Байланысты: О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м
Нашар көретін балалар. Бұл балалар көруі төмен немесе нашар көру мен қалыпты көру аралығындағы, яғни, көру өткірлігі түзете отырып жақсы көретін көзде 0,5 (50%) пен 0,8 (80%) аралығында болады [11].
Қызметтік бұзылыстары бар балалардың көп бөлігін амблиопия мен қылилығы бар балалар құрайды.
Көру қабілетінің нашарлауы әртүрлі болуы мүмкін және көзілдірік киюге қойылатын талаптар әртүрлі болады.
Көру қабілеті нашар балалардыңжұмыс қарқыны баяу, көздің шаршауы жоғары, сондықтан жиі демалуды қажет етеді.
Берілген топтың білім алушыларына
-жалпы және көру арқылы жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі;
-табыстылығы көру қызметінің жағдайымен анықталатын заттық-практикалық әрекеттердің баяу қалыптасуы;
-өлшеу дағдыларын меңгеруде, көру-моторлы координациямен көру-кеңістіктік талдау мен жинақтауға байысты тапсырмаларды орындаудақиындықтар туындауы;
-көру қызметінің төмендеуі және әртүрлі клиникалық көріністеріне байланысты ғана емес, сондай-ақ көру арқылы қабылдау мен психомоторлы құрылымдардың жеткіліксіз дамуының салдарынан сезімдік тәжірибенің аздығы;
-қозғалыстық белсенділіктің төмендігі және дене дамуының өзіндік ерекшеліктері (қозғалыстардың үйлесімі, нақтылығы, көлемінің бұзылысы, көз, бас, дене, қол және т.б. қозғалысы байланысының бұзылуы).
-сөйлеу тілінің өзіндік даму ерекшелігі;
-тілдік (фонематикалық құрам, сөздік қор, грамматикалық құрылым) және тілдік емес (мимика, пантомимика, интонация) қарым-қатынас құралдарын меңгерудегі, коммуникациялық әрекетті (қарым-қатынас құралдарын қабылдау, өңдеу) жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтардың болуы;
-жалпы және танымдық белсенділіктің төмендеуінен әр түрлі әрекет түрлерінің, ең алдымен сенсорлы-перцептивті дамуының қиындығы;
-орындалатын әрекеттердің сапасымен, дағдылардың машықтануы, орындалатын әрекетті көру арқылы қадағалауға байланысты қиындықтардың болуы .
Баланың көру жағдайы туралы офтальмолог дәрігердің қорытындысымен танысу керек. Егер көзілдірікті үнемі тағу жазылса, баланың сол талапты орындауын қадағалау керек.
Баламен терезенің маңында жарыққа қарама-қарсы тұрып сөйлесу ұсынылмайды.
Педагогке көру қабілеті бұзылған бала жақсы қабылдайтын ашық түсті киім кию ұсынылады.
Көру қабілеті бұзылған балалардың жұмыс қарқыны баяу болғандықтан, оларға тапсырма орындауға көбірек уақыт берген жөн.
Трафаретпен сурет салу, штрихтеу, микрокеңістікте (қағаз бетінде) бағдарлау дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу ұсынылады.
Әрекет түрлерін ауыстырған кезде көз талуын кетіруге арналған жаттығуларды пайдалану, көздер үшін өзіндік тынығу болып табылатын динамикалық кідірістерді білім беру процесіне қосу ұсынылады.
Әрекет түрлерін алмастыруда көздің шаршауын басу үшін жаттығуларды қолдану, көзге тынығу болып табылатын динамикалық үзілістерді оқу-тәрбие жұмысына қосу ұсынылады.
Көрнекі және үлестірмелі материал үлкейтілген, түсі мен бейнесі бойынша жақсы танылатындай болу керек.
Көру қабілеті бұзылған бала сабақта кім сөйлеп жатқанын түсіну үшін әрбір білім алушының атын атау ұсынылады.
Күн сәулесінің тура түсуін болдырмау үшін білім алушыны сыныпта табиғи жарық түсетін аймаққа орналастыру, үй-жайда шуды және визуалды сыртқы қоздырғыштарды төмендетуге қол жеткізу ұсынылады.
https://nao.kz/loader/fromorg/2/26