Үндістан. Ежелгі қалалар мен елді мекендер. Үнді мемлекетінің құрылуы. Әлеуметтік қатынастар. Шаруашылығы;
      Ежелгі Үнді мәдениеті. Ғылыми білім негіздері. Әдебиет пен өнер. «Махабхарата» және «Рамаяна» дастандары. Ману зандары. Будда діні;
      Ежелгі Қытай. Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы. Қоғамдық кұрылысы мен шаруашылығы. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және маңызы; Басқыншылық жорықтар мен халық көтерілістері. Ежелгі Қытай мемлекетінің ыдырауы;
      Ежелгі Қытай мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті. Конфуций ілімі. Сыма-Цянь - Қытай тарихының атасы. Ғылыми білім мен өнер табыстары.
      12. Ежелгі Грекия – (5 сағат):
      Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары. Ежелгі Грекияның географиялық жағдайы. Крит-Ахей мемлекеттері. Грекияның қала-мемлекеттері;
      Афины мемлекеті. Аттикадағы басқару. Афиныдағы саяси-әлеуметтік қатынастар. Грек-парсы соғысы. Грекияда Македония билігінің орнауы;
      Ежелгі Спарта. Спарта мемлекетінің құрылуының себептері мен ерекшеліктері. Илоттар. Мемлекеттік биліктің қалыптасуы;
      Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым. Ежелгі Грекиядағы ғылыми білім. Әдебиет, математика, медицина, тарих, философия. Грек тарихшылары мен философтары. Грек мектептері;
      Ежелгі Грекия мәдениеті. Грекиялық мерекелер. Олимпиялық ойындар. Гректердің діни наным-сенімі. Грек аңыздары мен мифтері. Ежелгі грек театры. Сәулет өнері. Грек мүсіндері;
      Ежелгі Македония. Жері мен халқы. II Филипп патша. Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы.
      13. Ежелгі Рим – (5 сағат):
      Патшалық және республикалық билік кезеңіндегі Рим. Апенин түбегінің табиғи-географиялық жағдайы. Қоғамдық басқару жүйесі. Римнің жаулаушылық соғыстары. Римдік және провинциялық ақсүйектер;
      Рим империясы. Императорлар билігі. Бағынышты аймақтардағы басқару жүйесі. Шаруашылық пен тұрмыс салты. Империядағы дағдарыс;
      Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Батыс Рим империясының құлауы. Империядағы ішкі қайшылықтардың шиеленісуі. Ғұндардың Батысқа жорығы. Готтар мен ғұндардың империя территориясына басып кіруі. Батыс Рим империясының құлауы;
      Ежелгі Рим мәдениеті. Римдегі білім. Рим поэзиясы мен шешендік өнер. Құқықтық жүйе. Рим қалалары және сәулет, мүсін өнерлері. Христиан дінінің шығуы. Рим мәдениетінің құндылықтары;
      Қорытынды қайталау – (1 сағат).

3. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

      14. 7-сынып, «V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін». Барлығы – 34 сағат (аптасына 1 сағаттан).


      15. Кіріспе – (1 сағат). «Орта ғасырлар» ұғымы және оның мәні. Орта ғасырлар тарихының кезеңдері мен хронологиялық шеңбері.
      16. I бөлім. Ерте орта ғасыр (V – X ғғ.) – (6 сағат).
      17. V–X ғасырлардағы Батыс Еуропа – (1 сағат):
      Герман корольдіктерінің құрылуы. Остготтық Италия. Франктердің Галлияны жаулап алуы. «Сали ақиқаты». Франктердің христиан дінін қабылдауы.Ұлы Карл империясы. Империяның ыдырауы. Империя мәдениетінің дамуы.
      18. V-Х ғасырлардағы Византия империясы және Таяу Шығыс – (4 сағат):
      Византия империясының құрылуы. Императорлар билігі. Юстиниан және оның зандары. Славяндардың, арабтардың империя территориясын басып алуы және олардың орнығуы;
      VI—X ғасырлардағы арабтар. Араб тайпалары және олардың географиялық орналасуы. Мұхаммед пайғамбар. Ислам дінінің пайда болуы және таралуы. Араб халифатының құрылуы. Халық көтерілістері. Халифаттың ыдырауы. Ислам дүниесіндегі мәдениеттің дамуы. Білім беру ici. Әдебиет. Философия. Өнер;
      Ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар. Эфталит мемлекеті. Шаруашылық пен мәдениеттің дамуы. Эфталит мемлекетінің ыдырауы. Ерте орта ғасырлардағы түркі халықтары. Түркі мемлекеттері, шаруашылығы. Көне түркі жазба ескерткіштері;
      Ерте орта ғасырлардағы славяндар. Батыс, оңтүстік славяндар, олардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы. Ежелгі Киев Русі. Ярослав Мудрый. Киев Русінің мәдениеті. Сәулет өнері.
      19. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері және ерекшеліктері–(1 сағат).
      Феодалдық құрылыстың ерекшеліктері. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері. Натуралды шаруашылық. Феодалдық бытыраңқылық. Ерте орта ғасырлардағы феодалдар. Феодалдардың замогы. Орта ғасырлардағы шаруалар, олардың тұрмысы. Феодалдық қанауға қарсы күрес.
      20. ІІ Бөлім. орта ортағасыр ( ХІ-ХV ғғ.) – (17 сағат).
      XI—XV ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері – (7 сағат):
      Орталықтанған монархиялардың құрылуы. Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің құрылу алғышарттары. Мемлекеттік басқару аппаратының құрылуы. Король өкіметі, оның қызметі. Дворяндық сослови;
      Франция. Француз жерлерінің бірігуі. Жүз жылдық соғыс. Жанна д , Арк. XI Людовик. Бас штаттар қызметі. Франциядағы абсолюттік монархия;
      Англия. Ағылшын парламенті. Англиядағы Алқызыл және Ақ раушандар соғысы. Шаруалар көтерілісі. Бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің орнығуы. Тюдорлар әулетінің билікке келуі;
      Германия. Герман жеріндегі саяси бытыраңқылық. Герман серілігі. Еркін қалалар. Германиядағы шіркеу орталықтары;
      Испания. Италия. Арабтармен күрес. Реконкиста. Испанияның бірігуі. Католиктік шіркеу. Инквизиция. Италиядағы қала-мемлекеттер. Венеция мен Флоренция. Медичидің банктік қызметі;
      XI—XIII ғасырлардағы Русь. Феодалдық қатынастардың дамуы. «Русская правда». Владимир Мономах. «Бағзы замандардың хикаясы»;
      XI—XV ғасырлардағы шаруашылық және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер. Шаруашылықтағы даму. Қолөнер. Еуропада орта ғасырлық қалалардың пайда болуы. Сауда ісі. Еуропадағы қала өмірі. Әскери өнер;
      XI—XV ғасырлардағы Еуропадағы ағарту ici мен ғылыми білімнің дамуы;
      Ғылыми білім. Ортағасырлық мектептер. Жылнамалар. Әдебиеттің дамуы. Поэзия. Орта ғасырлардағы бейнелеу, сәулет және мүсін өнері.
      21. XI–XIII ғасырлардағы христиан шіркеуі. Крест жорықтары – (1 сағат):
      Шіркеу және дін қызметкерлері. Крест жорықтары. Шіркеу – шығысқа жорықты ұйымдастырушы. Кедейлердің және рыцарьлардың Шығысқа жорығы. Кейінгі крест жорықтары. Крест жорықтарының нәтижесі мен салдары.
      22. Орта орта ғасырлардағы Азия елдері – (4 сағат):
      Жапониядағы феодалдық құрылыс. Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы және дамуы. Қалалардың дамуы. Біртұтас мемлекеттің қалыптасуы. Оқшаулану саясаты;
      Қытайда феодалдық құрылыстың орнауы. Қытайды біріктіру. Қытай империясының кұрылуы. Шаруашылық пен қолөнер. Дін. Ғылым мен білімнің дамуы. Медицина. Мәдениет пен өнер. Кітап басу ici;
      Үндістандағы феодалдық құрылыс.Үндістанда феодалдық құрылыстың орнауы. Гупта мемлекеті. Феодалдық бытыраңкылық. Дели сұлтандығы. Ұлы Моғолдар империясы. Қолөнер мен сауданың дамуы. Діни наным сенім. Ғылым мен өнер. Астрономия. Медицина. Мүсін өнері. Храмдар мен кесенелердің салынуы;
      Орта ғасырлардағы Түркия. Осман империясының құрылуы. Сұлтандар билігі. Халықтардың осман жаулап алушыларына қарсы күресі. Түрік мәдениеті. Әдебиет. Ғылыми білімдер. Қолөнер. Түрік саяхатшылары.
      23. XI-XV ғасырлардағы Орта және Орталық Азия – (2 сағат):
      Хорезмшах мемлекеті. Хорезмшах мемлекетінің қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы. Бұхара мен Самарқандағы көтерілістер. Хорезмшах мемлекетінің әлсіреуі. Орта Азия қалалары. Қалалардың мәдени және ғылыми орталыққа айналуы;
      Ғылыми білімдердің дамуы. Көрнекті ғұламалар. Әдебиеттің дамуы. Ұлықбектің астрономиялық мектебі. Әбу-Райхан Бируни. әл-Хорезми. Әбу-Әли ибн-Сина. Әдебиет. Ә. Фердоуси. А. Рудаки. Ә. Науаи. Омар Хайям. Рашид-ад-Дин. «Жылнамалар жинағы». Әбу Насыр әл-Фараби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұн, М. Дулати, Қ. Жалайыри. «Манас» эпосы. Сәулет, сурет өнері және көркемөнер.
      24. Монғол-татар шапқыншылығына қарсы халықтардың күресі–(2 сағат):
      Монғол-татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылық. Русьтегі феодалдық бытыраңқылық. Жеке князьдіктердің құрылуы. Орта Азия жеріндегі мемлекеттердің бірте-бірте әлсіреуі;
      Монғол-татар шапқыншылығы. Монғол мемлекетінің құрылуы. Қоғамдық-саяси құрылысы. «Жасақ». Шыңғыс хан әскерлерінің Қазақстан, Орта Азия және Закавказьеге басып кіруі. Батый әскерлерінің Руське шабуылы. Алтын Орданың құрылуы. Халықтардың жаулап алушыларға қарсы күресі;
      Қайталау – (1 сағат).
      25. ІІІ Бөлім. Кейінгі орта ғасыр (XV—XVII ғасырлардың ортасы) – (10 сағат).
      26. Еуропа мемлекеттері – (5 сағат):
      XVI—XVII ғасырдың ортасындағы Англия. Өндірістің дамуы. Мануфактура. Ағылшын абсолютизмі. Тюдорлар билігі. Ирландияны отарлау;
      XVI—XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Франция. Экономикалық дамуы. Өнеркәсіп және сауда. Азамат соғыстары;
      XVI—XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Германия. Экономикалық жағдайы. Реформация және шаруалар соғысы. Князьдар арасындағы қырқыстар. Ауссбург бітімі;
      Кейінгі орта ғасырлардағы Испания, Нидерланды, Италия. Мемлекеттік құрылымы мен экономикалық жағдайы. Нидерланд буржуазиялық революциясы. Савонарола;
      XV ғасырдың аяғы — XVI ғасырдың басындағы географиялық ашулар. Географиялық ашулардың алғышарттары. XV ғасырдағы Америка халықтары. Майялар, Ацтектер және Инктердің мәдениеті. Колумбтың Американы ашуы. Васко да Гама.Ұлы географиялық ашулардың нәтижелері.
      27.Орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы және Алтын Орданың құлауы (XV-XVI ғғ.) – (2 сағат):
      Орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуі. Орыс жерінің экономикалық және саяси дамуы. Алтын Орданың әлсіреуі. Куликово шайқасы. Ресейде орталықтанған мемлекеттің құрылуы. Опричнина. IV Иван Грозный;
      XVII ғасырдағы Ресей. Ресейдің ішкі және халықаралық жағдайы. Борис Годуновтың таққа келуі. К. Минин мен Д. Пожарский. Романовтардың таққа отыруы. XVII ғасырдағы орыс халқының мәдениеті. Әдебиет пен өнер. Мүсін және бейнелеу өнері.
      28.XV ғасырдың аяғы – XVII ғасырдың алғашқы жартысындағы Еуропа халықтарының мәдениеті – (2 сағат):
      Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің тууы. Италия - қайта өрлеу мәдениетінің орталығы. Леонардо да Винчи. Микеланджело. Рафаэль Санти. Бейнелеу өнеріндегі гуманизм. Альбрехт Дюрер. Рембрандт. Диего Веласкес;
      Еуропа халықтарының ағарту ici мен әдебиеті. Ақсүйектік білім беру. Гуманист жазушылар: Томас Мор, Франсуа Рабле, Вильям Шекспир, Мигель Сервантес. Ғылыми білімнің дамуы. Джордано Бруно. Николай Коперник. Галилео Галилей;
      Қорытынды қайталау – (1 сағат).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет